«бетперденің вирустан сақтанудағы маңызы» баяндамасы


Жұмыстың орындалу әдістері



бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#94519
1   2   3   4
Жұмыстың орындалу әдістері. Бетперденің вирустан қорғанудағы маңыздылығымен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылған.
І Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамда бетпердеге қатысты пікірталас көп. Әркім әртүрлі болжамдар жасайды. Бәріміз бір қоғамда өмір сүріп жатқандықтан заң, талап бәрімізге ортақ. Заң мен тәртіпке бағыну – бәріміздің міндетіміз. Сонымен, басты назардағы бетперденің пайда болу тарихы қандай, оның бізді қорғаудағы қауқары қаншалықты деген сұрақтарға жауап іздей бастадым.
Сондай-ақ, бетпердені қолдан тігіп алу жолдарын қарастыру да пайдалы болмақ.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Медициналық бетперденің (масканың) пайда болу тарихы
Ортағасырлық Еуропада, туберкулез обасы өршіп тұрған кезде, жұқтырған адамдарды емдейтін дәрігерлердің санаты пайда болды. Адамдар оларды "Оба дәрігері" деп атады.
Ең алғаш адамзат арасына оба індеті тарай бастағанда көптеген емшілер сақтық шараларын қарастырады. Осылайша, он бесінші ғасырда індет шарықтаған тұста науқастармен жиі қарым-қатынасқа түскен емшілер шет-шетінен өздері де жұқтырып алады. Сол кезде туындаған жағдайға байланысты қорғаныш құралын тек қана екі ғасыр өткеннен кейін, яғни XVII ғасырдың басында ойлап табады. Францияның танымал дәрігері Чарль Лорм бетпердені ең алғаш ойлап тапқан адам. 2.2 Бетперденің құрылысы мен түрлері
Ал бір реттік медициналық бетперделер 20 ғасырдың соңында полимерлі - талшықты мата емес материалдардан жасала бастады.
Қазіргі заманғы маскалар екі негізгі түрге бөлінеді: процедуралық (күнделікті, бір реттік) және мамандандырылған (хирургиялық).
Процедуралық бетперделер мата емес материалдардың үш қабатынан жасалады. Әдеттегі медициналық бетперделердің құрылысы: ортасында сүзгілік бөлімі, екі жақ сыртында қорғаныш қабатынан тұрады.
Респираторлық бетперделер дәрежесіне қарай бірінші, екінші, үшінші деп бөлінеді. Оның шаңға немесе газға арналғанын өзіңіз қалауыңызбен таңдауға болады. Ал қазіргідей пандемия кезінде респираторлардың екінші және үшінші дәрежесін қолданған жөн. Бұларды медицинада FFP3 және FFP2 деп атайды. Ал бірінші дәрежелі респиратор FFP1 деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет