Ертелі біріншілік тігіс (БХӨ кейін бірден салынады). Ертелі біріншілік тігіс БХӨ соңғы кезеңі ретінде тіндердің анатомиялық бүтіндігін қалпына келтіру мақсатында, жараның екіншілік микробтық ластануыдың алдын алуға және оның жазылуы біріншілік бітісуімен жүруіне жағдай тудыруға қолданылады;
Кешеуілдетілген біріншілік тігіс (отсроченный первично шов) ЖБӨ кейін 4-5 тәулік өткенде, өңделге жара лас болғанда немесе қабыну процестің алғашқы белгілері дамығанда, өңдеу барысынды өлеттенген тіндер толық кесіп алынбағанда немесе жараның оңтайлы жазылуына толық сенім болмағанда, грануляциялық тіндер белсенді пайда бола бастағанда салынады; жарада резенкелі жолақ қалдырылады. Мүндайда байланбаған провизорлық тігістер салып, бірнеше күннен кейін жара іріңдемесе, олар байлап тастауға болады. Жара толық тазарып болған соң, жиектерін жақындастырып, түйінді тігіс салынады. Сондай-ақ, пластиналық тігістер салуға болады. Тігіс салу, жараның инфекциялану қауіптілігін азайтып, тез жазылуына мүмкіндік береді.
Ертелі екіншілік тігіс (7-14 тәулікте жара өлеттенген тіндерден толық тазарып болғасын, грануляциялық тіндерге салынады. Жаранаң жиектерін жаңартуға және мобилизациялауға болады). Өлеттенген тіндерден толық тазарып болмаған жараға тігіс салынса, ол міндетті түрде іріңдейді. Мұндайда, гипертониялық ерітінді және Вишневский жақпамайын қолдану, жараның қабырғалары іріңнен тазаруына, қабыну процессі тез қайтуына, өлеттенген тіндердің босауына, грануляциялық тіндердің өсуіне және дәнекер тіндердің регенерациясын үстемдеуге мүмкіндік береді. Егер БХӨ кейін 7 күн өткенде жарада қабыну процесі дамыса, тігіс салуға болмайды; жара грануляциялық тіндермен толғанша, жоғарыда көрсетілген ем жалғастырылады. Мүндай жарада контракция құбылысы жүреді - грануляциялық тіндеріндегі миофибробластларының миофибриллдері жиыруларынан, жараның жиектері өздігінен жақындасады. Мұндайда жарадағы грануляциялық тіндерге тиіспей, тігіс салынады.