Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. Ерте орта және дамыған орта ғасырлардағы



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

3-тақырып. Ерте орта және дамыған орта ғасырлардағы 
мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ.)
 (1 сағат)
1. Түрік және Батыс Түрік қағанаты (552-603 жж.).
2. Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Қидан мемлекеттері.
3. Оғыз, Қимақ және Қыпшақ хандықтары. 
4. Найман, Керейт және Жалайыр ұлыстары. 
5. VІ-ХIII
 
ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. Л. Гумилевтің 
«Көне түріктер» кітабы бойынша танымдық 
тапсырмаларды орындау: түріктердің тілдік қатынасын айқындау, салт-
дәстүрі, діни сенімдері бойынша конспект жасау. 
2. С.Г. Кляшторный, Т.И. Султанов. «Казахстан: летопись трех 
тысячелетии» кітабы бойынша танымдық тапсырмаларды орындау: түріктер 
үшін әлеуметтік идеалдардың маңызын ашу. 
1. 
Біздің заманымыздың І мыңжылдығының орта тұсынан бастап Ұлы 
Далада этникалық үрдіс пен саяси өмірде елеулі өзгерістер бастау алды. 
Мифтік дүниетанымдық көзқарас орнына адамның тарихи аспектіде әлемдегі 
орнын айқындау шарты көрініс табады. Бұл тұста түркі тілдес тайпалар бірте-
бірте үстемдік ала бастады. Әлеуметтік даму және аймақтық саяси 
ынтымақтасу процестерінің тездей түсуі түркі тілдес тайпалардың ірі 
мемлекеттік құрылым (қағанат) құруына жол ашылды. Олар Қиыр Шығыстағы 
Корей түбегінен батыстағы Карпат тауына дейін, солтүстікте Байкал мен 
Енисейден оңтүстігінде Үндістанға тірелетін жалпағынан созылған кең 
байтақ алқапты өзіне қаратты. 
542 жылға жататын қытай жылнамалары: «cолтүстік-батыстан туцзю 
(түрік) елі шапқыншылық жасады»,- деп түрік атауын алғаш рет қолдана 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
бастады. Алтай аймағында сатылап құрылған орда құрылымы VІ ғасырда 
түрік
атауымен тарих сахнасына шықты. Қытайлықтар туцзю, тюркут, соғдылар – 
турк, туркут, византиялықтар, арабтар, ирандықтар – түріктер деп атаса, орыс 
деректерінде половец пен печенегтермен қоса торк атауын да кездестіреміз. 
Түрік қағанатының алғашқы кезеңіне байланысты ескерткішті археологтар 
1968 
жылы 
қазіргі 
Монғолия 
территориясында 
тапқан 
болатын. 
Шапқыншылықтан аман қалған бала мен бөрінің бейнесі осы 
ескерткіш 
құлпытасында
бейнеленген. Генеалогиялық аңызға сәйкес түркі тектес елдің 
бабасы он жастағы ұл баланы – қасқырдың анасы асырап алыпты. Одан туған 
он бала Алтайдағы тайпалардың басын қосқан, Алаша дәстүрін жандандырған 
– Түрік-Ашина әулеті түрік әлемінде ұйтқы болды. Тарихи сабақтастық 
мұрындық болған түркілердің өміріндегі негізгі компоненттері ерте дәуірде 
қалыптасқан еді. Орталық Азияның түркі тілдес, сонымен қатар енисей 
қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар – Ашина ұрпақтары болып 
табылады. 
Түрік қағанатының құрылу уақыты VІ ғ. бастау алса да, онда түріктік 
мәдени компоненттердің бірігуімен қатар, олардың дербестікке деген нышаны 
да қатарласып жатты. Осы жайттар небәрі жеті ғасырда түркі тектес елдің он 
шақты мемлекет құрғанын білеміз: Көк Түркілер қағанаты, Шығыс Түрік, Батыс 
Түрік, Түркеш, Қарлық, Ұйғыр, Хазар, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан, Қимақ, Найман 
және тағы басқа. 
Ерте түрік мемлекеті – Түрік Қағанаты (551-603) 551 жылы Бумын 
басшылығымен пайда болды, тайпа көсеміне Қаған лауазымы тағылды. Оның 
мұрагерлері Қара-қаған (552-553), Мұқан-қаған (553-572), Таспара-қаған (572-
581) билік құрды. Тарихи деректер: «Қытай мемлекеті алым-салық төлеуге 
мәжбүр болды; іргелес қоныстанған – Парсы, Византия елдері саяси-
экономикалық қатынас орнатты», - дейді. Махмұт Қашғари: «түріктердің 
күнбатыста Ұрым (Рим), күншығыста Қытайға дейінгі байтақ, сегіз мың фарсах 
шамасындағы жерді иемденгенін», - жазып кеткен болатын. 
Сонымен, түрік елі бір әулет билігіне топтасты. Күрделі дамыған 
империялық басқарудың саяси құрылымын жаратты. Шаруашылығы әр 
типті халықтар мен елдерді өзіне бағынышты және мұқтаж етті. 
Мұқтаждық - әулетке тікелей бағыну немесе алым-салық төлеумен реттелді. 
Көшпенділердің құрған мемлекеті империя (қағанат) түріне айналды. Осы 
тұрғыда Түркі қағанаты ғұндар дәстүрін жалғастырып, еуразиялық империя 
құрылымын жасады.
Ежелгі түріктер ерекше 
өркениет
ошағын құрды. Біртұтас билік 
шеңберінде болмыстың жаңа серпінді формалары көрініс тапты, оның жаңа 
коммуникативтік құралдары ретінде – урбанизация үрдістері жанданды
қалаларды салды, дүниетанымда - фәлсафалық талпыныстарымен әлемдік 
«Тәңір» дінін жаратты, мәдениеттің қажетті межесі деп - Ұлы Дала болмысына 
тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет