Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары



бет2/31
Дата04.08.2023
өлшемі194,98 Kb.
#105040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Соғылу (ушиб). Бастың және беттің жұмсақ тіндеріне соққы тигенде, тері және тері астының шел тіндері зақымданады. Тері асты шел тіндердің ерекше анатомиялық құрылысына байланысты, жыртылған қантамырлардан кан бойлай тарамай, соғылған орнында жинақталады, соғылған аймақ ісінеді. Беттің жұмсақ тіндері, әсіресе көзұя айналасының тіндері көгереді – көзілдірік белгісі. Көзұя айналасының тіндері көгеруін бассүйектің негізі санғанда пайда болатын көзілдірік белгіден ажырату қажет. Кейін көгерген орын жасыл түстеніп, уақыт өте сарғайып, толық сорылады.
Соғылған орынның емі консервативті: жәйлі жағдай жасау, салқын басу, тананғыш салу; үлкен гематома қалыптасуында – пункция жасап, қанды шығару кажет. Егер гематома қалыптасқын орын солқылдапқа тұрса (беткей артерия зақымдануында), өлшемі ұлғайса, қан ұйыған орынды (гематоманы) ашып, қантамырына байлам салады, терісі тігіледі.
Жаралар. Бет-жақсүйек аймақтары зақымдануларының ерекшеліктері - тіндерден кан кетуі. Шашы ұзын адамдар жарақаттанғанда, айналып тұрған құрылғыға шаш ілініп, скальптелген жара болуы мүмкін. Мұндай да бастың жұмсақ тіндері шашапен бірге бассүйек қаңқасынан ажырап, жұлынады (скальп).

сурет. Бастың скальптелген жаралануы




Біріншілік көмек және емі. Біріншілік көмек уақиға болған орында шұғыл қанкетуді тоқтату. Ұсақ қанкетуді жараны басатын дәке танғыш салу арқылы қанкетуді тоқтатады. Ірі қантамыр бұытақтары жарақаттанғанда, оны жоғары тұсынан бойлай басып, науқасты дереу хирургиялық ауруханаға жеткізу қажет. Сыртқы самай артерия жараланғанда, оны құлақ қалқаны алдынан, ал бет артерияны – төменгі жақсүйектің астынғы қырынан 1-2 см алшақтықта, бұрышының алдынан басып қан кеуді тоқтатады. Беттің жұмсақ тіндері жаралануларын өңдеу ерекшеліктері - үнемді, тек шынайы өлеттенген және ластанған тіндер ғана кесіп алынады.
Сакльптелген (сыдырылған) жараны, склальпты (сыдырылған бас тері) сақтап қалу қажет. Шаштарды және езілген тіндерді кесіп алып тастап, терніні бірнеше жерден тесіп, орнына отырғызады, жиектеріне тігіс салады.

Тұйық жарақаттаушы нәрсемен бет-жақсүйек аймақтары зақымдануында (жұдырық, таяқ, кірпіш және т.б.) тіндер сыдырылып, қанталауы, соғылуы немесе езілуі мүмкін. Жиі беттің шығыңқы орындары (ерін, мұрын және ұрт аймақтыры) жарақаттанады.


Тері жамылғысы мен шырышты қабықтың бүтіндігі бұзылмай зақымдануларында, тері астының щел тіндері мен ымдау бұлшықеттері соғылып, жұмсақ тіндер ісінеді, қанталайды.
Қанталау орны беткей және терең орналасулары мүмкін. Қанталаудың екі түрі болады: қантамырдан шыққан қан ұйып, қуыста жинақталады немесе қуыс құрмай тіндерге тарайды (имбибиция). Беткей қанталау щел тіндердің, ал терең қанталау - бұлшықеттің, тереңде жатқан щел тіндері, бетсүйек қаңқасының қантамырлары зақамданғанда дамиды. Тері бетінің қанталауы қою көкшіл немесе көк түсті болып бейнеленеді. Қанталау аймағында эритроциттер ыдырауында гемосидерин және гематоидин бөлініп, қанталаған орын көк түстенеді кейін сары түске ауысады. Қанталаудың сипаты, түсі және сорылу жылдамдығы, оның орналасу жеріне, соғылып жарақаттанған тіндердің тереңдігіне және зақымданған орынның өлшеміне байланысты.
Қабақтар қанталағанда көзұя саңлауы айналысының тіндері ісініп, алғашқыдағы қою көкшіл түсі (сурет) 3-4 күн аралығында жасыл түске ауысады. Жарақат алғаннан кейін 4-5 күн өткенде қанталаған орын сары түске ауысып, 14-16 күннен кейін қанталау толық сорылады.
Маңдай аймағы, мұрынның және ұрттың қанталаулары қою көкшіл түстенеді. Осындай кішігірім қанталау орындары 2-3 күн аралығында сарғайып, 6-8 күн өткенде сорылып үлгереді. Ауқымды қанталаулар (диаметрі 3 см үлкен) 3-4 тәулік аралығында жасыл түстеніп, 5-6 күн өткенде сарғаяды.
Шырышты қабықтың қанталаулары қою қызыл түстеніп, 8-10 күн өткен соң сорыла бастайды, кейін қою көкшіл түске енеді.
Құлақ қалқанынының қанталауы көкшіл немесе қою көкшіл түстеніп, 3-4 қүненнен соң түсі толық дерлік сарығайып, 8-9 тәулік өткен соң сорылады.
Кейде терең қанталау орындары ұзақ уақыт сорылмай, қапталып, тіндердің тереңдігінде ауырмайтын түйінге ауысады немесе тыртықтанып, тіндердің деформациясын тудырады. Қанталаған орын іріңдеуі де мүмкін.
Алғашқы 2 тәулік аралығында соғылған орынға салқын басу қажет, егер қанға толы қуыс қалыптасса, оны ашып, қанның шығуына жағдай жасау қажет. Кейін жылу процедураларын (УВЧ, диадинамикалық тоқ), сондай–ақ электромагнит немесе төмен жиіліктегі лазер тағайындау жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет