Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7323
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Қансейіт Əбдезұлы

Бектұр Төлеуғалиев

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы 

Нұрлыбек Нəлібаев

Динар Нүкетаева

Мереке Құлкенов

Арман Қырықбаев 

Нұрлан Оразалин

Кенжехан Матыжанов

Əлішер Пірметов



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№6 (70)

2014


Ќазаќ елі – Отаным

Тағдырға дауа бар ма? 

«Ат баспаймын деген жерін 

үш басады» дейді. Ақыры 

осылай болды. Қазір бала да, 

келін де өз тағдырына риза. 

Əуелі басынан бастайық. 

Ұлым Жапонияның Осака 

қаласында үш жыл оқып, 

білім алды. Өзім іссапармен 

Қытай, Оңтүстік Корея, 

Жапонияға барып, Токио, 

Осака, Мацуэ, Киото секілді 

қалаларында болып, күріш 

«Тіл үшін жанымды 

беремін», 



дейді келінім ағынан жарылып

дақылын азды-көпті зерттедім. 

Өйткені, əкеміз, ақ күріштің 

атасы атанған Ыбырай Жақаев 

кезінде жапон елдерін аралап, 

мен де сол ізбен жүріп, Сыр 

өңіріндегі күріш мəселесіне аз 

да болса атсалыстым. 

Адамның күні адаммен. 

Балам үш жыл Жапонияда 

жүріп, сол жақтың нанын 

жеп, сөзін зерттеп, жұртымен 

тіл табысты. Тоқ етері, сол 

жақтың қызына құда түсіп, сөз 



Қуандық 

ТҮМЕНБАЙ     

2

 *«Үркер»*№62014

жарастырдық. Құда боп, біреудің үлпілдетіп 

қолға ұстаған қызын Қызылордаға алып 

кеп, үлкендердің батасын алып, Алматыға 

қоныс тепті. Құда келіп, ұлан-асыр той өтті. 

Сонда құдағи: «Біз қорқып келіп едік, бұлар 

да өзіміз секілді қарапайым халық екен 

ғой»  деп,  аңқаулығын  алға  салды.  Құда 

өмірден өтіп кеткен екен, құдағи құданың 

орнын толтырып, айтар сөзін аудармашы 

арқылы жеткізіп, жан ұшырды. «Арай» 

мейрамханасында қазақы жұрт құдағимен 

би билеп жүрсе, ол құдаларын өзі суретке 

түсіріп, ар жағында қылау қалдырмай 

жүрді. 

Біздің үрдісіміз ішкізу ғой, құда 



бала Тəкеши ə дегеннен-ақ қызып қалды, 

өйткені олар 18 градус сэкэні ішіп үйренген, 

біздің орыстың аласұрған тентек суы оны 

алып  ұрды.  Қазақтар  болса,  құдасының 

қызғанына мəз. 

Олар біздің жерге келгенде ел тарихына 

қатты көңіл бөлді. Сыр бойындағы тұтқын 

жапондар соққан «Жапон базы» деген жер 

тарихын айтқанда,  жандары  тітіркенді 

 

Қазақ Ұлттық университетінің ескі 



ғимаратын соққан да жапондар дегенде, «біз 

бұны  елге  айтып  барамыз»  деді.  Жамбыл 

облысында болған жапондар да көңіл 

хошын аударды. 

Енді кейінгі күндер туралы. Келінім 

əуелі Өскеменде тұрды, сосын: «Маған 

Алматыда  тұруға  рұқсат  па  екен?»  деп, 

енесі арқылы сөз салыпты. Өйткені, немере 

тіл сындыру керек, əкесі жас кезінде өзіне 

тəн тірлікті атқарады, «Ердəулет қазақ 

балабақшасына барып, осында орналасса», 

– дейді. Мен бірден қос қолымды көтердім. 

Қазақ балабақшасы – оның өмірлік 

шырағы. Өзіне тəн тіл бағдарламасы – 

күнделікті тіршілігіне тəн нəрсе. Қаланың 

орысша шүлдірлеген екі жаққа да жоқ 

жалаң табандарынан гөрі менің немерем 

тіл сындырып, айтқан сөзімен алға шығып

ата  баласы  болуға  əзір  жүр.  «Ата!»  деп 

айқайлағанда менің қазағым да, Мацуэдегі 

жапон нағашылары да кең құшаққа сыйып 

кетеді. 


Таяуда балам, келінім, немерем 

үшеуі Шиеліге барып, жүзге жақындаған 

əжесімен, туған-туыспен жүздесіп 

қайтты. Бала жеті жасқа дейін сол жердің 

топырағында аунағасын ба, есінен сол 

жер, сол аймақ бір кетпейді. Бір апта, 

Шиелідегі аға-інілеріне бауыр басқан бала 

сонда қалуға бел байлапты. Келін Яско 

да əбден тіл сындырсын деп, перзентін 

сол жердің балабақшасына беруге ыңғай 

білдіріпті. Бірақ мен: «Алып қойған 

баспанаң мен балабақшаң бар, ең қиыны, 

біздің Байқоңырдың əуені таңертең Ресей 

əнұранын шырқаумен басталады, Шиеліде 

түн баласына уран тасыған машина 

легінен көз тұнады – осының бəрі адам 

жан-дүниесіне əсер етпей қоймайды» деп, 

қарсылық білдіріп, қайтып əкелдім. 

Осылайша  өмір  керуені  өтіп  жатыр. 

Бұл да бір адамзат пешенесіне жазылған ақ 

күндер, ақ несібе шығар. 

– «Қазір өзім де, атамның баласы да 

(менің немеремді айтып отыр) тілді едəуір 

үйреніп қалдық. Ешкімнен кем емеспіз. Өз 

басым тіл үшін жанымды беремін», – дейді 

келінім ақ көңілмен ағынан жарылып. 

Мен алыстан келіп, біреудің 

шаңырағының жапырағын жайқалтуға 

жанын салған келініме ризамын. 

«Құдағимен сөйлесіп тұрсың ба?» деп 

алыстағы анасын еске салып қоямын. 


3

Проза


Қоңыр  əмиян ішіне түскелі бүгін 

екінші күн, жүз теңге əлі бостандыққа 

шықпады.  Қазір де сыртқа шыққысы кеп 

құмартып-ақ отыр. Əттең, өз қолында 

болса, ел кезіп кетер еді-ау.  Бір уақытта 

қылтиған жарық сəулесі жүз теңгенің тап 

көзіне келіп түсті. Ол лезде əмиян ішін 

өңгерген түнекті жарып өтті. Төбесінен 

өзіне қарай аяңдап келе жатқан алып 

қолдарды көрген кезде жүз теңге зəресі 

ұшып, қалтырай бастады. Əлгі қол оны оң 

жақ  бүйірінен  ұстап,  сыртқа  алып  шықты. 

Ақыры тілегені орындалған жүз теңге 

тойымсыздана айналасына қарай жөнелді. 

Ығы-жығы, арпалысқан аласапыран тірлік, 

сансыз көп адам жүз теңгенің кішкене ғана 



Əйгерім САРСАНОВА         

Орал қаласы, Махамбет Өтемісұлы 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университеті филология факультетінің 

студенті. Облыстық «Дала дарындары» 

байқауының бас жүлдегері. Халықаралық 

«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің 

лауреаты. 

 ЖҮЗ ТЕҢГЕ

(Мысал)

санасына сыймады, сансыз сұрақ пен ойлар 

қоршады бірден. Əлгі алпамсадай қолдар 

оны сап-сары шаштарын үшбұрышты көк 

қалпақ астына жасырған, өңі ақсары орыс 

əйелдің қолына табыстады. Ал ол тез арада 

жүз теңгені өзі секілді бір топ тиындар ара-

сында сыңғыр еткізіп тастай салды. Өзінің 

бір пайдасы тигеніне іштей қуанып тұр, 

бұрынғы қожайынымен жылы қоштасқан 

ол жаңа ортасына қарай бейімделе  баста-

ды.  Бірақ айналасындағылар оған тіпті де 

мəн берер емес, өзі секілді тиынның жаны-

на жақындап:

– Есенсіз бе! Ғафу етіңіз, бұл қай жер, 

айтып жібере алмас па екенсіз? – деді.

Жүзін тот басқан, ескі жүз теңге бұған 


4

əрең бұрылып, жалқаулана тіл қатты:

– Бұл – қаладағы орталық сауда дүкені.

– Сіз мұнда қанша уақыттан берісіз?

– Мен осымен үш мың бір жүз тоқсан 

тоғызыншы рет қайта оралып отырмын, 

енді əбден қартайдым, менің қызметім 

аяқталар кез келді. Сендей жалтыраған 

жаңалар біздің орнымызды басады, – деп 

күрсінді.

Екі көзі тостағандай болып жүз теңге: 

– Сонда қызметіңіз біткен соң не 

істейсіз? – деді.

– Жер бетіндегі көп қоқыстың біріне 

айналып жатармын... Мен əлемде қандай 

адамдар бар, солардың барлығының қолына 

түсіп шықтым. Көрмегенді көрдім. Жасымда 

мен де сендей алғыр, шаршамайтын əрі 

жып-жылтыр болатынмын. Ал қазір, міне, 

өзің көріп тұрғаныңдай...

Жүз теңгенің санасында: «Сонда адам-

дар деген жаман ба?» – деген сауал туды, 

сөйтіп тағы сұрамақшы болған оны сату-

шы кассадан бөліп алып, қара пальтолының 

қолына ұстатып жіберді. Жүз теңге əлгі 

пальтоның қалтасында басқа тиындармен 

қосылып    кете  барды.  Ойынан  əлгі  кəрі 

тиынның айтқандары кетер емес... Біраздан 

соң қалта ішіндегі жылылық мұны əлдилеп, 

маужырап, ұйқыға кетті. Бірақ жігіт əрбір 

адымдап басқан сайын ол біресе бір жағына, 

біресе басқа жағына қарай аударылып, маза-

сы кетті. Тек біраз уақыттан соң ғана əлгі ау-

дарыс тоқтатылды. Қалтадан қылтитып ба-

сын шығарып қарап еді, бұл салынған паль-

то ілгіште ілініп тұр екен. Анадай жақтан 

адамдардың күбірлеп сөйлеген дауысы 

естіледі. Құлағын түре тыңдай түсіп еді, 

арасында жуандау біреу гүж-гүж етіп сөйлеп 

қояды,  оған  қатарласып шаңқылдаған  əйел 

даусы да келеді құлағына. Жүз теңге қанша 

тырысса да, əңгіменің не жайында жүріп 

жатқанын түсіне алмады, содан қайтадан 

гүмп етіп, қалта ішіне сүңгіп кетті. Енді 

жайланып жатып, біраз ұйықтап алмақ. 

Таңертең көзін еріксіз ашты, қараса, оның 

бетіне бажырая қарап, қоңқақ мұрын біреу 

ойланып тұр. Асылы, «Не алсам екен?» 

деп тұрған шығар. Жүз теңге өзінің тағы 

да жаңа ортаға баратынына қуанышты. 

Енді кешегіден таяздау бір қалтаға барып 

орнықты. Бұл жолы əлгі қоңқақ мұрын жүз 

теңгені өзге дүкенге алып келді. Оның жа-

нына тағы бірнеше ақшаларды қосып, тас-

тап кете барды. Бұл дүкенде де ол ұзаққа 

қалмады. Əрдайым əрі-бері көшіп, əркімнің 

қалтасында жүруден жалыққан жүз теңге 

мұңды еді. Бір уақытта дүкенге үстінде қара 

құндыз тоны бар, шашын төбесіне түйіп 

алған, ерніне қып-қызыл далап жаққан, сұлу 

əйел кірді. Ол сатушыға сыңғырлаған нəзік 

үнімен еркелей тіл қатты. Сол уақыт дүкен 

ішінде жүрген өзге адамдар оған таңырқай 

қарасып жатты. Бір ғажабы, бір уақытта 

сатушы жүз теңгені өзге қағаз ақшаларға 

қосып, əлгі əйелдің қолына ұстатты. Осы 

кезде жүз теңге ерекше қуанышты болды. 

Əлгі əйел жүз теңгені əдемі қызыл  əмиян 

ішіне салды. Буаз əмиян іші өте ыңғайлы 

еді. Бұл жолғы жүз теңгенің келген үйі 

өте үлкен болатын. Құдды сарай іспетті, 

төбеде жарқыраған жарық аспандағы 

сансыз жұлдыздарды теріп əкеп шашып 

жібергендей-ақ. Ұзын баспалдақ бойымен 

маңғаздана адымдай түсіп келе жатқан 

 

жаңағы əйел əн айтып келеді. Көмейінен 



шыққан дауысы құдды бұлбұлдың əн 

салғанындай-ақ екен. Естір құлаққа өте 

жағымды, бойыңды еліктіріп əкететін наз-

 *«Үркер»*№62014


5

ды үн. Əлгі əнші əйел босаға жақтағы үлкен 

айнаға келіп, тұла бойын дұрыстап, сəндене 

бастады. Үстіне бұрқыратып қымбат иіс су 

септі. Осы кезде оның жанына жүгіріп кел-

ген ерке баласы анасына: «Нуу, мам, давай 

быстрее!»-деп, жерді өкшесімен бір-екі теуіп 

жіберді. Анасы əмиян ішіндегі жүз теңгені 

баланың  қолына  ұстатты.  Оған  мұрнын 

шүйіре қараған бала қалтасына сала салды. 

Сыртқа шығысымен анасына тағы көңілі 

толмаған  бала  қалтасындағы  жүз  теңгені 

ашуланып сыртқа лақтыра салды. Бойын 

тоңдырып  бара  жатқан  желдің  өтінен  шо-

шып оянған жүз теңге не болып жатқанын 

түсіне алар емес. Өзінің ғажапқа толы 

өмірі көрген түстей бір сəтте жоқ болғаны 

ма? Дəл қазір қалайша суық қар үстінен 

табылды. Сабылысқан аяқтар мұны əлсін-

əлсін тапап өтеді. Көзіне жас іркілген жүз 

теңге бір уақытта анадай жақта өзінің əлгі 

қожайынын көріп қалды. «Сіз мені ұмытып 

барасыз, тоқтаңыз! Қайда кеттіңіз?» – деп 

айқайлап жатыр. Бірақ оны ешкім естімеді. 

Жақсы өмірдің ғұмыры осынша қысқа болар 

ма еді?.. Қақаған аяздан бетін қырау басып, 

жүз теңге ұзақ уақыт ешкімге керексіз боп 

далада жатты. Тек кеш түсе оны шашының 

біразына ақ түскен, өңі сұп-сұр, бет-жүзін 

əжім басқан əйел тауып алды. Жылы лебімен 

бетінен үрлеп, суыққа талықсып кеткен жүз 

теңгені оятып алды. Алақанына салып ая-

лап,  бойына  жылу  дарытты.  Сөйтіп,  оны 

өзімен бірге үйіне алып келді. Үй іші тастай 

түнек, ортада дөңгелек жер үстел, ал оның 

үстінде екі тілім қатқан нан мен 

бір  кесе  су  тұр.  Бұрышта  бойы 

жамау-жамау жаман көрпеге 

оранып, жас бала ұйықтап 

жатыр. Өзі ауырып жатқанға 

ұқсайды. Сандырақтап сөйлеп, 

ыңырсып жатыр. Жүз теңге оны 

аяп кетті. Əлгі өзін құтқарған 

əйел бұл баланың анасы секілді. 

Баласының маңдайынан сүйіп, 

көрпесін үстіне қымтай жапты. 

Ыстық шай қайнатып ішкізді. 

Сəлден соң жүз теңгені алып, 

дəріханаға қарай аяңдады. 

Жолай жүз теңгенің құлағына 

əлдене естілгендей болды, басын қалтадан 

қылтиып шығарып қарап еді, əйелдің 

көзінен моншақтап жас ағып, ол еңкілдеп 

жылап келеді екен. Дəріханаға келген соң 

əйел  ондағы  сатушыға  баласының  ауыр 

халде жатқанын, өзінің мына бір жүз 

теңгеден басқа көк тиыны жоқтығын ай-

тып түсіндірді. Сатушы қыз біраз ойла-

нып тұрды да, қатарда тұрған бірнеше 

дəріні алып берді. Ал жүз теңге болса, енді 

осы  дəріханада  қалды.  Бірақ  еш  өкінген 

жоқ. Өзінің ақыры бір жақсы нəрсеге 

жұмсалғанына, кішкентай қызға аз да болса 

көмек бере алғанына іштей қуанулы еді.

                            

Əйгерім САРСАНОВА. «Жүз теңге» (Мысал)


6

Поэзия


Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ 

1986 Моңғолияның Баян 

Өлгей аймағының Ақкөл елді 

мекенінде дүниеге  келген. Астана 

қаласындағы Еуразия Гуманитарлық 

Институтын «Құқық жəне экономи-

ка  негiздерi» мамандығы бойынша 

бітірген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты.

Республикалық жас ақындар жыр мүшəйраларының лауреа-

ты. Өлеңдерi «Азаттық таңындағы азат жыр», «Жаңа ғасыр 

жырлайды» топтамаларына енген. 

ЕCІЛ, СЕНІҢ КІНƏҢ ЖОҚ

Есіл, сенің кінəң жоқ,

Мен толқысам, сен де бірге толқыдың.

Мен жыласам өзіңе кеп егіліп,

Жұбата алмай бүк түсетін толқының.

Есіл, сенің кінəң жоқ,

Бір мейірім  аңсап келсем жағаңа,

Жылы желің маңдайымнан сипайтын,

Жүзі елес ұқсап бір сəт анама.

Есіл, сенің кінəң жоқ,

Мендік күйді сен ғана едің ұғатын.

Кей мінезің аумай қалған əкемнен,

Іштей тынып үнсіз қарап тұратын.

Менің ішкі шерімді кім түсінер, 

Өлеңнен басқа ешкімге айта 

алмаған...

Есіл, сенің кінəң жоқ,

Менің қанша күйрегенде арманым,

Өзіңе кеп ақтарылып қайтушы ем,

Үміт байғұс тістегенде бармағын.

Есіл, бүгін сенен кетіп барамын,

Қимағаным,жасқа толса жанарым.

Есіл, сенің еш кінəң жоқ,

Өмірде –

Өзің ғана адалым!

***

Күз өледі соңында қарашаның, 



Берешегім жоқ менің алашағым. 

Оңашада отырып (кешсін Құдай), 

Өмір деген-өлең деп пал ашамын. 


7

Құс та қайтты бір мұң бар қабағында, 

Ол менің енді жазбас ғазалым ба?! 

...Жесір жел жоқтау айтып ыңылдайды, 

Бар екенін ұқпадым не зарында... 

Біздікі сол баяғы күйрек көңіл, 

Салқындыққа мені өзі үйретті өмір. 

...Көздің жасы ауыр ғой,үзілгенде 

Түспейді жапырақтай билеп жеңіл... 

Болмай кетсе жолымыз сірə,біздің, 

Кінəсі жоқ Құдай мен мына Күздің, 

Салдары ғой ойланбай қателесіп, 

Қай бір жылғы жасаған күнəміздің. 

...Шындығында мына өмір əділетті, 

(Біз мəңгі көретіннің бəрі кетті...) 

Біріншісі шүкір деп жүру үшін, 

Екіншісін Тəңір өзі ғаріп етті... 

...Күз өледі жастанып қарашаны, 

Жоқ маған берешегі, алашағы. 

Бір күзде сен де бірге кетесің деп, 

Сыған əйел сайқалсып пал ашады...

ЖҰБАТУ

...Жүрегіңді жылаған жұбата алмай, 

Жел өтінде жұтаған құба талдай. 

Ештеңеге шарасыз тағы отырмын, 

Тым болмаса халіңді сұраса алмай. 

Бір басыңа о неге үйір қайғы, 

Бақытыңды уақыт жиі ұрлайды. 

Сонда да үгілмеші бұ дүниенің, 

Бұйырмайын дегені бұйырмайды. 

Төзіміңмен болса егер Сабыр басым, 

Қайыстырмас көңілдің қабырғасын. 

Өлең оқы...шылым шек... 

тағы не бар?! 

...Тек əйтеуір жүрегің ауырмасын... 

Бұ жалғанның бүлк етпес беті мүлдем, 

Кеудеден қайғы ізін кетіру кем... 

Енді ештеңе шықпасын түсінем ғой, 

Өкінуден немесе өтінуден.

Келу үшін қинайтын шешімге бұл,

Бізге осы бұлдайды несін Өмір?! 

...Жұбата алмай өзіңді қысылады, 

Жұбату көрмей өскен жетім көңіл.. 

***

Енді Көктем сені күту бекерлік, 



(Біз қаншама күнəларды көтердік). 

Қарашадан қалған қайғы,сенсеңіз, 

Онсыздағы бір ғұмырға жетерлік. 

Рауандап атқанымен қанша таң

Жүрегіме өткен түнді аңсатам. 

Тағдыр əбден мүжіп біткен миымды

мен онсызда сені ойлаумен шаршатам. 

Лəйлі ғұмыр,сен ең маған жетпеген?! 

Не шығарам Тағдырға артқан өкпеден. 

Момақан жел үнсіз келіп сүртеді, 

Бетімдегі жасты əлі кеппеген. 

Арлы жүрек аттай алмай белесті, 

Кейде өксік өртесе егер өңешті, 

Сен деп өмір сүрмесем де түндерге- 

сен деп өлең жазған сəттер себепші. 

Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ. «Менің ішкі шерімді кім түсінер, 

 

 

 

 

Өлеңнен басқа ешкімге айта алмаған...»


8

Не болса да тағдырымнан бұйырған, 

Нотасы жоқ бір əуезді күй ұғам. 

Сары уыз Ай,сен ғана едің мені ұғар

Қара түннің кеудесіне ұйыған.. 

Қайдасың???

***

Өткен күндер...тағы сенің елесің,



Өзің десе ауады  екен неге есім?

Көзқарасың тұрады ылғи білдіріп,

Сезімің де бұрынғыдай емесін...

Бəрін егер өшіре алсам көңілден,

Бұл жүрекке таба алар ем өмірде ем.

Адалдықтың серті қалды жадымда,

Айырылғаныммен сенімнен.

Күнім  осы атар таңдар алдаған,

Тек сен емес,маған салқын бар ғалам.

Мен бəрін де айтқан ем ғой кезінде ,

Жанарыммен өзің оқи алмаған.

Енді неге кінəлаймыз тағдырды,

Кешімізді біз қоштасқан жаңбырлы.

Сертке берік болмағасын сезімдер,

Өзімізді орта жолда қалдырды.

Өткен күннің еске алып шағын əр.

Білемін ғой,сағынады...сағынар...

Тек ол кезде сүртіп беріп жасыңды

Жұбататын басқа біреу табылар.

***


Бауырына түн алса бұл қаланы,

Неге менің көңілім мұңданады?

Бір мейірім жетпейтін жас жанымнан,

Тағы да сол көңілсіз жыр қалады.

Өткен күннің жүрекке салмағы ауыр,

Жаныңды ұғар  бар ма дос,бар ма бауыр?

Мені бəрі алдады...алдандым мен,

Не опа бар айтшы түн,жалғанда бұл?!

Жыл сырғиды өтеуін қайтармаған,

Қу дүниеге алданған байқар ма адам?

Менің ішкі шерімді кім түсінер,

Өлеңнен басқа ешкімге айта алмаған.

Қайғы ерте есейтіп асырды қыр,

Бір дəуір кешкендеймін ғасыр түгіл.

Айдын нұры секілді кемеріне

Сыймай тұрған қайтейін,жасымды бұл?

Тағдырымнан  бұл күнде қашырдың мəн,

Не деп уəж айтаcың  ғасыр бұған?

Даңғаза бұл тірліктен қашқаныммен,

Өзімнен қалай өзім жасырынам?..

Бауырына түн алса бұл қаланы,

Неге менің көңілім мұңданады?

Бір мейірім жетпейтін жас жанымнан,

Тағы да сол көңілсіз жыр қалады.

***

Сіз Көктемді көрдіңіз бе, Жаз – мырза?



Ол да мендей жалғыз ба екен?..

 *«Үркер»*№62014

9

Жалғыз ба?!

Ол да мендей жағасында Есілдің,

Тұрып -тұрып үнсіз кетіп қалды ма?

Мен күттім ғой адал болып сертіме,

Қайда үмітім демеу болған дертіме?

...Бұл қалада сирень де бүр ашпаған,

Мен түгілі ол да сенің  еркіңде...

Көктем,мені неге алдадың келем деп?

(Біз қосылсақ ескі мұңды жеңер ме ек?)

Неге менің сол жақ кеудем сыздайды,

Неге  қайғым бара жатыр тереңдеп?!

Енді батсам шықпаймын ғой,сол анық,

Өз мұңыма өзім қалдым тоналып.

Жаздың демі жылытпайды-ау жанымды,

Көктем, енді, сен келгенше оралып...

Мен наз айтсам,айтамын тек көктемге,

(Ал,əйтпесе,бұл өмірге өкпем не?)

...Жылап қалған ұмыттың ба сол қызды,

Өткен жылы сен қаладан кеткенде.

...Сіз Көктемді көрдіңіз бе, Жаз – мырза???

ЖОҒАЛТУ

Шерге айналып кеттің бе, жүрегімде 

жатқан мұң ?!

Сатқындығын кешпеймін сені ап кеткен 

Ақпанның!

Өкінішіме ортақ боп, өксігімді тарқатшы - 

Бауырын бұлттың қызартып, мағынасыз 

батқан күн!

Сен барда бұл қаланың қадіріне жетпедім,

Айтшы не деп ақталам, ойламайды деп пе

 едің?!

Біз асыға күтетін аңсарларға алданыш



Сен қайда деп сұраса, не дер екем, 

Көктемім?!

Албырт ұлын Алатау алып қалды деймін бе?!

Мұңы сіңген көзіңді жан ұқпады деймін бе?!

Аққуы жоқ айдыннан жалыққаны деймін бе?!

Ой жегесін кеудесін тарыққаны деймін бе?!

Қазығы ғой, айналып, барып қалды 

деймін бе?!

Əлде өлеңнің ішінде қалып қалды деймін бе?!

Не десем де мезгілдің мерейі үстем 

болып тұр,

Тағдырыңа адасқақ нығметіңмен соны ұқтыр.

Таңдайдағы өлеңін маңдайдағы бағы қып,

Тəңір сенен сұрарым - Сабырыңа 

жолықтыр!

31-ЖЕЛТОҚСАН

Желтоқсанмен қалса қайғы,қалса мұң,

Көтермеймін бұдан артық сарсаңын.

Бұл күндері менен үміт жалыққан,

Менде үмітті сүйрей-cүйрей шаршадым.

Көңіл қимас ештеңе жоқ өткеннен,

(Шақтар ғана шарасыз қап,жеккөрген)

Мендегі ең бір тəтті дейтін сəттерді,

Бірге жерлеп кетіппін сол көктеммен.

Содан бері жылдардан бақ таппадым,

(Сағыныш боп жүрегіме батпа мұң)

Мен арымды Тағдырымның алдында,

Қаншалықты ақтай алдым,ақтадым?!

Досым көп деп алданыппын бекер мен,

Мендегі аңсар алданышпен өтелген.

Жылағанның бір сүртісіп көз жасын,

Өз қайғымды өзім ғана көтергем.

Қанша ғұмыр қалды дейсіз кешпеген,

Қанша мұң бар жүректе əлі өшпеген.

Аялдашы,бір қарайын өткенге,

Уақыт сенің кетпейді ғой ештеңең.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет