да модельдері бар. Олардың кейбіреулері әдейі жаңылдырады,
мысалы, «таза экономика» ұғымы, алайда қоршаған ортаға әсерін
мүлдем тигізбейтін адам әрекетінің жоқ екендігі баршаға аян. Басқа
атаулар, біздің ойымызша, «Жасыл экономика» сияқты әдемі естілмесе
де, бұл жаңа экономикалардың енгізетін өзгерістерінің мағынасын тура
ашатын сияқты.
Осындай атаулардың бірі –
атауына
«Циклдық экономика»,
сәйкес бұл экономика – кез-келген қорды жоғалтуды болдырмау үшін
барлық экономикалық процесстердің
циклдық тұйықталуын қарасты-
рады. Егер Циклдық Экономикада жоспарланып отырған технологияда
немесе өндірісте белгілі бір қордың қайта толмас шығыны болса, онда
ол технологияны немесе өндіріс құрылысын жүзеге асырмас бұрын
пайда болатын шығындар мен қалдықтарды басқа технологиялардың
қор көзі ретінде орналастыруды қамтамасыз ететін заңнамалық,
технологиялық және экономикалық іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
«Инклюзивті Жасыл Экономика»
Жасыл
Экономика моделінің
әрі қарайғы дамуы болып табылады (ағылшынның “inclusive” – «өзіне
қосу»), және соңғы кездері БҰҰ бұл идеяны қолдап, алға жылжытып
отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылы ЮНЕП «Инклюзивті жасыл
экономика: көшбасшылар үшін түйіндемені»¹⁴ жариялады, онда «бірігіп
пайдалану, циклдылық,
серіктестік, ынтымақтастық, тұрақтылық,
мүмкіндіктер және өзара тәуелділік» деген ұғымдарға баса назар
аударылған.
Инклюзивті жасыл экономика қоршаған
орта мен денсаулыққа
кеңінен танымал қатерлер тудыратын, үнемсіз тұтыну мен өндіріске
жағдай жасайтын, экологиялық және
қор потенциалының тапшылы-
ғына, теңсіздікке әкелетін қазіргі таңда басым болып отырған эконо-
микалық моделдің баламасы болып табылады. Бұл – тұрақтылықпен
қатар тұрақты әрі өркендеуші қаржылық жүйенің функциясы ретінде
әлеуметтік әділеттілікті көтеру мүмкіндігі болып табылады. Бұл –
кедейлікті құрту мен адам денсаулығы, әл-ауқаты мен дамуы негізіндегі
экологиялық стандарттарды қорғау.
Соңғы он жылдарда «жасыл экономика»
тұжырымдамасы
көптеген елдердің үкіметтері мен үкіметаралық ұйымдар үшін
13
¹⁴Uncovering Pathways Towards An Inclusive Green Economy A Summary For Leaders,
UNEP UN, 2015 - http://web.unep.org/greeneconomy/sites/unep.org.greeneconomy/
files/publications/ige_narrative_summary_web.pdf
стратегиялық басымдылыққа ие болды. Бүгінгі күннің өзінде кем
дегенде 65 ел, оның ішінде Қазақстан да бар,
Инклюзивті Жасыл
Экономикаға апарар жолға түсті. Өз елдерінің экономикасын қоғамның
тұрақтылығының жылжытушы күшіне айналдыра отырып, олар XXI
ғасырдың негізгі міндеттерін – өсіп келе жатқан урбанизация мен қор
тапшылығынан бастап климаттың өзгеруі мен экономикалық
тұрақсыздыққа дейінгі мәселелерді шешуге жұмылған.
14
Жаңа экономиканың қажет болғандығын, оның алдында қандай
мақсаттар
тұрғанын анықтағаннан кейін, шын мәнінде Жасыл
Экономиканың қандай болатынын және оның «қоңырдан» қандай
айырмашылығы бар екендігін түсіну үшін нақты мысалдарды
талқылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: