29
О ПРОЕКТЕ
2014 жылы Қазақстанда
«Азаматтардың құқықтарын іске асыру
және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға
қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын
тәжірибелік іске асыру»
жобасы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға
бірден төрт ұйым тартылды:
- «Арника» үкіметтік емес ұйымы,
Чех Республикасы
(http://english.arnika.org)
- «Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайы» ҚБ
(http://ecomuseum.kz)
- «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ,
Қарағанды
- «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі, Ақтау қ.
(http://ecomangystau.kz/)
Ғаламшардың әр нүктелерінде орналасқан олардың мақсаттары
ортақ – адамдар мен табиғаттың үйлесімді әрі қолайлы тіршілік етуіне
жағдай жасау.
Қазір, жоба өз жұмысын аяқтағанда, оны жүзеге асыру бойынша
кейбір қорытындыларды шығаруға болады:
Жоба сарапшылары «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау
процесіне жұртшылықтың қатысуы және
қоршаған ортаға қатысты
30
мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» Орхусс конвенциясы
нормаларының Қазақстанда сақталуы бойынша алған міндеттерін
орындауына байланысты тәуелсіз мониторинг жүргізді. Бұл жұмыстың
нәтижесі ұлттық және халықаралық
кездесулер мен форумдарда
айтылды.
Бүкіл жоба бойы біз қарапайым адамдардың экологиялық
сұрақтар бойынша шешім қабылдау процесіне қатысу құқығы мен
ақпаратқа қол жеткізу туралы ақпараттандыру
жұмыстарын белсенді
жүргіздік.
Маңғыстау облысының «ыстық нүктелерінің» интерактивті
картасы жасалды және олардың экологиялық жағдайын жақсарту
жұмыстары басталды.
Жоба сарапшылары 2013 жылы Энегетика министрлігіне кейбір
кәсіпорындардың өз еріктерімен
берген атмосфераға жайылған
шығарылымдары туралы деректерді өңдеп, қоршаған ортаны ластаушы
заттардың ірі деректер қоры құрылды. Бұл кәсіпорындар интерактивті
картаға енгізілді, ал олардың шығарындылары жұртшылыққа түсінікті
болу үшін кестелер түрінде көрсетілді. Барлық материалдарды еш
қиындықсыз жобаның сайтынан табуға болады.
Шағын гранттар бағдарламасы жүзеге асырылды, бағдарлама
аясында Маңғыстау облысының қоғамдық ұйымдары мен бастамашыл
т о п т а р ы ж е р г і л і к т і э к ол о г и я л ы қ м ә с ел ел е рд і ш е ш у ү ш і н
консультациялық және қаржылық қолдау алды.
Жоба сарапшылары Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасына сараптама жасап, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар
дайындады.
Қоршаған орта мәселелері
бойынша шешім қабылдауға
азаматтардың қатысу белсенділігі мен әлеуетін арттыру үшін БАҚ,
мемлекеттік құрылым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен
мүдделі жұртшылық қатысқан кездесулер, дөңгелек үстелдер,
семинарлар өткізілді.
Біз өзекті экологиялық мәселелерді көтереміз және пікірсайысқа
азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен
мемлекеттік билік өкілдерін
тарта отырып, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын қарастырамыз.
Аталған ірі жобаны Европа Одағының және Чех Республикасының
Сыртқы істер министрлігінің «Transition Promotion» бағдарламасының
қаржылық қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін болмас еді.
Жобаның Чехиядағы үйлестірушісі:
Мартин Скальский -
martin.skalsky@arnika.org
Жобаның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі: Анна Андрейчук -
anna.andreychuk@ecomuseum.kz
Ж о б а н ы ң а й м а қ т ы қ ү й л е с т і р у ш і с і : К и р и л л О с и н -
osinkirill@gmail.com
Жоба туралы толығырақ
сайтынан және
Достарыңызбен бөлісу: