Бетон араласпасын дайындау және тасымалдау


Өндірістің технологиялық процестерін ұйымдастыру



бет4/4
Дата16.05.2023
өлшемі19,21 Kb.
#93604
1   2   3   4
Өндірістің технологиялық процестерін ұйымдастыру
Өндірістік процесс деп бастапқы материалдар мен жартылай фабрикаттарды ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған дайын өнімдер мен бөлшектерге дәйекті түрде қайта өңдеудің бірқатар өзара байланысты еңбек процестері мен табиғи процестерінің кешенін айтамыз. Өндіріс процесі негізгі, қосалқы және көлік процестерінен тұрады. Негізгі немесе технологиялық процестер дайын өнімді тікелей өндіру процестері деп аталады. Технологиялық процесс материалдарды өңдеу әдістеріне және қолданылатын жабдықтың сипатына, оны пайдалану шарттарына байланысты кезеңдерге бөлінеді. Мәселен, бұйымдарды қалыптау процесі. Бұл процессте қалыптарды дайындау, бетон қоспаларын төсеу және оларды тығыздау сияқты операциялар жүреді. Құрама темірбетон конструкциялары мен бөлшектерін дайындаудың технологиялық процесінің бірнеше жұмыс процесі бар. Олар: бастапқы материалдарды түсіру, сақтау, дайындау, арматураны және бетон қоспасын дайындау, бұйымдарды қалыптау, әрлеу, оларды жетілдіру қалыпты дайындау, дайын өнімді сынау, қабылдау, таңбалау және паспорттау, сонымен қатар дайын өнімді сақтап, жинақтап құрылыс алаңдарына конструкцияларды және бөлшектерді тасымалдау.

Агрегаттық-ағындық, конвейерлік және стендтік өндіріс технологиясын ұйымдастыру негіздері
Бетон және темірбетон бұйымдарын өндірудің конвейерлік әдісінің мәні оларды өндірудің технологиялық процесі бір уақытта тиісті бекеттерде орындалатын элементтік циклдарға бөлінуінде, яғни бөлшектеу, қалыптарды дайындау, арматуралау. Қалыптарды посттан постқа ауыстыру ағынның есептік мәжбүрлі ырғағымен дискретті түрде жүзеге асырылады. Ал ырғақтың ұзақтығы мамандандырылған посттарда орындалатын жеке технологиялық операциялардың күрделілігіне және олардың жиынтығына байланысты. Агрегаттық-ағындық әдіс конвейерлік әдіс секілді бетон және темірбетон бұйымдарын дайындаудың технологиялық циклын жекелеген мамандандырылған бекеттерде орындалатын элементтік циклдарға бөлуге негізделеді. Алайда бұл әдістердің айырмашылықтары да бар, айта кетсек элементтік циклдерге аз бөлінуі. Ең көп таралған жобалық шешімдерде өнімді өндірудің агрегаттық-ағындық тәсілінің технологиялық желілері посттардың болуымен сипатталады: қалыптарды дайындау, арматуралау және термиялық өңдеуден өткізу. Стенд әдісі пішіндердің қозғалмайтындығымен сипатталады, ал технологиялық процесті жүзеге асыру барысында орындаушылар және жабдықтар қозғалады. Дайындық операциялары, яғни майлау, тазалау процесстері, арматуралау, қалыптау, тығыздау, сондай-ақ қосымша операциялар және жылумен өңдеу стендте стационарлық жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда технологиялық циклдің барлық операциялары өнімді бөлшектеуден, термиялық өңдеуден бастап дәйекті түрде жүзеге асырылады. Нәтижесінде бұл әдіс алдынғы аталған екі әдіспен салыстырғанда технологиялық циклдің ең үлкен ұзақтығымен сипатталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет