Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны Бестемше ойынының тарихы


Бестемшенің басты маңызы – ойлау жүйесін дамытады



бет3/4
Дата05.12.2023
өлшемі5,87 Mb.
#134391
1   2   3   4

Бестемшенің басты маңызы – ойлау жүйесін дамытады

  • Бестемше ойыны – математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау – оның негізгі өзегі. Сондықтан оқушы ойынды үйрену барысында оның бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бұл кез-келген салада болашақта керек болады. Өйткені өмірде де болашақ істеріңді алдын-ала ойлау – негізгі мәнге ие.

Қол моторикасының дамуы

  • Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қолқозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Сонымен қатар,ойын барысында қол қозғалысының жылдамдығы сағатты басу кезінде ойын тағдырына да әсер етеді. Қол моторикасын дамыту – өз саулығыңызды үнемі зияткер ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Жан-жақты қалыптасу

Насихатталуы

  • Бестемше – қазақ халқының ұлттық ақыл-ой ойыны. Тамыры тереңнен нәр алған бұл ойын бүгінгі күні көптеген елдерде насихатталып отыр. Қазақстан, Қытай, Ресей, Чехия, Түркия, Румыния және тағы басқа елдер. Чехияда зияткерлік ойындар фестивалі бағдарламасында шілде айында жыл сайын халықаралық жарыс өткізіледі. Халықаралық шаралар Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан елдерінде өткізілді.

Бестемше балабақшада

  • Нұр-сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен 2021 жылдың тамыз айынан бастап 15 мемлекеттік балабақшада бестемше ойыны вариативті сабақ ретінде енгізілді. Осы 15 балабақшаның тәрбиешілеріне “Qazintellect” зияткерлік ойындар орталығы мамандары шеберлік семинарын өткізді. Сондай-ақ арнайы балабақша шәкірттеріне арналған әдістемелік құрал дайындалды. Бұл сабақ аптасына екі күн таңғы уақыттарда 30 минуттан жүргізіледі. ҚАзіргі кезде бестемше ойынын үйретуші балабақша саны 45-ке жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет