Суреттер: Не болды?
|
Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.
|
Сөзді тап
|
Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табуы керек.
|
Бинго
|
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
|
20 сұрақ – иə-жоқ деген жауап
|
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы, оқушы бір физикалық ұғымды жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай ұғым екенін табуы керек.
|
Айырмашылығы неде?
|
Оқушыларға екі түрлі мәтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
|
Құпия зат
|
Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.
|
|