09.12.2022 Таңғы 07.45-те келіп балаларды қабылдадым. Балаларды смайликпен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Қарапайым математика сабағы өтілді. Сурет салып боядық. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Тәуелсіздік мерекесіне дайындық жүргізіліп, би қайталадық. Далаға серуенге шықты. Ақсерек пен көксерек ойынын ойнадық. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
12.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп балаларды қабылдадым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Әліппе сабағы өтілді. Әріптерді қайталап, буынға бөлдік. Математика сабағын өттік. Арнайы кітаппен сандарды қосып үйрендік. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Тәуелсіздік мерекесіне дайындық жүргізіліп, би қайталадық. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
13.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп, балаларды «Көңілді күн» әнімен билетіп қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Мен үйден кардоннан дидактикалық ойын жасап апардым. Балалар екі командаға бөлініп, мәз болып ойын ойнады. Әріптерді қайталап, буынға бөліп, сандарды қосып-алуды үйрендік. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Тәуелсіздік мерекесіне дайындық жүргізіліп, тақпақтарын айтқызып, би қайталадық. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.
14.12.2022 Таңғы 08.00-де келіп, балалардың көңіл күйін көтеру үшін түрлі смайликтермен қарсы алдым. 8.30-да таңғы сергіту жаттығуларын жасадық. 9.00-де таңғы ас ішілді. Балалармен қызу қарқынды дайындық жүргіздік те, Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік іс-шарамызды жоғары деңгейде өткіздік. 10.00-да екінші таңғы ас ішілді. Әрбір баланың потенциалын ашуға тырысып, бәрін қамтуға тырысқан іс-шарамыз өте жақсы өткен соң, әр баланы ынталандыру үшін балаларға түрлі тәттілер сыйладық. Далаға серуенге шықты. 12.00-де түскі ас ішіп, ертегі тыңдап, 13.00-де балалар түскі ұйқыға жатты.