30.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, түрлі смайликтермен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Музыка мен дене сабағы өтілді. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
04.01.2023 Таңғы 07.45-те келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, жаңа жылдық әсем әнмен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Сауат ашу мен математика сабағы өтілді. Жылдың басында жоспар құрып, әр баланың деңгейін анықтау үшін тапсырмалар берілді. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
05.01.2023 Таңғы 08.00-де келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, жаңа жылдық әсем әнмен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Музыка мен математика сабағы өтілді. Сандарды дәптерге әдемілеп жазып, ойша сандарды қосуды үйрендік. Түрлі дидактикалық ойындар ойнадық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
06.01.2023 Таңғы 07.45-те келіп балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында, жаңа жылдық әсем әнмен қарсы алдым. Бүгін менің практикадағы соңғы күнім. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Сауат ашу мен дене сабағы өтілді. Әріптерді буынға бөліп, өткен әріптерді қайталадық. Түрлі түсті бояулармен қыс мезгіліндегі көріністерді әсемдеп салып, боядық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Далаға серуенге шықты. Аз ғана күнде бір-бірімізге бауыр басқан балалармен қимай қоштасып, жүрек жарды тілектерімізді білдірдік. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты. Осымен менің аз да болса әдемі естелікке толы практикам аяқталды.