БҮгінде туған жаңАҚОРҒанының сай сала, жыңҒыл-жықпытына дейін жатқА



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата30.03.2017
өлшемі11,32 Mb.
#10594
  1   2   3   4

БҮГІНДЕ ТУҒАН ЖАҢАҚОРҒАНЫНЫҢ САЙ-

САЛА, ЖЫҢҒЫЛ-ЖЫҚПЫТЫНА ДЕЙІН ЖАТҚА 

БІЛЕТІН ЖІГІТ АҒАСЫ КЕНТ ІШІН КӨБІНЕ-

КӨП ЖАЯУ АРАЛАП, ҚАТАР ТҮЗЕГЕН КӨШЕ 

БОЙЛАРЫНЫҢ ОРНЫҚТЫ ҮЙЛЕСІМІН ОЙША 

ЕЛЕСТЕТІП, ЖАҢАША ЖОСПАР ТҮЗУДЕН 

ЖАЛЫҚҚАН ЕМЕС. ТЕГІНДЕ КІСІНІҢ БОЛМЫ-

СЫ, ӘДЕТ-ДАҒДЫСЫ ӨЗІНІҢ ТӨЛ КӘСІБІНЕ 

ҚАРАЙ БЕЙІМДЕЛІП, БЕКИ ТҮСЕДІ БІЛЕМ, 

ЖОБАЛАУШЫ МАМАНДЫҒЫ ОНЫҢ САНА-

ЛЫ ҒҰМЫРЫНА ОСЫНДАЙ МАЗМҰН ДАРЫ-

ТЫПТЫ. СӘТ САЙЫН САНАҒА СЫНАЛАЙ 

ЕНІП, ТІПТІ ҰЙЫҚТАСА ТҮСІНЕ КІРЕТІН 

СӘУЛЕЛІ КЕСКІНДЕР ӘМАНДА КӨҢІЛІН 

ШУАҚТАНДЫРЫП, ТҰЛА БОЙЫНА КӨЛ-КӨСІР 

ШАБЫТ ҚҰЙЫП ТҰРАТЫНДАЙ.



Перзент 

    парызы



Баян ҮСЕЙІНОВА.

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

Әбдісамат ӘБДІШ.

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

24 ЖЕЛТОҚСАН 

СЕНБІ 

2016 ЖЫЛ 

№100 (8020 )

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

Жалпы, шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың 

пиротехникалық  өнімдерді  сақтау,  қолдану,  тасымалдау  тәртібінің 

сақталуын  тексеру,  қоғамдық  орындар  мен  көшелерде  және 

тұрғын  үйлерде  осы  өнімдердің  салдарынан  болатын  төтенше 

жағдайлардың  алдын  алу.  Демек,  күнделікті  балалар  қолданып 

жүрген  пиротехникалық  бұйымдардың  қаншалықты  зиян  екенін 

ескертіп, шектеу қою қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 

Әсіресе, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шектен тыс қолданылатын 

осы қауіпті заттың жолын кесу, төтенше жағдайлар болдырмауды 

ойластыру міндеті тұрғанын баяндады. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын пиротехникалық құралдарды шек-

тен  тыс  қолданған  кейбір  ауылдық  тұрғындардың  шөбі  өртеніп, 

шығын  көргенін  жиі  еститін  едік.  Қазірдің  өзінде  көшеде  бейта-

ныс  кісілерге,  көбіне  қыз  балаларға  жарылғыш  затты  лақтыру 

көп  кездеседі.  Әсіресе,  аяғы  ауыр  азаматшаларға  бұл  заттың 

қаншалықты кері әсерін тигізерін барлығы біледі. Сол себепті, мек-

теп  оқушыларына  бұл  затты  пайдалануға  тиым  салуды  ұстаздар 

қауымы да жиі қадағаласа деген мектеп инспекторлары, учаскелік 

полиция инспекторлары халық көп шоғырланатын жерлерде рейдтік 

шаралар ұйымдастыруда.

– ҚР ІІМ-нің 12.12.2016 жылғы нұсқауына сәйкес 12 желтоқсаннан 

2017  жылдың  бесінші  қаңтарына  дейін  «Пиротехника»  жедел-

профилактикалық  іс-шарасы  өткізіліп  жатыр.  Осыған  байланы-

сты  төтенше  жағдайлар  бөлімі  мен  ішкі  істер  бөлімі  тұрғындарға 

қаіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, мерекелік 

іс  шаралар  өтетін  орындарда  арнайы  сертификаты  жоқ  қытайдан 

келген бұйымдарды пайдалануға мүлдем болмайды, – деді Қ.Үсенов. 

Дейтұрғанымен,  қандай  жағдай  болмасын  балаларға  жарық 

және дыбыстық әсерлі пиротехникалық өнімдерді сатып алуға не-

месе пайдалануға мүлдем тыйым салынады. Оның өзіндік айыппұлы 

бар  екенін  ескерейік.  Еркін  сауда  жасауға  ҚР  заңнамасымен  тый-

ым салынған немесе шектелген тауарлар мен заттарды сату ӘҚБтК-

нің 196-бабына сәйкес, 25 айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  

айыппұл салуға алып келуі әбден мүмкін.

Елді  мекендерде  және  осы  заттарды  пайдалануға  бөлінбеген 

орындарда  тәртіп  бұзған  азаматтарға  ҚР  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  кодексінің  436-бабының  2-бөлігіне  сәйкес,  10  айлық 

есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын болады. Сондай-

ақ, аталмыш заттарды және қолдан жасалатын бұйымдарды сақтау, 

есепке алу, пайдалану, тасымалдау, оларды сату, жою, алып келу 

тәртібін  бұзған  тұлғаларға  ҚР  ӘҚБтК-нің  483-бабы  1-бөлігі  бой-

ынша  жеке  адамдарға  бес,  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  не-

месе  коммерциялық  емес  ұйымдарға  10  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салынады.  Ал,  орта  кәсіпкерлерге  15, 

ірі  кәсіпкерлерлік  субъектілеріне  45  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде айыппұл салынатын болады.



ТҮЙІН.  Енді  көшеде  пиротехника  атқандар  21  мың  теңге 

айыппұл  төлейтін  болады.  Сондықтан,  әрбір  ата-ана  осы  жайт-

ты  ескере  жүргені  жөн.  Бұл  алдымен,  өз  балаларыңыздың 

қауіпсіздігі үшін маңызды. Тәртіп сақшылары ескертеді, қалғаны өз 

құзырыңызда. 

Пайдалы  порталға  5  миллионнан  астам  пай-

даланушы  тіркелген.  Жалпы,  күн  санап  портал 

пайдаланушыларының  саны  артуда.  Онлайн  қызмет 

түрлері  арқылы  тұрғындар  уақыты  мен  қаражатын 

үнемдейді.  Орталықтың  о  бастағы  мақсаты  да 

мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыру еді. Бұқара 

халыққа сапалы қызмет көрсетіп, көп қағазды азай-

тып,  құжаттарды  электрондық  форматқа  көшіріп, 

ашықтықты  қалыптастыру.  Қазірге  дейін  10  млн. 

электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) берілген. Оның 

4 млн-нан астамы жеке куәліктің чиптеріне жазылған. 

Осы  қолтаңба  арқылы  қажетті  құжаттарыңызға  қол 

жеткізе  аласыз.  Тақырыптың  әлқиссасын  порталға 

кіру үшін ЭЦҚ-ны қалай алуға болатынынан бастасақ. 

Бұл  сұрақтың  жауабын  «Азаматтарға  арналған 

үкімет»  мемлекеттік  корпорациясы»  коммерциялық 

емес  акционерлік  қоғамының  Қызылорда  облы-

сы  бойынша  филиалы  –  «Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы»  департаментінің  Жаңақорған  аудандық 

бөлім  басшысының  орынбасары  Қуаныш  Мауленов-

тен білдік. Бөлім басшысы орынбасарының  айтуын-

ша, ЭЦҚ-ны екі жолмен алуға болады. Біріншісі – ЭЦҚ-

ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. 

Бұл үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, 

жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған 

қолтаңбамен  тек  арнаулы  карт-ридер  болған  кезде 

ғана  жұмыс  жасауға  болады  екен.  Ал,  екінші  жолы 

–  ЭЦҚ  алуға  онлайн-өтінімді  беріп,  оны  компьютер-

де  сақтау  арқылы.  Мұнда  да  берілген  өтінімді  рас-

тау үшін ХҚКО-ға бару қажет. Осыдан кейін ғана сізге 

кеңжолақты ғаламтор арқылы үйіңізде отырып е.gov.

kz  сайтынан  электрондық  қызметтер  мен  төлемдер 

жасауыңызға  мүмкіндік  ашылады.  Айта  кету  ке-

рек, пайдалы порталда 240 түрлі қызмет пен сервис 

қолжетімді. 



(Жалғасы 2-бетте)

КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП

Елбасы «Қазақстан жолы –2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ»  атты  Жолдауында  айтқандай,  шағын  және 

орта бизнес – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық 

және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Елде қарқын 

алған  шағын  және  орта  бизнестің  дамуы  біздің  ауданға 

да  елеулі  әсер  еткені  белгілі.  Мәселен,  2015  жылы  2872 

кәсіпкерлік  нысан,  2631  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

белсенді субьектілер болса, 2016 жылы 2907 кәсіпкерлік 

нысан  салынып,  шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер 

саны 2745-ке артқан. Ал, осындай кәсіпкерлік саланың да-

муы арқасында 2015 жылы 5757 адам жұмыспен қамтылса, 

2016 жылы 5895 жұмыссыз тұрақты кәсіпке қол жеткізді. 

Рас,  кәсіпкерлік  өлкеде  қанат  жайғалы  бұрынғыдай 

өзге  аймақтарға  ат  басын  бұрып,  шығындалмайтын 

болдық.  Оған  ауданда  өндірілген  сапалы,  қолжетімді  та-

уарлар арқылы қаражат үнемделуде. Мысалы, өңірде 452 

сауда орындары мен қызмет обьектілері жұмыс жасап жа-

тыр. Олардың ішінде бесеуі – сауда үйлері, 188 азық-түлік 

және  азық-түлік емес дүкендер, 8 шағын наубайхана, 7 

кондитер  цехы,  1  сауда  базары,  77  қоғамдық  тамақтану 

орыны,  14  жанар-жағар  май  бекеті,  2  автокөліктерге 

газ толтыру станциясы, 10  жиһаз, есік-терезе  цехы, 35 

ауылшаруашылығы өнімін өңдеу цехы және 105 тұрмыстық 

қызмет  көрсету  саласындағы  кәсіпорындар.  Яғни, 

бөлшек  сауда  айналымы    2016  жылдың  1  желтоқсанына 

3811,  9  млн.  теңге  болып,  өткен  жылдың  осы  кезеңімен 

салыстырғанда индекс өсімі 98,4 пайызды құраған. 

 

ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ



Елді-мекеннің  өркендеуіне  қуат  беретін  даму 

деңгейінің  негізгі  көрсеткіші    –  келешекке  құйылған  ин-

вестиция. Ауданда бұл салада ілкімді істер бар. Мәселен, 

негізгі  капиталға  салынған  инвестиция  көлемі  7000089 

млн.  теңгені  құрапты.  Қаржыландыру  көздері  бойынша 

республикалық бюджеттен 2637829 млн. теңге, жергілікті 

бюджеттен  586368  млн.  теңге  бөлінсе,  кәсіпорындар, 

ұйымдар  және  халықтың  қаржысы  (меншікті  қаржы) 

есебінен  3585900  млн.  теңге    қарыз  қаражаты  бойынша 

189992 млн.теңге қарастырылған.  

Инвестиция  дегенде  ауданның  ауыз  толтыра  ай-

тар  жетістігі  жоқ  емес.  Аз  уақыт  ішінде  ауданның  бас 

менеджері  Ғалым  Махмұтбайұлы  алыс-жақын  шетелдер-

мен  келісімшарт  жасап  та  үлгерді.  Аудандық  басылым-

да  жазылғандай,  Иран  кәсіпкерлері  Жаңақорғанға  ар-

найы  ат  басын  бұрған  болатын.  Өңірдің  таулы  клима-

ты  мен  табиғи  ерекшелігін  аңғарған  ирандықтар  ауыл 

шаруашылығы мен мал шаруашылығына қолайлы жағдай 

бар екенін  ескеріп,  күріш  егудің  жаңа  технологиясы  мен 

тауық  шаруашылығына  инвестиция  құятынын  жеткізді. 

Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінде екіжақты ме-

морандум да жасалды. 

Елбасының  Жапония  мен  Кореяға  жасаған  іскерлік 

сапарына  аудан  басшысы  Ғалым  Махмұтбайұлының 

барғанын  білерсіздер.  Аудан  әкімі  Азияның  қуатты 

елдеріндегі  сапарында    бірқатар  келіссөздер  жүргізіп, 

өзара  ақпарлар  алмасқан.  Бұйыртса,  бұл  елдерден  де 

шаруашылыққа  қажетті  технологиялар  қарастырылып, 

инвестиция құйылады деген үміт бар. 

ИННОВАЦИЯНЫҢ АУҚЫМДЫ АСУЫ 

Индустриялық дамудың екінші бесжылдығында аудан 

көлемінде бірнеше инвестициялық жобалардың іске асы-

рылуы  жоспарлануда.  «Шалқия  Цинк  ЛТД»  АҚ  «Тау  кен 

самурық»  АҚ  меншігіне  өтті.  Кеніштен  кен  өндіру  және 

байыту  фабрикасын  салуға  дайындық  жұмыстары  ба-

сталып та кетті. «БК Кызылордацемент» ЖШС-нің қуаты 

жылына 560 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауыт 

құрылысы,  «Қызылорда  АGROPlus»  ЖШС-не  жылына  12 

мың  750  тонна  томат  пастасын  шығаратын  2  млрд.  850 

млн.  теңге  құнындағы  зауыт  құрылысы  салынады  деп 

күтілуде.  Жоба  толығымен  жүзеге  асқанда  600    адамды 

жұмыспен қамтуға қауқарлы болмақ. Болашақта 3000 гек-

тар  жерге  тамшылатып  суару  технологиясымен  қызанақ 

егіледі.  Сондай-ақ,  «Южшахстрой»  ЖШС-нің  қуаты  75 

мвт  жел  электр  станциясы,    «Жаңақорғанэнерджи» 

ЖШС-нің қуаты 50 мвт күн электр станциясы мен «Global 

Enerjy  Company»  ЖШС-нің  Шалқия  мен  Жайылманың 

аралығындағы  Жанбай  өңірінде  салынатын  қуаты  24,94 

Мвт  жел-күн  электрстанциясы  инновациялық  жобасын 

іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталмыш жоба ба-

стамашыларымен нақтылау жұмысы жүргізілуде. 

P.S:  Айта  кететіні,  облыстық  коммуникациялық 

орталықта аудан әкімі Ғалым Әміреев он бір айы бойынша 

атқарылған жұмыстар жөнінде аймақтың жетекші ақпарат 

құралы  өкілдеріне  брифинг  өткізді.  Шарада  журнали-

стер  толғандырған  сауалдарына  жауап  алды,  ауданның 

әлеуметтік-экономикалық  даму  бағыттарынан  хабардар 

болды. Ең бастысы, брифингте ауданның келешегі мен 

келелі  істері  жоғары  бағаланды,  аудан  басшысының 

есебіне қанағаттанды.

Бұл  жайлы  толық  ақпаратты  газеттің 

келесі нөмірінен оқи аласыздар.

БАҒЫНДЫРҒАН 



БЕЛЕСТЕР 

11 айда

ЖАҢАҚОРҒАН – АЙМАҚТАҒЫ ЖАҢАША ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН, ДАМУ ҚАРҚЫНЫ 

ЖОҒАРЫ АУДАННЫҢ БІРІ. ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ТОЛАЙЫМ ТАБЫС ПЕН 

ЖЕЛКЕНДІ  ЖЕТІСТІКПЕН  ЖЕТКЕН  ӨЛКЕНІҢ  ӘРДАЙЫМ  ӘЛЕУМЕТІ  ӘЛЕУЕТТІ,  ЭКО-

НОМИКАСЫ  ТҰРАҚТЫ.  БҰЛАЙ  ДЕУГЕ  НЕГІЗ  ДЕ  ЖОҚ  ЕМЕС.  МӘСЕЛЕН,  АУДАННЫҢ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ  11  АЙДАҒЫ  ҚОРЫТЫНДЫСЫНАН 

БЫЛТЫРҒА  ҚАРАҒАНДА  БІРШАМА  ӨСІМДІ  БАЙҚАУҒА  БОЛАДЫ.  СОНЫМЕН  ІЛКІМДІ 

ІСТЕРДІҢ КӨРСЕТКІШІН САРАПТАСАҚ...

ОТ ШАШЫП 

ОЙНАП 


ОПЫҚ ЖЕП ЖҮРМЕЙІК

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА 

ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ 

МЕН АЙМАҚТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР 

ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ 

ҚЫЗМЕТ БӨЛІНІСТЕРІ «ПИРОТЕХНИ-

КА» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫН 

ҚОЛҒА АЛДЫ. ТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ 

АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖАСАЛЫП 

ШАТҚАН ШАРА АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ҚАЛАЙ 

ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР ДЕГЕН САУАЛҒА 

ЖАУАП ІЗДЕП КӨРГЕН ЕДІК. ОЛ ҮШІН 

ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ ЖАУАПТЫ АІІБ-НІҢ 

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ АЙНА-

ЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕК-

ТОРЫ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ ҚАЙЫРЖАН 

ҮСЕНОВПЕН БАЙЛАНЫСТЫҚ.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

Ханзада ДОШАН.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ 

ҮКІМЕТТІҢ 

ДАМУ ӘЛЕУЕТІ

немесе  интернетті өз 

игілігімізге қаншалықты 

икемдеудеміз?

БІЗ БҮГІН ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЛАМАТ 

МҮМКІНДІГІН СӨЗ ЕТПЕКПІЗ. ШАЛҒАЙ АУ-

ЫЛДА ОТЫРЫП, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН 

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН 

ҚАРАСТЫРДЫҚ. ЯҒНИ, «ЭЛЕКТРОНДЫҚ 

ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ 

МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТІН ТАРҚАТА 

АЙТПАҚПЫЗ. БИЫЛ Е.GOV.KZ САЙТЫНЫҢ 

ХАЛЫҚҚА ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТЕ БАСТАҒАНЫНА 10 ЖЫЛ. АЛАЙ-

ДА ОСЫ ОН ЖЫЛ ІШІНДЕ ИНТЕРНЕТТІ 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ИГІЛІГІМІЗГЕ ИКЕМДЕДІК?

Кеше Жаңақорған жұртшылығы атамекен топырағынан түлеп ұшып, бойдағы бар білім, 

қарым-қабылетін  ұлт  тілінің  мәйегін  маздатып,  асылын  ұлықтауға  сарп  еткен  ақсұңқар 

талант-ақын, өнер зерттеушісі, қорқыттанушы ғалым Сейсен Мұхтарұлының 70 жылдығына 

орай  ұйымдастырылған  еске  алу  жиынында  бас  қосты.  Жиналғандар  алдымен  ақынның 

туған жері – Кейден елді мекенінде ашылған «Тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Одан әрі «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында жалғасқан ғылыми-

танымдық  конференцияда  ақынның  замандастары  тарлан  талант  иесінің  ұлт  руханияты-

на  қосқан  құнды  қолтаңбасын  талдап  қана  қоймай,  адами  қадыр-қасиеті,  жарқын  келбеті 

жөнінде көңіл түкпірінен шыққан жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Сан қырлы таланттың 

азаматтық  болмысы  мен  қаламгерлік  қуаты,  қоғамдық  қайраткерлігі  жөнінде  ғалымдар- 

Қорқыт  ата  атындағы  мемлекеттік  университетінің  профессоры  Арыстанбек  Қонысбеков, 

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қайырбай 

Зәкіров,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері  Қалқазбек  Әжібеков,  «Сыр  бойы»  газеті 

бас  редакторының  орынбасары  Қаныбек  Әбдуов,  ақын-жазушылар,  Қазақстан  журнали-

стер  Одағының  мүшелері  Файзулла  Сахиев,  Жасұзақ  Аманбаев  тарихи  тұлға  туралы  ой-

толғамдарын ортаға салды.

Конференция  жұмысын  аудан  әкімінің  орынбасары  Бақытжан  Айтпенбет  жүргізді. 

Материалдың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.

ҚАРАТАУДАН ТҮЛЕП 

ҰШҚАН ҚЫРАН



БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА

(Жалғасы 4-бетте)

2

24 желтоқсан, 2016 жыл

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  Қожакент  ау-

ылында  өткен  «Тәуелсіздік  –  тарих  тартуы»  атты 

мәдени  шара  жастар  бойына  патриоттық  рух  беріп, 

өткенді  ұмытпауға  үйретеді.  Әрі  тамырлы  тарихтан 

сыр шертіліп, өскелең ұрпаққа құнды дерек бере алды. 

Ауыл өнерпаздары, №184 білім ордасының шәкірттері 

мен  ұстаздар  қауымы  белсене  қатысқан  мерекелік 

шара жоғары деңгейде өрбіді. Кеш шымылдығын мек-

теп  шәкірттері  желтоқсан  оқиғасының  бір  парасын 

сахналық  көрініс  арқылы  ашты.  Иә,  жастардың  сол 

кездегі азаттық пен болашақ үшін күрескенін, ақтық 

демі  қалғанша  берілмегені  көз  алдыңа  елестетейді 

екен.  Одан  әрі,  «Желтоқсан  желі  ызғарлы»  әні 

шырқалып,  «Керемет»  би  тобының  мың  бұралған 

бишілері  қазақ  биін  нақышына  келтіріп  орындап 

шықты. Осы орайда, биші қыздарға билеу мәнері мен 

олардың  киім  үлгісіне  мән  беріп,  өзі  тігетін  шебер 

ұстаз Нағима Нұрманованың еңбегін айтпасқа болмас. 

Ауыл ішіндегі қандай мәдени кеш болмасын өз өнерін 

ортаға салар маманның еңбегін ел біледі.

Мерекелік  шара  барысында  әуезді  ән,  мағыналы 

күй,  тіпті  поэзиямен  көрермендер  сусындады.  Ал, 

мектеп  ұстаздары  хормен  «Туған  жер»  әнін  ай-

тып,  тұрғындарға  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлады.  Сах-

на  төріне  ауыл  әкімі  Асылбек  Айтжанов  көтеріліп, 

тұрғындарды ширек ғасырлы тәуелсіздік мейрамымен 

құттықтады.  Мәнді  де  мағыналы  ой  айтып,  жастар-

ды отаншыл, жігерлі әрі еңбекқор болуға шықырды. 

Сондай-ақ, ауыл тынысын кеңейтіп, елге еңбегі сіңіп 

жүрген  бірқатар  сала  мамандарын  «Алғыс  хатпен» 

марапаттады.  Қожакенттіктерді  «Жастар  ресурстық 

орталығы» коммуналдық мекемесі аудандық бөлімінің 

басшысы  Нұрбол  Бакиров  пен  ауыл  ақсақалдары 

құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді. 

–  Сан  ғасырлы  арман  болған  азаттық  таңының 

атқанына  биыл  25  жыл  толып  отыр.  Егемендік 

өткеннен  қалған  мұра,  сарқылмас  байлық.  Осын-

дай  асыл  қазынаның  құндылығын  бүгінгі  ұрпаққа 

ұқтырып,  оны  қастерлеуге  үйрету  баршаның 

міндеті.  Сондықтан,  баршаңызды  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығымен  құттықтаймын!  –  деді  ауыл  қариясы 

Балтақожа Шалабаев.

Ерғазы Төлегенов басқаратын мектеп мұғалімдері 

мен  ауыл  өнерпаздарының  ұымдастыруымен  өткен 

мағыналы кеш соңында «Атамекен» әнімен мәдениет 

саласының өнер ұжымы қортындылады. 

– Бүгінгі мағыналы да, мәнді шараның берері мол. 

Тарлан тарихтан сыр шертер ұлттық құндылығымызды 

келешек  ұрпаққа  осындай  мерекелі  күнмен  жеткізе 

білуіміз  керек.  Себебі,  азат  елдің  азаматтарының 

қашанда  еңсесі  биік, айтары нық  болу керек,  – деді 

ауыл тұрғыны Асан Нақышпанов.

Әлібек ТЕМІРБЕК.

«Нұр  Отан»  партиясы  Жаңақорған  аудандық  филиа-

лы  ғимаратында  Тәуелсіздіктің  25  жылдық  мерейтойына 

орай  партия  белсенділері  бас  қосты.  Елдің  әлеуметтік-

экономикалық дамуына үлес қосып жүрген нұротандықтар 

2016  жылы  атқарылған  жұмыстарды  пысықтап,  алдағы 

межені айқындады. 

– Ғасырлар бойы аңсап жеткен азат күннің атқан әр 

таңын қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. Болашақ үшін 

жасалып  жатқан  жұмыстарда  белсенділік  танытып,  жо-

спарлы межені орындау ортақ міндет. Сондықтан, баста-

уыш  партия  ұйымының  әрбір  мүшесі  партия  төрағасы, 

Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлының  алға  қойған 

міндетті жоспарын жүйелі іске асыруға тиіспіз. Осы жол-

да аянбай еңбек ету керекпіз, – деген Мәжит Байқожаұлы 

белсенді қызметімен көрініп жүргендерді марапаттады.

Атап  айтқанда,  Мемлекет  басшысы,  «Нұр  Отан» 

партиясының  Төрағасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  са-

ясатын  және  партияның  бағдарламалық  мақсаттары 

мен  міндеттерін  іске  асыруға,  аймақтың  қоғамдық-

саяси  өміріне  белсене  қатысқан  бастауыш  партия 

ұйымдарының  белсенді  мүшелерін  облыстық  партия 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  Ибадулла 

Құттықожаевтың  «Құрмет  грамотасымен»  «Нұр  Отан» 

партиясы  Қызылорда  облыстық  филиалы  төрағасының 

бірінші  орынбасары  Ибадулла  Құттықожаевтың  «Құрмет 

грамотасымен» Аягөз Айдосова, Қыдырқожа Үсенов, Сер-

мухамед  Оразгелдиев,  Ғалымжан  Ахметов,  Ақжарқын 

Дүйсеева,  Жанатбек  Зертүймеев,  Жаннур  Дюсенбаева, 

Жиренбай  Жанаспаев,  Марат  Қазыбаев,  Аскер  Мусаев,  

Елшибек Сатершинов, Қуаныш Үсенбаев, Абайхан Искен-

диров, Жиренбай Жанаспаев марапатталды.

Ал,  «Жаңарық»  БПҰ  ның  төрағасы  Абдрахман 

Ашимовқа  облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаевтың  «Алғыс 

хатын» табыстады. 

–  Елмен  етене  қызмет  етіп,  халықпен  тығыз  байла-

ныста болу үлкен абыройлы іс. Әрбір міндетті абыройлы 

атқару  партия  алдындағы  жауапкершілік  жүгі  деп  түсіну 

керекпіз. Сондықтан, қандай салада болсақта Елбасының 

алған қойған мақсатты жолды жетілдіру керек екенімізді 

сезіну керекпіз, – деді мектеп ұстазы А.Дүйсеева.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.

ПАРТИЯ ПӘРМЕНІ:

белсенді, білікті, білімді болу

Аудандық  білім  қызметкерлері  кәсіподақ 

комитетінің  ұйымдастыруымен  Тәуелсіздіктің 

25  жылдығы  аясында  «Отан  –  қуат,  отба-

сы  –  шуақ»  тақырыбында  отбасылық  байқау 

ұйымдастырылды.  Байқау  білім  беру  сала-

сында  қажырлы  еңбек  етіп  жүрген  ұстаздар 

арасында  өтті.  Болашақ  елдің  ұрпағын 

тәрбиелеп,  білім  нәрімен  сусындатып  жүрген 

мұғалім  отбасыларының  рухани  адамгершілік 

құндылықтары,  отансүйгіштік,  мейірімділік 

асыл  қасиеттері  қандай  деңгейде?  Шарада 

осы мәселелер сарапқа салынды.

Отбасылық  сайысқа  аудандық  білім 

қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы 

Елшібек Сатершинов, «Арман» мәдениет үйінің 

қызметкері Мәдинет Тотаев және «Нұр Отан» 

партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының 

кеңесшісі  Нариман  Жахудаев  әділ  қазылық 

етті.  Сайыста  бақ  сынаған  Кенжебеков, 

Бибітов,  Бегімбетов,  Тұрабаев,  Райымбеков-

тер және Биғазиевтер мен Қошқаровтар отба-

сысы қатысып, ұлттық құндылықты дәріптеуде 

алдына жан салмады.

«Сәлем  сөздің  –  анасы»  атты  танысты-

ру  кезеңінде  ұстаздар  жырдан  шашу  ша-

шып,  екінші  кезең  –  «Ата  көрген  оқ  жанар, 

ана  көрген  тон  пішер»  деген  мәтелмен  әр 

шаңырақ  өз  бұйымдарын  тарту  етті.  «Өнерім 

–  өрісім»  кезеңі  тіпті  қызыққа  толы  өрбіді. 

Ән  айтып,  би  биленді.  Жарыстың  төртінші 

бөлімі «Салтын сыйлаған – ел озар» деп атал-

ды.  Онда  қатысушылар  билет  алып,  ішіндегі 

сұрақтарға  тұщымды  жауап  беруге  тырысты. 

Соңғы  кезеңде  сән  әлеміне  саяхат  жасалды. 

Түрлы  түсті  киім  үлгілеріне  куә  болдық.  Бұл 

сында  әр  отбасының  ізденісі  анық  байқалып 

тұрды.


Сонымен 

жарыс 


нәтижесі 

бойын-


ша  Қошқаровтар  шаңырағы  үздік  шығып, 

бас  жүлдені  жеңіп  алды.  Ал,  екінші  орын 

Биғазиевтер  отбасысына  бұйырса,  үшінші 

орынға  Бегімбетовтер  қол  жеткізді.  Марапат 

иелеріне  «Алғыс  хатпен»  бағалы  сыйлықтар 

табыс етілді. 

–  Әрине,  жарыс  жоғары  деңгейде  өтті. 

Бұл сайыстың мәні мен маңызы тереңде. Азат 

елдің келешек ұрпағының бойына қазақы салт 

пен  сананы  сіңіріп,  ұлттық  құндылықтарды 

дәріптеуді  қолға  алу.  Сондықтан,  барлық 

қатысушылардың  өнерлеріне  куә  болып, 

болашақ  елдің  адал  перзенттері  тәрбиеленіп 

жатырғанына куә болдық, – деді Е.Сатиршинов.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет