Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз.
Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.
Байланысқаноқу
Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз.
Келесі оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды пайдаланады.
Талқылау тəсілдері
Оқушыларға жазу мен оқу бойынша тапсырмаға берілетін уақыт сияқты ауызша пікірталасқа берілетін уақыт та мұқият құрылымдалуы керек. Төменде талқылауды құрылымдауға көмектесетін əдіс-тəсілдер тізімі берілген.
Екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмасуына болады.