3.2 Бетперденің 3 қорғаныс қабатының 1 және 3 қабаты спанбонд болатынын анықтап білу. О л үшін бетпердені алып қиып көреміз. Сосон 1 қабат: Спанбонд. көрінетін бөлшектерді, су тамшыларын тиімді блоктайтындығына көз жеткіземіз. Ол үшін бетпердеге 50 мл су құямызда бақылап көреміз. Спанбонд материалы су өткізбейтіндігіне көз жеткіземіз. Сондай-ақ екінші бір бетпердені алып жағып көргенде спанбондтың жанғыштығы мен тұтанғыштығы төмен дәрежелі екендігін тексеру.
Қорытынды: Бетпердені қиып 3 қабаттан тұратынын көрдім. Шырпымен жағып көргенде жанғыштығы мен тұтанғыштығы төмен екенін байқадым. Бетпердеге су құйып көргенде, су өткізбейтіндігін бақыладым. Бетперденің 1және3 қабаты спанбонд полипропилен (полимер) материалы. Спанбонд- жеңіл, су өткізбейді, ауаны жақсы өткізеді.
Ғылыми-зерттеу процесінде жасалған сауалнама сұрақтарына 21 студент қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті. І Ү Қорытынды Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз - химия ғажайыптары –деп Михаил Васильевич Ломоносов айтқандай бетперденің құрамы химиялық зат полипропиленнен жасалған екен.
Мен бетперденің вирустан сақтанудағы маңызын зерттей келе, бетперденің қалай, қайдан шыққандығын білдім. Студенттерден сауалнама алу арқылы олардың қанша мөлшерде бетперденің қанша уақыт тағуға болатыны, неден жасалғаны, оң не теріс жағын ажырата алама жоқтығына сараптама жасап көз жеткіздім. Аурудан қорғайтын бетпердені қалай дұрыс қолдану керектігін және қолдан тігіп алуды үйрендім.
Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер: Н. Байсақал.Бетперде кию тұмаудан қорғайды. http://www.kostanaytany.kz 22.01.2016
Бетпердені қолдану шарттары- https://sputniknews.kz/infographics/20200414/13684350/Betperde-nfografika.html
Н. Аршидин. Медициналық бетперде немесе респиратор: Қайсысын алған жөн? Вилаж сайты. 19.03.2020
Бетпердені неше жастан тағу керек? Аслан Хангожин. Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz