Червякті берілістер. Өзара айқасатын біліктер арасында (әсірісе перпендикулярмен айқасатын біліктер) қозғалысты беруге червякті берілістер қолданылады (1 сурет). Червякті берілістің қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан червякті берілісте тісті берілістің, сондай-ақ винтті берілістің қасиеттері бар. Доға формалы етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.
3 сурет. Червякті беріліс: 1 - червяк; 2 – червякті дөңгелек
Червякті берілістің тісті берілістен артықшылығы: беріліс санының көптігі; бір қалыпты және дыбыссыз жұмыс істеуі; өздігінен тежеу қабілеттілігі; көлемі мен салмағының аздығы.
Кемшіліктері: сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан; пайдалы әсер коэффициенті төмен; тез қызады, пайдалы әсер коэффициентінің аздығынан қуаттың біршама бөлігі жылуға айналып кетеді; антифрикционды қымбат материалдарды қолдануға мәжбүр етеді, олар да үйкеліс күшін азайту үшін керек; жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктарды қажет етеді; пайдалы әсер коэффициенті аз болғандықтан өте көп қуат беруге жарамайды.
Белдікті беріліс деп, қозғалысты және қуатты бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісті айтамыз.
Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда арзанға түсуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпақ, сына тәрізді және жұмыр болып үш түрге бөлінеді (4 сурет). Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер жұмыр белдікке қарағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы (шкив пен ременнің арасында) көп болады да, тез тозады. Ал жалпақ және сына тәрізді ремендер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысымы аз болады, сондықтан да олардың жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді.
4 сурет. Белдікті берілістің схемасы.
а – жалпақ белдік, б – сыналы белдік,
в – жұмыр белдік, г – полисыналы белдік
Достарыңызбен бөлісу: |