Безымянный-2



бет4/6
Дата12.11.2022
өлшемі37,32 Kb.
#49614
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Ыстық орындық

Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, формуланы, геометриялық фигураны, т.с.с. (мысалы, пирамида) сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беруі керек.

Миыңның суретін сал

Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.

Тізбектен не түсіп қалған?

Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды сұраңыз. Мысалы, жанама –түзу, транспортир –?

Бір минут

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Қатырылған жақтау

Оқушылар физикалық тұрғыдан нені меңгергендерін драмалық көрініс жасай отырып, көрсету үшін шағын топта жұмыс істейді.

5-5-1

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Хабарлама

Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет