Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтады. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады


Механикалық берілістердің түрлері



бет2/4
Дата06.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#79965
1   2   3   4
2.4. Механикалық берілістердің түрлері


Фрикциялық берілістер. Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін фрикциялық берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық берілістер біріне-бірі қосылған екі дөңгелектен тұрады. Фрикциялық берілістердің қуаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты. Сондықтан айналмалы дөңгелектер бірімен-бірі белгілі күшпен қысуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары: конструкциясы қарапайым, теңселу денесіне тіс жасаудың қажеті жоқ; қозғалыс бір қалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және приборларда қолданылады; айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді; олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті белгілі бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Фрикциялық берілістердің кемшіліктері: фрикциялық берілісте подшипник пен білікке күш көп түседі; фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициентінің шамасы аз (0,8 – 0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеу кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы тұрақсыз және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бір қалыпты болмайды; айналмалы денелердің қосылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын керек етеді.



1 сурет. Механикалық берілістердің негізгі типтері:


а - фрикциялық; б – тісті; в - червякті; г – белдікті; д – шынжырлы; е – винтті.


Тісті берілістер. Тісті беріліс деп, екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті беріліс деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер айналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.
Тісті берілістердің артықшылықтары: тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (ондаған мың кВт) және басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шағын келеді, басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі, тісті берілістер өте шыдамды келеді, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін 0,97…0,98), жылдамдығы үлкен (150 м/с-ке дейін) және беріліс санының диапозоны кеңірек (бірнеше жүздеген).
Тісті берілістердің кемшіліктеріне мыналар жатады: жоғары дәлдікті берілісті дайындаудың күрделігі; дойындау мен жинаудың дәлдіктерінің жеткіліксіздігінен жұмыс барысында шудың көбейуі, жетектегі біліктің айналу жиілігін сатысыз реттеудің мүмкін еместігі және қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы.
Тісті берілістер механикалық берілістердің ең көптараған түрлерінің бірі және ол машина жасаудың барлық салаларында, дербес жағдайда металл кесуші білдектерде, автомобильдерде, тракторлерде, ауылшаруашылық машиналарда және т.б.; аспаптар жасауда, сағаттық өндірісте және б. Тісті берілістердің мұндай кең таралуы жобалау және тісті дөңгелектерді дайындау технологиясы бағыттарында үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және бұл мәселеде жан-жақты стандарттауды талап етеді. Қазіргі уақытта терминдер, анықтамалар, белгілеулер, тісті доңғалақтың элементтері мен іліністері, берілістің негізгі параметрлері, геометриясын есептеу, цилиндрлі эвольвентті берілістерді беріктікке есептеу, тістерді кесуге арналған құралдар және басқа да көпшіліктері стандартталған.
Кез-келген тісті берілістің негізгі кинематикалық сипаттамасы – беріліс саны.



2 сурет. Тісті берілістердің негізгі түрлері:


а – цилиндрлі түзу тісті; б – цилиндрлі қисық тісті; в - шеврондық; г – ішкі ілініспен;
д – рейкалы; е – тік тісті конусты; ж – қисық тісті конусты; з – дөңгелек тісті конусты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет