Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


тілге  көңіл бөлінуі тиіс. Себебі  тіл



Pdf көрінісі
бет28/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

тілге 
көңіл бөлінуі тиіс. Себебі 
тіл
арқылы әрбір 
халықтың тарихын түсінуге көмегі тиетін айғақтар баршылық.
Кейбір тарихшылар «қазақ» сөзін қазақ халқының ежелгі этникалық 
атауы десе, ендігілері оны мифиялық көріністерімен байланыстырады, 
келесілері «қазақ» терминінің құралуы екі сөздің «қас» және «сақ» 
ұғымдардың қосылуынан болды дейді, енді біреулері «қазақ» атауының 
қалыптасу негізіне «әулеттік» мағына береді, сонымен қатар, осы ұғымға 
исламдық мағына беретіндер де бар. 
Қытай, араб, ұрым, орыс және т.б. елдердің жылнамаларынан «қазақ» 
сөзінің әртүрлі вариантта түсіндірілген сөздің бар болғанын білсек те, ол 
этникалық атауды білдірген-білдірмегені ғылымға әлі құпия болып отыр.
Көне түркі тілінде жазылған құлпытастарда осы «қаз» түбірінен туындайтын 
сөздер кездеседі, олар мыналар: қазғану, қазғандұқ, қазғантұқын, қазғанмасар 
және қазғақ оғлұм. Осы сөздер қажырлы қайрат жұмсау, күресу, талпыну, 
еркіндікке ұмтылу, ерлік істеу, табысқа қол жеткізу және мықты, берік, 
жойқын, алып мағыналарында кездеседі.
Сөйтіп, «қазақ» ұғымы әртүрлі мәндерге ие болды, олар: 
1. Аңыздың пайымдауынша қазақ сөзі ақ-қаздың ұғымынан шықты 
дейді.
2. Қазақ сөзі түркі тілдеріне енгеннен бастап ХІІІ ғасырдың аяғына 
шейін 
«еркін жүрген жалғыз басты»
ер жігіттің ерлік қасиетіне байланысты 
сөз рөлін атқарды. Соның ішінде бұл сүйікті сәбидің есімінің, жау жүрек 
қолбасшының, батырлардың, құрметті лауазымының да баламасы болған. 
3. ХІІІ ғасырдың аяғынан бастап, бұл сөз хан, әмір, сұлтан жеңіл 
қаруланған атты жасағының атауы болады. Одан кейін Алтын Орданың 
ыдырауы қарсаңында хан әскерлерінің төменгі, жеңіл қаруланған бөлігінің 
атауына айналып, оның орнында құрылған ұлыстық хандықтардың 
нығаюына зор тірек болса керек. 
4. ХV ғасырда қалыптасу үрдісі аяқталған қазақ мемлекеті мен қазақ 
халқының атауына ие болды. 
5. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы крепостнойлық езгіден қашқан орыс-украин 
кедейлерінің құрған жеңіл атты жасақтарының атауына айналды. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қазақтың шежірелері мен аңыздары «қазақ», «алаш», «жүз» деген 
атауларды бір-бірімен байланыстырып шертеді. Осы ұғымдар көшпелі 
өркениетке тән қарым-қатынастар түзеу үстінде пайда болды. Бұл арада 
айтайын дегенім, қоғамдық ұйымдасуын білдіретін ру, тайпа, жүз, тағы сол 
сияқты әр түрлі деңгейлер иерархиялық жүйе құрамындағы саяси құрылым, 
оның көрінісі болып билік қатынастары туысқандық, ағайындық жүйелермен 
бекітіледі. Сол себепті «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген 
ұстаным әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық, тағы 
сол сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін 
білдіріп, жалпы тұтастықтың ұйтқысы ретінде билік қызметін атқарды. 
Сондықтан қазақ, алаш, жүз сөздерінің мән-мағынасы бір-бірімен тығыз 
байланыста.
2. 
Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ қоғамы өзара тығыз және
мағыналы байланыста болған әулеттік топтар мен қоғамдық топтардың 
иерархиялық ұйымдастырылған әлеуметтік құрылымы түрінде қалыптасқан. 
Атап айтқанда, олардың бірі – экономикалық емес, саяси және құқықтық 
белгілері бойынша көбірек ажыратылатын – «ақ сүйек» және «қара сүйек» - 
екі 
негізгі 
әлеуметтік 
топтарға 
бөлінуі. 
Ру-тайпалық 
иерархия 
(стратификация) қоғамдық құрылыстың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет