15.12.2022 Таңғы 07.45-те келіп балаларды қабылдадым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Балалар ойыншықтармен ойнады. Музыка сабағы өтілді. Өткен әріптерді қайталадық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. Далаға жапалақтап қар жауды. Балалармен қыс мезгілін талқыладық. Балаларға жаңа жыл мерекесіне жаттаулар бердік. 2-3 балаға орыс тілінде бердік. Балалар мәз болып ойнады. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
19.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп балаларды «Көңілді күн» әнімен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. Виктория менің орныма топты бастап жаттығу жасатты. 9.00-де таңғы ас ішілді. Сауат ашу сабағынан «Ө» әріптерді дәндермен жазуды үйреніп, жаңа жыл мерекесіне жаттаулар жаттадық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. Гномик биін үйрендік. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
20.12.2022 Таңғы 07.45-те келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, түрлі смайликтермен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Музыка, дене сабағы өтілді. Жаңа жыл мерекесіне дайындық жүргізіп, жаттаулар жаттадық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
21.12.2022 Таңғы 07.45-те келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, ән салып қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Сауат ашу сабағы өтілді. Балалармен әріптерді қайталап, дәптерге жазып, буынға бөліп оқыдық. Математика сабағынан сандарды санап жаздық. Жаңа жыл мерекесіне дайындық жүргізілді. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Балалармен түрлі материалдармен, шырпымен қол өнер бұйымдарын жасадық. Далаға серуенге шықты. Мысық пен тышқан ойынын ойнадық. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
22.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, смайликпен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Сауат ашу сабағынан «қ» әрпі өтілді. Балалармен әріптерді қайталадық. Дене сабағында балалар бойын жаттығу жасап қыздырып алып, доппен екі командаға бөлініп ойын ойнады. Жаңа жыл мерекесіне дайындық жүргізілді. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. Ақсерек ойынын ойнадық. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.