Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
ауыз, орақ тілді шешен билерді жинап, ел, мемлекет мәселесін шешуде
кеңесіп отырған. Тәукенің саяси бірлікті нығайту бағытында билер кеңесінің
маңызы ерекше болды. Билер кеңесіне тұрақты күші бар, кеңесші мәртебесі
берілді. Билер кеңесінің шешімімен хан міндетті түрде санасқан.
Билер
кеңесі заң шығарушы міндетін де атқарды. Сот істерін жеке билер шеше
алмаған жағдайда, осы билер кеңесі немесе хан қарайтын болған.
Тәуке ханның заманында билер кеңесімен қатар «халық жиналысы»
өткізіліп тұрған. Ол орыс деректерінде «старшындар жиналысы» делінеді (И.
Гаполлова. Присоединение Казахстана к России. А-А. 1948, 121-стр). Орыс
елшілері Скибин мен Трошин, Кобяков мәліметтерінде: «20-желтоқсанда
(1693) Тәуке хан Қазақ ордасының игі жақсыларын жинады», енді бірде олар:
«Тәуке ханға Түркістанның ұлыстарынан қожа мен қазақтар келіп, Ресей
туралы айтты»,- деп хабарлайды. Халық жиналысы төтенше жағдайда ғана
емес, сыртқы саяси мәселелерді шешу мақсатында да шақырылып отырған.
Тәуке тұрақты күздік жиылыс бекітеді. Бұл туралы оның заңында былай
делінген: «Хан, басқа сұлтан, ақсақалдар, ру басылары тең халық ісін шешу
үшін күзде жиналуы қажет және мұнда қару жасанып келуге міндетті» (А.
Левшин. Описание киргиз-казачьих орд и степей. СПБ, 1832, ч.3. стр. 177).
Басқару жүйесінде білікті
билер мен батырларды таңдап, оларды қасына
топтастыра білген Тәукені орыс тарихшысы А.И. Левшин «Спартаның
ақылгөй заңгері Ликургпен» теңеген еді.
Сонымен, Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою
мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар
мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. Жыл сайын Күлтөбеде
(Ташкент маңы) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы
тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға
айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің
құқығының қорғалуын, сақталуын қатты қадалаған.
«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мәселен, кісі өлтіргендер үшін
«қанға қан, жанға жан алу» ұстанымы сақталады.
Кейбір жағдайларда өлім
жазасын соттың келісімімен құн төлеумен ауыстыруға болады. Бұл – осы заң
жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайтын бап. Құн
қылмыстының өзінен немесе ру мүшелерінен алынады. Кісінің денесіне
жарақат түсірген болса, құн төлеуге тиіс болады. «Жеті Жарғыда» әйелдер
құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Қыз-келіншекті зорлау, алып қашу өлім
жазасымен теңестіріледі.
Осы заң бойынша әкенің билігі баянды етіледі. Ол – қамқоршы,
сондықтан оның ризалығын алмай, отбасының кез-келген мүшесі ешбір
шешім қабылдамайды. Әкесіне немесе шешесіне қол көтеріп, балағаттаған
баланы
қара сиырға отырғызып, ауыл іші аралатып, қамшымен соққан. Бір
себеппен (аңдаусызда) баласын өлтіргені үшін ата-анасы ешқандай жаза
алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан (қасақана) өлтірген әйел өлім
жазасына кесіледі.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Мал мен мүлікті ұрлағанда қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған
кісі ұрлап алғанын тоғыз есе етіп қайтаруы керек. Өзін-өзі өлтіргендерді заң
бойынша бөлек жерге жерлейді. Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы
кесіледі. Құдайға тіл тигізген кісі жеті адамның куәлігі арқылы анықталса,
таспен ұрып өлтіріледі. Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен
айырады. Әрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз жүрсе, оған да айып
салынады. Бұл жаугершілік заманда кешірілмес күнә саналған. «Жеті
Жарғы» бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді және салық түрлері
(аманаттық салық, ру
басыларының борышын төлеу, хандық билік, қару-
жарақ) белгіленеді. Заң құқық ережелерінің жеке салаларын (қылмыстық,
азаматтық, басқару) да қамтыған.
Сонымен, «қазақ заңы» діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс
жағдайын реттеуге бағытталған Қазақ хандығының ерекше тарихи
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақша
«жарғы»
әділдік
деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан,
нәрсенің
салмағын дәл, әділ айырудан шыққан. Қасым ханның
жаңадан көтерген
жарғысы
ел
мүддесіне сай келгендіктен, халық бұқарасы оны «қасқа жолы»
деп атап кетті. Оған кірген ережелер: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң,
елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Есім ханның «ескі жолы» деп аталудың
себебі, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі жүлгемен жасалған негізгі заң
сипатындағы
Достарыңызбен бөлісу: