Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары


Бет-жақсүйек аймағы жүмсақ тіндері жараларының хирургиялық өңдеуінің ережелері мен реттілігі



бет6/31
Дата16.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ 1

Бет-жақсүйек аймағы жүмсақ тіндері жараларының хирургиялық өңдеуінің ережелері мен реттілігі

  • Жараны өңдеу мүмкіндігінше ерте және толық көлемде орындалуы тиіс;

  • Жараның жиектерін кесуге (жаңартуға) болмайды, тек тіршілігі жоқ (өлеттенген) тіндерді ғана кесіп, алып тастауға болады;

  • Ауыз қуысына өтететін жараға алдымен тігіс шырышты қабыққа салынады, содан кейін тіндерді қабат-қабатымен тігіп, ауыз қуысынан шектеу қажет;

  • Еріндер жараланғанда алдымен жараның жиектерін біріктіріп, қызыл жиегін тігеді (Купиод сызығынан бастап), содан соң жараның басқа қабаттрына тігіс салынады;

  • Жарадағы бөгде заттарды алып тастау қажет; егер бөгде заттарды алып тастау қиын және жарақат тудырса (қанат-таңдай шүнқыры және т.б.), оны кейінге қалдырған дұрыс;

  • Қабақ немесе еріндердің қызыл жиегі жараланғанда, тігіс бойында тартылыс болдырмау үшін, теріні немесе шырышты қабықты астында жатқан тіндерден босатып (иммобилизация) тігеді. Кейде орындары ауыстрылатын үшбұрышты қиықтар дайындауға тура келеді;

  • Сілекей бездерінің паренхимасы жараланғанда алдымен оның қабына тігіс салып, содан соң басқа қабаттры тігіледі; өзегі зақымданса – оны жалғап, тігеді немесе жалған өзек жасау қажет;

  • Жараларға тұйық тігіс салынады; жаралар инфекцияланғанда резенкелі өткізгіштіктер (дренаж) қалдырылады – кеш хирургиялық өңдеу;

  • Жараның жиектері алшақ болса және домбығып ісінуінде, тігіс жіптері тіндерді жыртып, жиектері ажырамауы үшін П-тәрізді тігіс салуға болады (жараның шетерінен 1,0-1,5 см алшақтықта дәке қалдырып). Оны пластиналық тігіс деп атайды;

  • Ұрт аймағының ауқымды, өтпелі ақауланған жаралануында, жақсүйектерінің тыртықты контрактурасын болдырмау үшін, хирургиялық өңдеуді тері мен шырыщты қабықты біріктіріп тіккен жөн. Себебі, жараны осылай хирургиялық өңдегенде, кейін ақауды пластикалық әдістерімен жабуға және тыртықтар қалыптаспауына, айналасындағы тіндердің дефрмациясын тудырмауға мүкіндік береді;

  • Оперциядан кейінгі екі және одан ұзақ күндері жараны ашық, яғни танғыш салмай емдеу тиімді;

  • Жараның жиектері ажырамауының, екіншілік инфекция дамымауының алдын алу мақсатыда, салынған тігіс жіптері ерте немесе уақытылы алып тастау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет