Безымянный-1


«халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, болашақ ұрпақтың



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#65549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жасыл экономика

«халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, болашақ ұрпақтың 
мүддесінде табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын 
және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес табысты 
экономика»
¹², - деп сипаттама береді Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің сайтында¹³ Жасыл Экономикаға мынандай анықтама береді: 
«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен 
қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы 
пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін 
экономика. 
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта 
сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды 
үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға 
бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» 
технологиялар жатыр. 
Қазақстандағы қабылданған Жасыл Экономика анықтамалары 
БҰҰ ұсынған және қоғам алдында тұрған барлық проблемаларды 
қамтымаса да, ұлттық экономиканы жасылдандыру бойынша біздің 
еліміз аймақ бойынша көш басында тұр. Ағымдағы, - Жасыл Экономика 
¹²«Қазақстанның «жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» 2013 г., 
http://strategy2050.kz/ru/news/1211 
¹³http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_nat_eco/ecologiya/ar
ticle/green_ekonomika&lang=ru 


ұстанымдарына көшудің бастапқы кезеңінде қазақстандық нұсқа 
қорларды тиімді әрі ұқыпты пайдаланатын индустрияның дамуы 
негізінде үздіксіз тұтыну моделін дамыту идеясына ықыласты.
Қорыта айтқанда, Жасыл Экономика бұрын болғандай тек 
«экономиканың» ғана мүдделерін есепке алмайды, сонымен бірге 
халықтың әл-ауқатын көтеру мен қолайлы табиғи ортаны сақтап қалуда 
әлеуметтік жауапкершілікті жоғарылатудағы қоғамның мүддесін де 
көздейді. Бұл мүдделердің бір-біріне қарама-қарсылығы және олардың 
арасындағы қайшылық пен қақтығыстардың болатындығы бір 
қарағаннан-ақ байқалады. Жасыл Экономика осындай қайшылықтарды 
шешіп, қақтығыстарды жаңа технологиялық әдістерді пайдалану, 
заңнаманы өзгерту, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дәстүрлер 
мен тәртіпті мемлекеттік реттеу арқылы шешуге бағытталған. 
Жасыл экономика – бұл бірінші кезекте табиғатты сақтауға 
мүдделі экономика деп ойлауға болмайды. Жоқ, Жасыл Экономика, ең 
біріншіден, - «экономика», содан кейін барып «жасыл». Сондықтан 
Жасыл Экономикаға көшу кезінде шағын кәсіпкерлікке қатысты кейбір 
табиғат қорғауға байланысты заңнамалық талаптардың босаңсуын 
байқасаңыз, таң қалмаңыз. 
Себебі «қоршаған ортаны қорғауды құжаттауға» жұмсайтын 
қоғамның ысырабы мен қисынсыз шығыны шағын кәсіпкерлік 
әрекеттен гөрі экономика мен табиғатқа көбірек зиян келтіруі мүмкін, 
мысалы селолық дүкен мен шаштараздың қызметтік әрекетінен гөрі 
олардың облыс орталығына ірі зауытпен қатар экологиялық рұқсаттама 
алу үшін бірнеше мәрте барып, едәуір ақша құртуы көбірек зиянды. 
Көптеген дамыған елдерде мұндай шағын бизнес экологиялық 
реттеуден босатылған.
Бейнелей айтқанда, Жасыл Экономиканың мақсаты ескіден келе 
жатқан «Құда да тыныш, құдағи да разы» мәтелінің қиын шешімін табу 
болып табылады. Бұл мүмкін емес сияқты, алайда Жасыл Экономикан-
ың кейінгі жылдардағы жетістіктері қоғамның саяси ерік-жігерін, қоры 
мен күшін шоғырландырған жағдайда ол мақсатқа қол жеткізудің 
шынайы мүмкіндігіне негізделген үміт пен сенім сыйлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет