Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
3. Кіші Жүз аумағындағы 1837-1838 жылдардағы көтерілісті жазу.
4. Қазақстан аумағындағы сұлтандар қозғалысының себептері мен
сипатын ашыңыз.
5. ХХ
ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы аграрлық
қозғалыстың себептерін ашыңыз.
6.
Қазақстандағы
заводтар
мен
фабрикалардағы
жұмысшы
қозғалысының себептерін ашыңыз.
7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан
экономикасына әсерін
көрсетіңіз.
1.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру
және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла
бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта
азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің
қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік
реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен
ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі,
яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары
енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы
Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін
өзгертуге тура келді.
1822-1824 жж. Жарғысымен көшпелі
мемлекетті басқарудың саяси
институты жойылды, 1867-1868 жж.
Уақытша ережемен
рулық
институттарды жоюдың шарттары жасалды. Логутов былай деп жазады: «Бұл
уақытқа қарай (ХХ ғ. басы) кезінде қаһарлы қазақ одағы ыдырап, ал 1822
және 1868 ж. орыс заңдары қазақтардың өзін-өзі басқаруын толығымен
жойды. Хандар билігі қысқартылды, қазақтар енді рулық белгілері бойынша
емес, аймақтар бойынша бөлінді, ал олардың басқарылуы «қазақтардан
шыққан бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің
қол шоқпарлары
болды» (Казактардың рулық тұрмысының очеркі және бұрынғы Семей
губерниясының аймағындағы қазақ руларының бөлінуі. М., 1929.). Дәл осы
қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, халық бұл дәуірді
Зар Заман
деп атады. Дегенмен бұл қоғамның ұйымдастырылуы,
қызмет
етуі, басқарудың түрі мен мазмұны өзгертілсе де, рулық принцип өз мәнін
сақтап жойылған жоқ. Бұл феномен туралы Гейнс былай деп жазды: «не алыс
туыстық, не ұрпақтар ыдыраңқылығы, не ішкі келіспеушіліктер еш нәрсе
ортақ рулық шығу тегі туралы естеліктерді жоя алмады» (Әдеби еңбектер
жинағы. СПб., 1898.).
Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері
қазақ қоғамының құрылымдық
жүйені жою мақсатында рулық принциптеріне көбірек көңіл бөлді: «1867 ж.
қабылданған Ережелерде қазақ руларын бөлу мақсатымен көшпелі халықты
болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігі ұсынылды, өйткені рудың және ру
басшысының қоластында біріктірілу саяси тұрғыда Ресейге зиянды деп
танылды». Қазалы уезінің бастығы генерал-губернаторға жіберген есеп
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
хатында жазғаны: «күшті туыстары бар қазақтардың тұрмысы ауқатты
болады, өйткені қиын сәттерде байлар өздерінің кедей туыстарына
көмектеседі және жиі жағдайда олар үшін салықтарды төлейді, ал кедейлер
өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық
басқару әлі де өз мәнін
жоғалтпағандығымен және қазақтардың арасындағы ру басының ықпалы
орыс әкімшілігінен де жоғары болғандығымен түсіндіріледі» (Гродеков
Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). «Бұл ру маңында
халықтың барлық экономикалық және әлеуметтік өмірі шоғырланған уақыт
болды, өйткені қазақ одағында тек ру ғана дербес құқықтық бірлік ретінде
танылған және тек соның құрамына кіргендер ғана қажетті ұжымдық
қолдауға ие болған» - деп жазады Логутов.
ХІХ ғасыр бойы жүргізілген бірқатар
отарлық реформалардан кейін
және ХХ ғасырдың басында рулық құрылымдарды жоюға бағытталған
күшейтіліп өткізілген қоныс аудару саясатынан кейін орыс үкіметі қазақ
өркениетінің дәстүрлі институтының жасытылуына қол жеткізді. Жер мен
кеңістікті еркін иеленіп, мүдделерін табысты қорғаған Қазақ қоғамы бірте-
бірте субъективті психологиялық күйзелу дерегіне айналды. Бұл құбылысты
Румянцев былай деп жазған еді: «Қазіргі
бейбіт қазақты көріп, кезінде
қаһарман жауынгер және дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын»
(Румянцев. Өткен және қазіргі замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.).
«Ережелер» аумақтық ұйымдарды енгізді, әрбір құрылымға белгілі
аумақтарды бекітті, осы арқылы құрылымдық байланыстың екі әр түрлі және
қарама-қайшы түрлерінің енгізілуіне негіз салынды. Патша үкіметінің жерді
өз қажетіне пайдалану мен иелену жүйесін жаңадан енгізуі дәстүрлі жерді
пайдалану жүйесінің бұзылуына әкелді. Ол, өз кезегінде қазақ қоғамының
шаруашылық және әлеуметтік жүйесін де бұза бастады.
Қазақ жері Ресейдің мемлекеттік
меншігі деп жарияланды, енді орыс
өкіметі оны жаттандыруға заңды құқық алды. Дәстүрлі билік құқықтары
жойылды, барлық ресми билік орыстың шенеунік аппаратының қолында
шоғырланды.
2.
Сословиелік жеңілдіктер алынғаннан кейін қоғамдық қызмет
бойынша жоғарлатылу құқығын тек
Достарыңызбен бөлісу: