Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет15/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
арғын
емес, 
арғұн
немесе 
арғы
(ару)
ғұн
болу керек. Академик Әлкей Марғұлан 
жариялаған Еділ (Атилла) патша заманынан бері ел аузында сақталып 
келген «Алаңқай батыр» туралы жыр-дастанда «Арғы атам менің 
Арғұнбек, Жалғыз шауып жауды алған» дейді. Осы дастанның құндылығы, 
біріншіден – Арғұндар атауы Еділ заманынан да бұрын белгілі болуы; 
екіншіден – ғұн, Еділ заманынан сақталған жазба деректермен астасып 
жатуы. Яғни, жырда аталатын тарихи тұлғалардың аттарында Еуропаның 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
жазба деректерімен ұқсастық кездесіп отырады. Мысалы, Геродот скифтің 
патшасы Тарғытайдың үш ұлы болған дейді, олар: Липоксай, Арпоксай, 
Қолақсай. Осы ұқсастық жырда аталуы: Молақсай, оның баласы Алаңқай – 
Арпақсай, нағашысы Құлансер – Құлансай – Қолақсай зерттеушіге сырды 
ашуға мегзейді. Геродот «Мельпонема» кітабында: «... ағаштан істеген 
үйлері бар, оны ақ киізбен жабады. Төңіректегі жұрт оларды киелі 
санайды. Көрші елдердің дау-шараларына төрелік айтады. Бұл халықтың 
аты аргиппей» деп, басқа да ерекшеліктерін жазады. Птоломей б.д.д. ІІ 
ғасырда ғұндар (ғұн атауын қателіксіз белгілеуінде) Солтүстік Кавказда 
отырғанын айтады. 
Көшпенділермен алғашқы кездескен эллиндер кейінгі ұрпақтарына 
салт атта отырған жауынгерлерді бірінші көргенде «кентаврлар» (человек 
лошадь) деп үрейлі атау қалдырды. Эллин, Ұрымдықтар екі теңіздің 
ортасында мекендеген халықты гипорборейлер, жалғыз көзді құбыжықтар 
деп атапты. Бұл жердегі бір гәп (
жалғыз көз
деген сөздің тарихын ашу) 
ғұндардың қолданған ұранында болуы керек. Шынайы түркі тілінде ғұн, 
гүн, һүн бір ұғым береді – «күн» немесе «шығыс» деген мағынаға саяды. 
Басқа елдерге 
төрт көзді
Ғұндар бірлігіне жататын: Арғұнда, Барғұнда, 
Өрғұнда, Дарғұнда бір ғана ғұндар болып табылады. Төрт ірі тайпадан 
құрылған бірлестік сыртқы жұртқа бір ғана ғұн болып танылғанымен, 
өздерінің аумақтық және басқа да себептерге байланысты өзара бір-бірін 
өрдегі ғұндар
(өрғұн, орхұн, орхон ), 
дара ғұндар
(дарғұн, таргин, даргин ), 
бергі ғұндар
(бұрғұн, барғұн, барын ), 
арғы ғұндар
(арғұн, аруғұндар) деп 
бөлініп отырған. Осы ғұндардың негізгі белгісі - өзінің атына сай және 
күншығысты мегзейтін күн таңбасы – дөңгелек 
күн
суреті. Әлемге 
жайылған ғұндар осы таңба арқылы танылған. 
Бір көз, екі көз, үш көз,
төртеуі біріксе, 
төрт көз
суретін салған туларын желбіретіп, көрші 
елдерге ел бірлігін айбар қылып көрсетіп, бірліктерін осылай бекітіп 
отырған. Қазақтан қалған мұра сөз - «
Төрт көзің түгел болмай
...» деген 
нақыл сол кезден келіп отырған жоқ па? Еуропа елдеріне ишкуз деп атын 
қалдырған ел – осы ғұндардың үш тайпа бірлігі – үш көз. Монғол ханы 
Мөңкеге бара жатқан Людовик ІХ – елшісі, монах В.Рубрук Іле алқабында 
«Эквиус қаласында болдым, одан шығып қарлықтар астанасы Қойлықта 
болдым. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар 
тұрады екен»- деп, жазады. Сондағы қазіргі Дунгановка селосының 
орнында болған Эквиус – ғұндардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет