Бетте Айгүл Әлішер



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.03.2017
өлшемі42,14 Mb.
#10758
1   2   3   4   5

− Мәслихат мінберінен 

қандай мәселелерді көтеріп 

жүрсіз?

− Мәслихаттың сессиясына 

ұсынылған әрбір мәселе 

талқыланып, нақты шешімдер 

қабылданып, тиісті салаларға 

ауқымды тапсырмалар 

жүктеледі. Мәслихат 

сессияларында жастар атынан 

сайланған депутат болған соң 

бірінші кезекте аудан жастары 

арасындағы өзекті мәселерді, 

жұмысқа орналасу, бос 

уақытын тиімді ұйымдастыру, 

жас отбасылардың әлеуметтік 

мәселелері, жастардың 

арасындағы қылмыстың алдын 

алу сында өзекті мәселелерді 

көтеремін. ҚР Жастар саясаты 

туралы Заңы бойынша 

атқарылып жатқан жұмыстар 

мен ауданымызда жастар 

саясатына бөлінген қаржының 

мақсатты түрде жұмсалуы мен 

мемлекеттік бағдарламаларға 

жастардың көптеп тартылуы 

жіті назарымда. 



− Аудан жастарының 

қандай мәселесін өзекті деп 

санайсыз? 

− Еш жерде оқымаған, не 

жұмысы жоқ, тіпті жергілікті 

тіркеуде жоқ және жазасын 

өтеген, ұйымдастырылмаған 

жастардың мәселелерін 

өзекті деп санаймын. 

Маргинал жастар дейміз. 

Алайда олар өзіміздің 

ауылдасымыз, көршіміз немесе 

сыныптасымыз. Бәрі де тең 

құқылы елдің жастары. Оларды 

өз қатарымызға қосып, қоғамға 

бейімдеп қана қоймай арнайы 

білім алып шығу үшін қайта 

даярлау курстарынан өткізіп, 

жұмысқа ораласуына және 

қолынан іс келетін жастарға 

мемлекеттік бағдарламалар 

аясында өз кәсібін ашуға 

жағдай жасау кезек күттірмейтін 

шаруа.


− «Жастар орталықтары» 

жастарға не берді?

− Барлық ауданда жастар 

орталығы ашылып, ауылдық 

округтерде жастар ісі жөніндегі 

мамандар  жұмыс істей 

бастады. Осы қолдауы үшін 

аймақ басшысы Қырымбек 

Елеуұлына ауданымыздағы 

11 мыңнан астам жастың 

атынан алғысымды білдіремін. 

Себебі аталмыш орталықтар 

өз кезегінде жастардың басын 

біріктірер және мәселелерін 

шешуге түрлі жолдар 

қарастырар жастардың үлкен 

ордасына айналды. Жастар 

орталығы алғаш жұмысын 

бастағанда ауылдарды, әрбір 

үйді аралап санақ жүргіздік. 

Ондағы мақсат − әрбір жастың 

қайда, не іспен айналысып 

жүргенін зерттеп, зерделеу 

және сол бойынша нақты 

жұмыстар атқару. Жастар 

орталығы жастарға қажетті 

ақпаратты жеткізіп, мемлекеттік 

бағдарламаларды таныстырып, 

жұмысқа орналасуына да 

жәрдемдесуде. Мысалы 

жыл басынан бері 18 жасты 

«Жас құрылысшылар» 

жасағы бойынша, бос жұмыс 

орындарының жәрмеңкелері 

арқылы 31 жасты жұмыспен 

қамтыдық. Әркез жастарға 

мемлекеттік бағдарламаларды 

насихаттап, кенес беру және 

тек кеңес беріп қоймай алған 

кеңесі бойынша нәтижеге қол 

жеткізуге жәрдем беріп келеміз. 

Орталықтар мен жастардың 

байланысы артқан сайын 

нәтижесі де жақсы болады.  

− Жастар арасында 

жұмыссыздықты азайту үшін 

не істеу керек деп ойласыз?

− Жұмыссыздықты жою 

үшін жастарға ең әуелі 

тынымсыз ізденіс пен еңбекке 

деген құлшыныс қажет. Қазір 

Елбасының тапсырмасымен 

жастарға білім алуға да, 

кәсіпкерлікпен айналысуға 

да мемлекет тарапынан 

қолдаулар жетерлік. Нәтижесі  

ауыз толтырып айтарлықтай. 

Сол бағдарламалармен толық 

танысып, жұмыссыздықпен 

күресуге болады. Алға қарай 

ұмтылып, тынымсыз енбек 

етсек қана  жемісті боламыз. 



− Көбіне жастарды кітап 

оқымайды дейді.  Сіз ше? 

− Ғылыми техникалық 

прогрестің қарыштап дамыған 

заманында кітаптан алыстап 

калғанымыз жасырын емес. 

Бірақ кітап оқудың маңызын 

жастар арасында көп 

қозғаймын. Бала күнімізде 

де бестік баға үшін емес, 

қатарымыздан қалмас үшін 

оқыдық. Әлі күнге дейін рухани 

азығымды кітаптан табамын. 

Кітапты үнемі оқитын адаммен 

мүлде бетін ашпайтын адамның 

сөйлеген сөзінде, жазуында, 

ойында үлкен айырмашылық 

болады. «Кітап көзі жұмыққа 

арзан, көзі ашыққа маржан», 

­ деген бар. Қазіргі таңда 

Мырзагелді Кемелдің «Бес 

бейіт» кітабын оқудамын.

− Көш бастау қиын ба, сөз 

бастау қиын ба?

− Шынына келсек, 

жастардың сенімін абыроймен 

алып жүруді көп ойлаймын. 

Себебі жастардың сенімінің  

артында мың сан үміт 

жатыр. Сондықтан әрбір 

істі жүрекпен істеу өмірлік 

қағидам. Жастардың маған 

деген сенімі үлкен күш берді. 

Кеше ауылдың қара домалағы 

болып доп тепкен балаға, 

бүгінде аудан жастардың 

көшбасшы болуы әуелі 

Алланың, сонан соң ата­анам 

мен ұстаздарымның тәлім­

тәрбиесінің жемісі.  Жоғары оқу 

орнында жүріп мен түрлі саяси­

қоғамдық шараларға белсене 

атсалыстым. Сол үшін түрлі 

марапаттар да алдым. Кейін 

елге келген соң «Жас Отан» 

жастар қанатының мүшесі 

болдым. Ол кезде облыстық 

«Жас Отан» жастар қанатының 

жетекшісі Жандос Базартай 

еді. Жандос ауыл­ауылды 

аралап жастармен кездесті. 

Соңына еріп жүріп мен де көп 

ой түйдім. Көшбасшы, алдыңғы 

буын аға ретінде үлкен жол 

көрсетті. Қазір көш бастауда 

да, елдің алдында сөз бастауда 

да ойымызды әбден салмақтап 

сөйлеуге тырысамыз. 

− Көп замандасыңыз 

мемлекеттік қызметке 

қызығады. Сізді болашақта 

биліктен көруіміз мүмкін бе?

− Халыққа кызмет ету 

жолында жүргеннен кейін басты 

мақсат халықтың ақ батасына 

алу. Егер аға буын сенім 

білдіріп, білімім мен ерік жігерім 

жетіп тұрса, халыққа кызмет 

етіп, елдің сенімін ақтауға 

дайынмын.

− Алға қойған 

мақсаттарыңыз қандай?

− Ата­анам алдындағы 

перзенттік парызымды 

орындау. Бала күнімде әкем 

Төлепберген Жақыпұлы 

«таңғы несібеңде теріп же» ­ 

деп күн шықпай ұйқымыздан 

оятып, ауладағы жұмыстарды 

тапсыратын. Назданып, 

бұртиып әзер шығатынмын. 

Мал­жайға қараудан бастап 

қара кешке дейін тыным 

таппаушы едік. Қазір қарап 

отырсам кез­келген ер азамат 

таңертең ерте тұрып жанұясы 

үшін қажетті дүниелерге 

машықтануы керек екенін 

бізге ерте бастан үйреткен 

екен.  Анам Күлбаһрам қазір 

зейнеткер. Ол кісі әлі күнге 

дейін ағайынға, досқа адал 

болуды айтады. «Ешқашан 

біреуге жаманшылық ойлама,  

ол өзіңе айналып келеді. 

Жақсылық жаса түбі шарапаты 

тиеді», ­  деп құлағымызға 

құйып келді. Қос шынарымның 

берген тәрбиесі мені әркез 

игілікке жетелеп келеді. 

Еліміздің өсіп – өркендеу 

жолында калтқысыз қызмет 

етіп, жақсы ізімді мәңгілікке 

калдыруды мақсат етемін.

− Адамдардың бойындағы 

қандай қасиеттерді ерекше 

бағалайсыз? 

− Адам болған соң адамдық 

қасиеті жоғары болса деймін. 

«Түлкі тірлікте тазы болып 

шаламын» деп түрлі мінез 

танытып жататындар бар. 

Қандай биікке қол жеткізсе 

де, адамның дәрежесі 

адаммен бірдей болып, 

қарапайымдылығын сақтап 

қалса екен. 

− Ең үлкен арманыңыз 

қандай? 

Адамда арман таусыла 

ма? Арман деген дүние тәтті 

ғой, шіркін?! Ел жастарының 

идеал тұлғасы Елбасымыз 

деп айта аламын. Ұлт 

көшбасшысының елге, халыққа 

деген махаббатын әрбір 

адамның сезінетінін білесіз. 

Арманым Елбасымен бір 

дастархан басында отырып, тік 

тұрып, қос алақанымды жайып 

ол кісінің ақ батасын алсам –

деген арман бар. 



− Ержанның арманындағы 

ару кандай болу керек? 

− Төле би бабамыздың 

«Ердің бақыты ­ жақсы әйел» 

деген сөзі бар. Адал жар, жақсы 

келін, аяулы ана, шаңырақтың 

от анасы болатын аруды кез ­ 

келген ер азамат армандайды 

ғой. Бастысы қарапайым қазақ 

қызына ессіз ғашық болып 

қалсам екен (күліп).



− Сұқбатыңызға рақмет!

− Аймақ жастарының төл 

басылымына да толағай 

табыстар тілеймін. Көп рақмет! 



Сұқбаттасқан:

Гүлбану МАҚАЖАН

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Ержан Жақыпов Төлепбергенұлы 1990 жылы 5 шілдеде Сырдария ауданы 

А.Тоқмағанбетов атындағы ауылда дүниеге келген. №135 А.Тоқмағанбетов 

атындағы орта мектептің түлегі. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік 

педагогикалық институтында информатика мамандығын  меңгерген. Еңбек 

жолын «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тереңөзек 

кентіндегі №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектепке информатика 

пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдары аудандық «Мирас» жастар 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы, А.Тоқмағанбетов ауылдық округі 

бойынша жастар жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты 

Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, «Сырдария 

жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. Бүгінде 

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

Сырдария аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Ержан ЖАҚЫПОВ, Сырдария аудандық мәслихат депутаты:

СЕНІМ АРТЫЛҒАСЫН

СЕКЕМ АЛДЫРМАУ ҚАЖЕТ


№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Виртуалды  қаржы 

жайлы өткен ғасырдың 

90­шы жылдары әлсін­

әлсін  айтыла  баста­

ды.  2009  жылы  алғаш 

рет  электронды  ақша 

Bitcoin жасалды. Әу ба­

ста  Bitcoin­мен  интер­

нет  сауда  жүргізілді. 

Кейіннен  сұлулық  са­

лондары,  мей рам ха на­

лардағы қыз мет ақысы 

мен киім дү кен деріндегі 

сауда­саттық...  осылай 

кете  берді.  Ал  бүгінде 

оның  әр  салаға  енгені 

сонша  криптавалюта 

арқылы  ұшаққа,  тіпті 

ғарышқа  да  билет  са­

тып ала аласыз. 

Криптавалютаның 

ай налымы  күн  сайын  

артып келеді. 2013 жы­

лы  электронды  ақша 

ар қылы 40 мыңға жуық 

транзакция  жүргізіліп, 

жал пы    құны  300  мил­

лион  долларға жеткен.  

Тағы бір қызығы, крип­

тавалютаның 

құны 


мемлекеттің  саясаты­

на, 


қаржыгерлердің 

са раптамасына  еш  қа­

ты сы  жоқ.  Электронды 

ақшаның  курсы  оған 

деген  сұраныспен  өл­

ше неді. Егер алғаш рет  

Bitcoin  шыққанда,  он­

да ғы бір тиынның құны 

0,3 цент болса, бү гінде 

1  Bitcoin­ның  құны 

–  1200  доллар.  Яғ­

ни   уақыт  озған    сайын  

электронды 

ақшаға 


де ген  сұраныс  артып,  

тіпті  көптеген  оли­

гархтар  өзінің  жиған­

тергенін  осындай  вир­

туалды 

активтерге 



салғанды  жөн  көреді. 

Қаржы  мамандарының 

пікі рінше,  криптава лю­

таның  дәуірі  осылай 

жал ғасар болса, екінші 

деңгейлі 

банктердің 

дәу рені аяқталмақ. 

Артықшылығына 

тоқ талсақ: 

мұнда 

басқа ратын  ішкі  не 



сыртқы  әкімшілік  жоқ. 

Сол 


се бепті 

банк 


жүйесі, сот, салық, өзге 

де  мемле кеттік  неме­

се жеке органдар крип­

тавалютаны  қадағалай 

алмайды.  Электрон­

ды ақша қолданушысы 

жүргізетін 

алыс­


берісті  ешкім  ше гере 

де,  күштеп  мін дет­

тей  де  алмайды.  Бұл 

елдегі  коррупция  мен 

бюрократияның  дең­

гейін төмендетеді. 

Мұхиттың  арғы  бе­

тіндегі  АҚШ­та  үлкен 

ай налымға  ие  болған 

элек тронды  ақшаның 

ал ғаш қы  нұсқасын  жа­

са ған  жапондық  ав­

тор екен. Бүгінде крип­

тавалютаның  Bitcoin, 

Litecoin, 

Primecoin, 

Peer coin, 

Namecoin 

секілді  бір неше  түрі 

бар. 


Соңғы 

кез де 


қаржы 

мамандары 

криптавалюта 

айна­


лымдағы  ақшаның  ор­

нын  баса  ма,  әсіресе 

АҚШ  долларына  ба­

лама  бола  ма  деген 

сауал  төңірегінде  ой 

бөлісуде.  Қалай  де­

генмен,  ол  ал дағы   

уақыттың  енші сінде. 

Себебі дүние бір орын­

да тұрмайды. Ол үнемі 

даму  үстінде.  Ке зінде 

ертегідей 

көрінген 

айшылық  алыс  жер­

лерден хабарды былай  

қойғанда,  тауар  алып, 

санаулы  минуттарда  

сау да  жасап  жатқан 

жоқ пыз ба?! Сондықтан 

бү гінгі технология са ла­

сын дағы соны серпі ліс­

тер қалыптасқан қаржы 

әлемін  де  өзгертуі  бек 

мүм кін.


Қазақ  қашанда  бала­

сын  құрметтеген.  «Алыс тан  

алтыдағы  бала  келсе,   ал­

пыс тағы  қария  басын   ие­

ді»  деген  сөз  соның  дә ле­

лі.  Ұлттың  ұлт  болып  қа луы, 

қоғам ның  дамуы,  мемлекет­

тің  өр кен деуі  ең  алдымен   от­

басы  құндылығының  құнсыз­

данбауында.  Ата­ана  бала 

тәр биесіндегі  басты  тұлға 

бол ғасын баланың жан дүние­

сіне  үңіліп,  мінез­құлқындағы 

ерекшеліктерді  жете  бақылап 

отыру қажет. Балалармен  сөй­

лескенде олардың пікірі мен де 

санасқан жөн. Ұлы ғалым, фи­

лософ  Әбу  Насыр  әл­Фараби 

«Адамға ең бірінші білім емес, 

тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз 

берілген  білім  –  адамзаттың 

қас  жауы,  келешекте  оның 

өмі рі не  қауіп  әкеледі»  деген. 

Бұ дан  шығатын  түйін:  бала 

тәр бие сіне  жауапты  ең  әуелі 

ата­анасы.  Қазақы  тәрбиеде 

ана  бала  тәрбиесіне  жауап­

ты  болса,  әке  күнкөріс  қа­

мын   жасаған.  Қазірде  бұл 

үр  діс  жойылып,  екеуі  де  жұ ­

мыс  бас тылыққа 

салынып  

кет  кен.  Қашанда  балаға  кел­

ген  де  қолдары  босамай,  жас­

та йынан  баланың  бойына 

біте  тін  тәрбие  дәнегі  теледи­

дар арқылы егілуде. Тіпті ата­

аналар  да  кешке  жұмыстан 

келген  соң  да  тамақтану  ба­

рысында телесериалдар көріп 

отырады. Осыған қарап бала­

мен  тілдесуде  жетіспейді­ау 

деп ойлайсың. 

Бүгінде  біреу  бақытын 

бай лықтан  тапқысы  келсе, 

екінші біреуі даңқ пен атақтан, 

мансап пен қызметтен іздейді. 

Бала  орта  жасқа  келгенде  

жат  қылықтар  жасап  жатса,  

кінә  баладан  деп  соққыға 

жыға  ды.  Содан  баланың  бо­

йында  ыза,  кекшілдік  сынды  

қа сиеттер пайда болады. Да­

мы ған  өркениетті  елдерде 

ата­анасын тастап кету, жәбір 

көрсету сынды әрекеттер көп. 

Соның барлығы балаға бұрыс 

берілген  тәрбиенің  әсерінен. 

Еврейлердің  балаға  тәрбие 

бе руде  өзіндік  ұстанымдары  

бар.  Мәселен,  баланың  әл­

жуаз, көп шағым айтуына жол 

бермейді.  Баланың  көзінше 

ақша туралы сөйлеуге де бол­

майды.  Себебі  бала  таны­

мында  маңызды  дүние  ақша 

деп  қалыптасып,  адамдық 

қа сиет терден  алшақтай  тү­

седі деген тәмсіл бар. Мұндай 

ұстаным біздің елге де қажет. 

Біз қолдың қысқалығынан ба­

ланың  бетін  қайтарып  жа та­

мыз. Материалдық құндылық­

тар дың  жоқшылығын  бала 

ер те  бастан  сезеді.  Олар  да 

ба қытты  байлықтан  іздейді. 

Көп  досым  болса  екен  деп 

емес,  көп  ақшам  болса   деп 

армандайды.  Мұның  бар лы­

ғы  отбасы  берген  қисын сыз 

тәрбиенің  әсерінен.  Отба­

сы ның  базары  –  балалар. 

Қа зақта  «балалы  үй  –  ба­

зар, баласыз үй – мазар» де­

ген. Сол секілді шаңырақтың 

шаттығын  келтіретін  де, 

бақытын  асыратын  да  –  ба­

лалар.  Сондықтан  кеш  бол­

май  тұрып  баланың  бойы­

на  отбасы  құндылықтарын 

сіңірейік.

«Ұмыт  болған  ұлттық  ойын­

дар»  деп  терең  күрсініп  тұрған 

тұсымызда 

ауылдың 

бүгінгі 


көрінісіне  қарап,    бұрынғы 

бейнесін жоғалтып алғандаймыз. 

Себебі  аталмыш  жайттарды 

ауыл  ішінен  кезіктіру  қиынның­

қиыны. Тіпті тігулі тұрған киіз үйді 

де  көрмейтін  болдық  елді  ме­

кендерден.  Бүгінгі  ауылдардың 

көрінісі  қандай?  «Ауылым  –  ал­

тын  бесігім»  деуге  келе  ме? 

Қаймағы  бұзылмаған  қайран 

қазақтың ауылдары қайда? Әлде 

жаһанданамыз  деп  айрандай 

ұйыған  ауылдарымызды  ірітіп 

алдық  па?  Кемшілік  қай  жерден 

кетті?  Бүгінгі  ауылдарға  қарап, 

мұндай  сұрақтардың  туындама­

уы мүмкін емес...

Еліміздің өткеніне зер салсақ, 

жусан  иісі  аңқыған  ашық  аспан 

астында  елдің    жастары  жи­

налып,  ауылдың  алты  ауызы 

саналған  серілер    –  ән  мен  күй 

төгілетін.  Бозбала  мен  бойжет­

кен  өзара  жиналып,  жаңылтпаш, 

мақал­мәтел  айтып,  жұмбақ  ше­

ше тін.  Қыз­жігіттер  алтыбақан 

те уіп,  ақсүйек  ойнайтын.  Одан 

бертін  келе  де  жастар  кеш  бол­

са  қолына  домбырасы  мен  гита­

расын  ұстап,  ауыл  орталығына 

шығып,  ән  шырқайтын.  Ойын 

балалары  түн  ауа  үйге  орала­

тын.  Бірлесе  келе  мәдениет  үйі­

не  қойылымға,  киноға  баратын. 

Жастық  шақтың  ауылда  өт ке ні 

ерекше  еді.    Осының  бәрі  ауыл­

дың тамсанып айтар бір күндік кө­

рі нісі ғана. 

Ата­анам  бірде  танысымыз­

дың  үйіне  ауылға  баратынын, 

маған  жолға  дайындалу  керегін 

ескертті.  Іштей  қатты  қуандым. 

Ауылдың  таза  ауасымен  тыныс­

таймын  деген  едім.  Құп  делік, 

діттеген  жерімізге  аман­есен  

жет тік.  Бірақ  ойлағанымдай  бол­

мады. Ауыл іші тым тырыс. Ойнап  

жүрген балаларды да, әңгіме дү­

кен­құрған  ақсақалды  да  көзім 

шал мады.  Қазақы  нақышында 

киін ген  әжейді,  ауласында  түгулі 

киіз  үйді  көзім  шалмады.  Үйдің 

ішіне кіргенде де бұрқыраған са­

маурын  емес,  газге  қойылған 

шәй нек болды. Үйдің кенже келіні 

де  иіліп  сәлем  салмақ  түгілі,  ба­

сына  орамал  тақпаған  екен.  Бір 

таң  қаларлығы,  төрт­түлік  мал 

мүл дем жоқ. Ауыл адамдарының 

әңгімесіне қарағанда, «ХХІ ғасыр­

да  заман  ағымына  қарай  бет 

бұрып келеміз» дегенге саяды.  

«Ауылдың алты ауызы» ұмыт 

қалғаны қашан. Көше­көшеге жи­

налып,  ауылдың  сәнін  келтіріп, 

халық  және  көше  әндерін  шыр­

қайтын жастарымыз өкінішке орай 

азайды.  Өйткені  ауыл  жастарын 

өнерге баулып, жастардың басын 

қосатын орталықтар тапшы.

Ә

жейдің әңгімесі немесе қыз мұраты не



?

Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ

Құралай РАХЫМБАЙ

БҮГІНГІ АУЫЛДЫҢ КӨРІНІСІ ҚАНДАЙ?



Мөлдір САБЫРЖАН

АУЫЛ  ДЕГЕНДЕ,  ШЫНЫМЕН  КӨЗ  АЛДЫМЫЗҒА  ТІРШІЛІГІ 

ҚАЙ НА ҒАН,  БУЫ  БҰРҚЫРАҒАН  АУЫЛДАР  ЕЛЕСТЕЙДІ.  ТӨРДЕ 

ІЛУЛІ  ТҰРҒАН  ОЮ­ӨРНЕКПЕН  КӨМКЕРІЛГЕН  КІЛЕМ,  АУЛАДА 

ОЙЫННЫҢ ҚЫЗУЫНА ТҮСКЕН  БАЛАЛАР, ПЕШКЕ КӨМІЛГЕН ИСІ 

БҰРҚЫРАҒАН ТАПА НАН, АЛТЫБАҚАН ТЕПКЕН ҚЫЗ­ЖІГІТТЕРДІҢ 

КӨРІНІСІ, АУЫЛДЫҢ ШЫНАЙЫ БЕТ­БЕЙНЕСІ, ТҰРМЫС­ТІРШІЛІГІН 

КӨРСЕТКЕНДЕЙ ЕДІ. 

КРИПТАВАЛЮТА ЖАҢА 

ДӘУІРДІҢ АҚШАСЫ МА?



Соңғы жылдары әлемнің назарын аударған – криптавалюта. Былай-

ша айтқанда, электронды ақша. Оның бірлігі  – coin, яғни ағылшын моне-

тасы. Криптавалюта қалай жұмыс істейді, қолымызда жүрген ақшаға 

бәсеке бола ала ма, артықшылығы не? Осыған аз-маз тоқталсақ.   

ҰЛЫҢДЫ ҰРҒАННАН 

БАТЫР БОЛМАС

ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫ ҒЫ – БАЛА. ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨРІМДЕЙ ҰЛ­ ҚЫЗДАРДЫҢ 

ДЕНІ САУ, РУХАНИ БАЙ, ЕҢБЕККЕ, БІЛІМГЕ ҚҰШТАР БОЛЫП ӨСУІ АТА­АНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ. 

ОТБАСЫ  ӨМІРГЕ  СӘБИ  ӘКЕЛІП,  ОНЫ  ТӘРБИЕЛЕП,  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ОРНЫ  ЕРЕКШЕ. 

ҚОҒАМДА ОРЫН АЛЫП ОТЫРҒАН КЕЛЕҢСІЗ ЖАЙТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ДЕРЛІК ОСЫ ОТБАСЫ 

ТӘРБИЕСІНДЕ КЕТКЕН ҚАТЕЛІКТЕР ӘСЕРІНЕН. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ, ТЕЛЕАРНАЛАРДА ҚЫЗУ 

ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТҚАН БҰЛ МӘСЕЛЕ ӨЗ ШЕГІНЕ ЖЕТЕР ЕМЕС. КЕРІСІНШЕ КҮН САНАП ТҮРЛІ 

ОҚЫС ОҚИҒАЛАР ОРЫН АЛУДА. ТАЯУДА ҚЫЗЫН АЯУСЫЗ ҰРЫП, ОНЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫНА 

ЖҮКТЕГЕН АНАНЫҢ ҚЫЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫ ДҮР СІЛКІНДІРДІ. 


№ 44 (166) 3 ҚАРАША, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

– Алғаш рет қаламды 

қолыңызға қалай 

алдыңыз? Сол есіңізде 

ме?

– Әрине, есімде. 

Алтыншы сыныпта оқитын 

кезім болса керек­ті, 

ұстаздарымның мақтауы 

әсер етті ме, әлде ата­

анам жігерлендірді ме, 

әйтеуір, қолыма қалам алып, 

мектеп жаңалығын жаздым. 

Сосын поштамен аудандық 

«Коммунистік еңбек» газеті 

редакциясына жолдадым. 

Бірнеше күннен кейін 

редакциядан хат келіпті. 

Онда менің мақалам газетке 

жарияланатынын және 

алдағы уақытта үзбей жазып 

тұру қажеттілігі жазылыпты. 

Кейіннен қаламгерлердің 

қара шаңырағында арнайы 

болып, сақа қаламгермен 

танысып, аудандық 

газеттің штаттан тыс тілшісі 

ретінде газетпен етене 

араласып кеттім. Кішкене 

жазуға төселе бастаған 

соң «Қазақстан пионері» 

газетінде үстін­үстін 

мақалам шыға бастады. 

– Журналистиканы 

жүрек қалауымен 

таңдадыңыз ба, әлде  

біреудің сілтеуі болды ма?

– Әкемнің арманы мені 

дәрігер ету еді. Өйткені 

бабадан келе жатқан 

мирастық дәстүр болатын. 

Сондықтан «мединститутқа» 

бағыттады. Бірақ мен 

«қайдасың ҚазМУ» деп 

Алматыға тартып кеттім. Үш 

рет жол болмай, соңында 

дайындық бөлімі арқылы 

оқуға қабылдандық. Шүкір, 

қазір нанын жеп отырмыз.

– Еңбек жолыңызды 

республикалық газеттен 

бастапсыз. Одан кейін 

облыстық, қазір аудандық 

басылымда қызмет 

етудесіз. Яғни, газеттердің 

барлық сатысында еңбек 

еттіңіз. Осы ретте, қай 

деңгейдегі газетте жұмыс 

істеген қиын екен?

– Қаламгерлердің 

шеберханасы атанған Әл­

Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің 

профессоры Тауман 

Амандосов: «Нағыз 

журналист болғың келсе, 

алдымен аудандық газеттен 

баста», – дейтін­ді. Мен 

«Жас Алаш» республикалық 

газетінде қалыптастым, 

«Сыр бойы» облыстық 

газетінде шыңдалдым. 

Дегенмен, аудандық 

газетте жұмыс істеудің 

өзіндік ауыртпалығы бар 

екенін түсіндім. Себебі, 

жергілікті жерде жұмыс 

жүргізудің мәнісі бөлектеу, 

елмен күнделікті бетпе­

бет араласуға тура келеді, 

тыңнан тақырып табу 

секілді қат­қабат шаруаға 

сүңгіп кетесің. Ақпарат 

ағыны көп, сұраныс одан 

да ауқымды болғасын 

уақытпен санаспауға 

тиістісің. Негізінен мен түн 

құшағында саяқ отырып, 

еркін көсіліп жазуға 

машықтанғанмын. Бұл қалам 

құдіретінің құндылығын 

қанықтыра түседі. Жалпы, 

ұйқыны жеңген адамнан 

жақсы журналист шығатыны 

белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет