Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары


Екіншілік хирургиялық өңдеу



бет24/31
Дата16.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74836
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Екіншілік хирургиялық өңдеу инфекцияның алдын алуға немесе ифекциямен күресуге жасалатын әрекет. Оны жараланғаннан кейінгі кез келген кезеңде жасауға болады, әсресе қабыну процесі дамығанда жасау жақсы нәтиже береді, себебі жара өлеттенген тіндерден тез тазарып, регенерциялық кезеңге ауысу мүмкіндіктері пайда болады. Екінщілік хирургиялық өңдеуде іріңді жараның қабарғаларын кесіп, тазартылады (іріңді жараны толық хирургиялық өңдеу). Қалыптасқан іріңді қалталарды ашып, жараны толық өңдеу мүмкіндіктері болмаса, өлеттенген тіндер мүмкіндігінше кесіп алынады – некрэктомия (іріңді жараны жартылай хирургиялық өңдеу).
Кеш хирургиялық өңдеу (КХӨ) жарада инфекцилық процесі дамығанда орындалатын хирургиялық әрекет. Әдетте, КХӨ жарақат алғаннан кейін 48 сағаттан ұзақ уақыт өтккенде, жарада инфекцияның клиникалық белгілері байқалғанда орындалады. Кеш хирургиялық өңдеу жараның өзегін ашуды, өлеттенген тіндерді, бөгде заттарды алып тастауды, іріңді қалталар мен қанталаған орындарда ашуды және ластанған жараның тазаруына жағдай жасауды көздейді. Тіндерді кесуге болмайды, себебі инфекцияның генерализациялану қауіптілігі бар.
Хирургиялық өңдеудің нәтижелілігі, хирургтың зақымданған аймақтың топографиялық анатомиясын жақсы білуіне де байланысты. Жараның жиектерін өткір немесе тұйық ілмек-реттрактормен ашып, толық тексеру қажет. Егер жараның үстінгі бөлімі тар, тексеру мүмкіндігі қиындық тудырып жатса және тереңде жатқан тіндер едауір зақымданса, жиегінен тілік жасап, жара кеңейтіледі. Тексергенде, хирург келесі жағдайларды ескеруі тиіс (жараның ұзындығы мен тереңдігі, бұрыш құрып тереңге жалғасуы, өсі, операциялық әрекет бұрышы, айқын көрінетін тұстары) (сурет).
Операциялық әрекет бұрышы – жара қабырғаларынан құрылған бұрыш. Бұрыш тым үлкен болса, хирургиялық әрекетін жасау да жеңіл болады. Аталмыш бұрыш 25°С кем болса, хирургиялық әрекетін орындау мүмкіндігі қиынға түседі.
Оперциялық әрекет өсі – хирургтың көзі мен оперциялық әрекет жасалатын объектіні байланыстыратын шартты сызық. Бұл хирургтың қолы мен құралдарын бағыттауға оңтайлы сызық (бағыт).
Оперциялық әрекет өсінің иілісі – бұл операция жасалатын орын мен хирургтың көру қабылеті аралығындағы бұрыш. Бұрыштың оңтайлы шамасы - 90°С.
Шолу аймағы – жарадан түбі көзге көрінетін орын аралығының қатынасы. Жарадағы тіндер қаншама жақсы көрінсе, оны мұқыият тексеру (ревизиялау) мүмкіндігі де, соншама жеңіл болады.
Жара инстиляцияланғаннан (жуу) кейін, қан ұйындылары мен бөгде заттар алынып, тексеріледі; тіндердің зақымданған шекаралары анықталады. Тек түсі өзгерген, капиллярлық қанкету белгілері мен тіршілігі жоқ тіндер ғана кесіп алынады. Мұндай да жараның жиектерін тіксызық қылып кесудың қажеті жоқ, себебі олар брышты боласа, тіккенде әсемдік талапқа сай, білінбейтін тыртық қалаыптасады.
Езілген және ластанған майлы шел тіндері кең кесіп алынуы қажет. Ымдау және шайнау бұлшықеттердің зақымдану денгейін анықтап, бұлшықет талшықтары астында бөгде заттар қалмауын қадағалау қажет. Қарайып, солғынданған бұлшықет талшықтарын кесіп алып тастап, өзгеріске ұшырамағандарын жақындастырып, тігу қажет.
Беттің бүйір бөлімі немесе мойыны ауқымды жаралануында, оны эндотрахеальды наркозбен өңдеген тиімді. Жараның ластану денгейі есепке алынбай, БХӨ асептикалық қағидалары бұлжытпай орындалуы тиіс. Теріні жылы сабынды сумен жуып, оперциялық алаңындағы шаштар операция жасар алдында (күні бұрын емес) қырып алынуы тиіс. Қабақ қырылмайды.
Операция алаңының терісі ластан, терден, тері майынан, түлеген эпителидерден, қаннан бензинмен, медициналық эфирмен, 70% эталонмен (тері таза болса, кеінгісінің қажеті жоқ) мұқият тазартылуы тиіс. Содан соң, опрациялық алаңның терісі 5 мл антисептик ерітіндімен дымқылданған дәкемен тазартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет