гидравликалық майлар және т.б) олардың тауарларын пайдалану
кезінде пайда болатын қалдықтарды өңдеудің өзіндік жүйесін
ұйымдастыруға міндетті немесе оларды қайта өңдеу үшін құрылған
ӨКМ ұлттық операторының²⁹ есепшотына төлем аударуына болады, ал
ол, өз кезегінде, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастырып, оның
ішінде іріктеліп алынған қайта өңдеуші компаниялардың қызметін
төлеп, лайықты технологиялық дамуды ынталандыру қажет.
Мемлекеттік сатып алулар үшін «Қазақстан Республикасы
аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан жасалынған
тауарға сертификаттаудан өз еркімен өткен» тауарлары бар тауар
қоюшы кәсіпкерлерге артықшылықтар енгізілген.
Коммуналдық қалдықтар полигонына кейбір тұрмыстық қатты
қалдықтарды – оның ішінде, сынабы бар шамдар мен құралдар, шыны
сынықтары, қара және түсті металл сынықтары, қызмет етіп біткен
автомобиль майлары мен сұйықтары, литий, қорғасын-қышқыл
батареялар, оргтехника, пластмасса қалдықтары, қағаз бен картон
қалдықтары, тұрмыстық техниканы қабылдауға тыйым салынған;
коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау ұстанымы енгізілген;
коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері мен оларды
бөлек жинау міндеттемесі енгізілген; қалдықтарды қабылдап,
тасымалдау және утилизациялаумен айналысатын ұйымдар үшін
қалдықтармен жұмыс істеу саласы бойынша стандарттарды жасау мен
оларды міндетті түрде сақтау талаптары енгізілді;
Шығарындыларды мемлекеттік тіркеуді қалыптастыру мен
ластаушыларды қоршаған ортаға төгілуіне байланысты ірі өндіріс
кәсіпорындарының эмиссиясы туралы қажеттілік енгізілді. Анықтықты
қамтамасыз ету мақсатында регистр ашық қолжетімділікте
орналастырылады.
Мардымсыз әсері бар ұсақ кәсіпорындар үшін қоршаған орта
саласындағы рұқсаттама беру рәсімдері оңайлатылған (мерзімсіз
экологиялық рұқсаттама, қоғамдық тың далымдарды өткізу
қажеттілігінің жоқтығы).
Достарыңызбен бөлісу: