Қансыруды түбегейлі тоқтату. Түбегейлі қансыруды тоқтату біліктілі және мамандандырылған көмек көрсету кезеңдерінде жүргізіледі. Қанкетуін тоқтату әдістерінің түрлері:
а) хирургиялық немесе механикалық;
ә) физикалық;
б) биологиялық.
Қанкетуді тоқтатудың хирургиялық әдістеріне бастын дәкелі танғыш салу, жарадағы қантамырды байлау, жараны тігу, жараны дәкелі тығышпен байлау, жараны биологиялық тығынмен қоса тігу, сүйектік өзектерді тығындау, қантамырларды бойлай байлау, қантамырлық тігіс салу. Жарадағы қантамырларды жіппен байлау, қансырауды тоқтатудың негізгі және жиі қолданылатын әдістердің бірі. Мұндайда қантоқтатқыш қасқышпен қантамыр шетін ұстап, хирургиялық жіппен тігіс салып байланады. Алғашқысында жіптің бір түйіні салынады, қысқыш алынғаннан соң, жіптің шеттерін тартып, қосымша түйіндермен жиіп бекітіледі. Ірі қантамырларды балам (лигатуру) салып тіккен жөн. Егер қантамырға байлам салатындай мүмкіндік болмаса, оны айналасындағы тіндерді біріктіріп Z-тәрізді тігіс салынадй (Z-тәрізді тігіс байлағанда пішіні 8 ұқсас тігіс қалыптасады). Қантоқтатқыш қысқашпен қанның тоқтамау себебі, қантымыры жиырылып, тіннің тереңдігіне енеді. Қантамырды байлау мүмкіндігі болмаса, оны бойлай тігіп тастауға болады (рис.3).
Ауыз қуыс түбі, анқа, жұтқыншақ жараланғанда және ауыз қуысынан қан кетіп, тығын (тампонада) немесе трахеостома салынып, науқас мамандандаралған ауруханаға жеткізілсе, түбегейлі қантоқтату мақсатымен сыртқы ұйқы артерияны уақытша байлап, жара жан-жақты тексеріледі. Егер сыртқы ұйқы артерияны тұрақты байлайтын шешім қабылданса, оны кескен дұрыс. Себебі жазылғаннан кейін периартериалы симпатикалық жүйке тармақтары тітіркенуінен, науқаста ұзаққа созалатын ауырсыну сезімі пайда болады. Ішкі ұйқы артерияны байлау қауіпті деп саналады.
Науқастың жалпы жағдайы ауыр, бірлескен жарақаттарда БХӨ 24-48 сағ кешеуілдетіліп, хирургиялық көмектің көлемі жеке қарастырылады
Жараға түйық тігіс салудың мерзіміне қарай түрлері: