«бетперденің вирустан сақтанудағы маңызы» баяндамасы


Бетперденің (масканың) пайдасы



бет3/4
Дата18.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#94519
1   2   3   4
2. 3 Бетперденің (масканың) пайдасы
Вирустардың мөлшері бетперде немесе респиратор кигеннен ешқандай азаймайды. Белсенді вирустар 1-ден 200 микрометрге дейінгі мөлшерде тамшылардың ішінде орналасқан аэрозоль тамшыларының көп бөлігі. Сондықтан тіпті қолдан жасалған бетперде, шарф немесе бет орамал оларды ұстап қалуға қабілетті. Төрт қабаттан жасалған, қолдан жасалған мата бетпердесі сүзгілеу тиімділігі бойынша бір реттік бетпердеге пара - пар.
2. 4 Вирустан қорғайтын бетпердені қалай дұрыс қолдану керек?

  • Медицина бетпердесін тақпас бұрын қолды сабынмен мұқият жуу немесе антисептикпен сүрту керек;

  • Бетперде әдетте ақ жағымен бетке, ал түрлі - түсті сыртқа киіледі.

  • Бетперде ауыз бен мұрынды жауып тұруы қажет. Адамның беті мен бетперде арасы ашық болмағаны дұрыс;

  • Бетпердені қайта-қайта ұстамаған жөн. Оны ұстағаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;

  • Бетперденің ішкі жағына қолды тигізбей, сыртынан ұстап шешкен дұрыс. Қолданылған бетпердені жабық қоқыс жәшігіне бірден тастау қажет.

  • Бетперде ылғалданған соң шешіп тастаған жөн. Бірреттік бетпердені екінші рет қолдануға болмайды.

Медицина бетпердесін қандай жағдайда тағу керек?


  • Сау адам бетпердені COVID-2019 вирусы болуы мүмкін науқасқа күтім жасаған кезде таққаны дұрыс;

  • Түшкіріп немесе жөтеліп жүрген кезде тағу керек;

  • Медицина бетпердесін тағып жүрсеңіз, оны қалай дұрыс қолдану керек екенін білуіңіз қажет.

ІІІ Тәжірибелік бөлім
3. 1 Медицина бетпердесін қалай қолдан тігіп алуға болады?
Карантин жағдайында азаматтардан жұқпалы аурудан қорғайтын бетперде тағып жүру талап етіледі. Дегенмен қазіргі жағдайда дәріханалардан бетперден сатып алуғада болады, сондай-ақ оны қолдан тігіп алған да дұрыс.
Медициналық маскалармен қатар матадан тігілген беттұмшаларды да тағуға болады. Тек уақытылы өзгертіп, жуып, үтіктеу керек. Үйде жасалған бетперделер өте тиімді. Бетперде бетті түгел жауып тұруы керек. Ауа өткізетіндіктен бетперде тігуге мақтадан жасалған мата пайдаланылады.
1 метр мата алып, оны трафарет арқылы матаның ұзындығын 40 сантиметр, енін 20 сантиметр етіп алуды ұсынады, бірақ қажет болса, бұдан да енді қылып тігуге болады.


Әуелі матаның оң бетін бір-біріне беттестіріп, екіге бүктеу керек. Сонда мата шаршы қалпына түседі. Сосон трафаретті басып тұрып ақырын қарындашпен белгілеп шығып қияды.
Ашық тұрған бір жақ енін 1 сантиметр қалдырып, тігіп шығу керек. Содан соң мата оң қаратылып, ашық тұрған екі жағы тігін машинасымен тігіледі. Енді бетпердеге бау тағатын бөлік дайындалады. Ол үшін матаның енін шамамен 1 сантиметр немесе бау сыятындай етіп ішке қарай қайырып, тігу керек. 3 қабатты бетперде резенкесі тағылып машинаға салынып тігілген соң үтікпен басып отырса, матаның қатпары кетіп бетпердеміз дайын болады. Резеңке жіңішке болғаны дұрыс. Қолданып отырған матаның өзінен де бау істеп, тігуге болады. Бетперде дайын. Қолдан тіккен бетпердені бір күннен артық тақпаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет