БҮгінде туған жаңАҚОРҒанының сай сала, жыңҒыл-жықпытына дейін жатқА


–  Атасақалды  қария  ретінде  мынаны



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата30.03.2017
өлшемі11,32 Mb.
#10594
1   2   3   4

–  Атасақалды  қария  ретінде  мынаны 

айтыңызшы,  бүгінгі  таңдағы  ата-ана  бала 

тәрбиесінде  нені  ескергені  жөн?  Ақсақалдар 

институтының қайта жаңғырту үшін қайтпек ке-

рек?

–  Шынында  қоғамда  өзекті  мәселенің  бірі  осы. 

«Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің». Мән-маңызы 

мәңгі  жойылмайтын  бұл  мәтел  өз  өміршеңдігін 

көрсетуде.  Тәлім-тәрбиенің  түп-төркіні  –  үлкендерде 

екені айтпасада айқын. Ертеректе қырық жыл қырғын 

болса  да  қазақ  ұрпағына  ұлағатты  тәлім-тәрбие 

беруді ұмытпаған. Дұрысы ұлтжанды ұл, қылықты қыз 

тәрбиелеген. Ал, бүгінгінің баласы бесік жырының ор-

нына хит әндерді тыңдайды. Яғни, даңғаза әуенге ты-

ныштанады.  Мойындау  керек,  балғынға  адами  бол-

мыс пен асыл қасиет отбасында қалыптасады. Ал, сол 

ұлттық тәрбиенің дәнін себуші – ата-әже екені даусыз. 

Тұла бойы тұңғышын ата – әжесінің тәрбиесіне беріп, 

«шалдың  баласы»  деп  бауырына  басқызатын  біздің 

халық  қана.  Өмірден  көргені  мен  түйгені  мол  қария 

қолында  тәрбиеленген  бала  көпшіл,  рухани  дүниесі 

бай,  намысты  болып  өседі.  Ұл-қызға  тән  ибалылық 

пен  имандылық  та  сол  ортадан  дариды.  Бір  сөзбен 

айтқанда, ата-әже институтының орны айрықша. 

Жақында немерем балабақшадан қалтасына салып, 

бір  ойыншық  әкеліпті.  «Ата  мынаны  балабақшадан 

алдым»  дегенде  өне  бойым  дір  ете  қалды.  Тезара-

да шешесін шақырып, апайының көзінше ойыншықты 

қайта орнына апарып қоюуын бұйырдым. Әрине, бы-

лай  қарап  отырсаң,  ол  ойыншық  тиын  тұрады.  Алай-

да бұл жақсылықтың нышаны емес. Бір әкелген бала, 

келесі де тағы әкеледі. 



– Дұрыс айтасыз аға, «тәрбие – тал бесіктен» 

деген  бар  ғой.  Соңғы  сауал  болсын.  Немереге 

бай шығарсыз...

–  Құдайға  шүкір,  Алланың  берген  20-ға  жуық 

немересі бар. Ұл - қыздарымның барлығы да аяқтанып, 

бір-бір үй болды. Сан салада қызмет жасауда. Сөзімді 

қорыта  айтқанда,  бүгінде  біздер  дамыған  заманда 

өмір сүріп жатырмыз. Жастар қауымы қолынан келетін 

кәсіпке бейімделуі қажет. Бір түйір нан, бір тамшы тер-

мен келетінін ұғынуы тиіс. Мемлекет барлық жағдайды 

жасап қойды. Қандай кәсіппен айналысамын десе де өз 

еркі. Енді тек, ерінбей еңбек етсек игі. 



– Рахмет аға, салихалы сұхбатыңызға. 

Тілдескен Әбдісамат ӘБДІШ.

ЖОМАРТ ЖЕР 

НЕСІБЕСІН АЯМАЙДЫ



БАБЫН ТАПСА,

АДАМ ҮШІН ЕҢ БАСТЫСЫ, БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРІП, АҚСАҚАЛДЫҚ БЕДЕЛІМЕН 

АҒАЙЫНҒА БАСУ, ТӨРТ КӨЗІ ТҮГЕЛ ТОПҚА ТӨРЕЛІК АЙТУ. ӨЙТКЕНІ ЗАМАНЫНА ЖАҚСАҢ

АДАМЫНА ЖАҒАСЫН. УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫ СОНДАЙ. ОСЫ ТҰСТА, «АУЫЛЫНА ҚАРАП, 

АЗАМАТЫН ТАНЫ» ДЕГЕН ДАНА ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛ НАҚЫЛЫ БҮГІНДЕ ӨЗ ӨМІРШЕҢДІГІН 

КӨРСЕТУДЕ. ОНЫҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ – АҚҚОРҒАН АУЫЛЫНДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ ТӨБЕ БИІ 

БОЛЫП, ҚАШАНДА АҒАЙЫНДЫ АУЫЗБІРШІЛІККЕ ШАҚЫРЫП ОТЫРҒАН ЕЛ АҒАСЫ БАР. ОЛ – 

ҮНЕМІ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДА ӨЗІНДІК ПІКІРІН БІЛДІРІП, ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕСІН КЕЙІНГІГЕ 

ҮЙРЕТУДЕН ЖАЛЫҚҚАН ЕМЕС. БІЗ БҮГІН СЕНБІЛІК ТӨРІНЕ ТҮГІСКЕНДІК ДАҢҒАЙЫР 

ДИҚАН, АПТАЛ АЗАМАТ МОЛДАХМЕТ ИБРАГИМОВТЫ ШАҚЫРДЫҚ. ӘРИНЕ, ҚОНАҒЫМЫЗ 

БАЙЫРҒЫ КҮРІШШІ БОЛҒАНДЫҚТАН ӘҢІГІМЕ АУАНЫН АГРАРЛЫ САЛАДАН БАСТАУДЫ 

ЖӨН КӨРДІК. КЕЗІНДЕ ТӨГІЛГЕН МАҢДАЙ ТЕР МЕН ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІКТІ ЕСКЕ ТҮСІРІП, 

ЖІГІТ МОЛДАХМЕТТІҢ ҚАНДАЙ БОЛҒАНЫН СҰРАДЫҚ.

«БАРС» - ПИКАП»

ГАЗЕТТІҢ КЕЗЕКТІ 

НӨМІРІН ШЫҒАРУҒА 

ҚЫЗУ 

ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАН 



ЕДІК. ТЫСТАН ФО

ТО 


ТІЛШІ ӘЛІБЕК ЖАРЫҚБАЕВ 

КЕЛІП, КӨШЕ БОЙ

-

ЫНДА ТҰРПАТЫ Ө



ЗГЕШЕЛЕУ КӨЛІК 

ТҰРҒАНЫ 


ЖАЙЛЫ СӨЗ ЕТТІ. 

ДЕРЕУ ДАЛАҒА ШЫҚТЫМ

.  

ШЫНЫНДА ДА АМ



АНКЕЛДІ КӨШЕСІНДЕГІ 

«МИРАС» КАФЕСІНІҢ 

ЖАНЫНДА ӨЗГЕШЕЛЕУ 

АВТОКӨЛІК ТҰРДЫ

Алғашқы 


еңбек 

жолын 


аудан 

орталығындағы  ХРСУ  мекемесінде  сан-

техник  болып  бастады.  Одан  әрі 

құрылыс  мастері,  прораб  болып  жұмыс 

істеді.  Ол  осы  уақыт  аралығында  ау-

дан  орталығындағы  емхананы,  әкімшілік 

ғимараты,  мектеп-интернаты,  ауылдағы 

білім  ошақтары  мен  емдеу-сауықтыру 

ғимараттары, жолдардың күрделі жөндеу 

жұмыстарына өз қолтаңбасын қалдырды.

Кеңес  өкіметі  тараған  кезеңде  бұл 

мекемелердің  де  қысқарғаны  белгілі. 

Төрт-бес  жыл  өз  кәсібінен  қол  үзіп 

қалған білікті маман 2001 жылдан бастап 

Жаңақорған  жол  мекемесіне  жол  мастері 

болып  қызметке  кірісті.  2006  жылдан  ба-

стап  «Проект-Дизаин»  ЖШС-ін  ашып, 

соның жұмысына жетекшілік етіп келеді.

Біз  Тәуелсіздік  мерекесі  қарсаңында 

аймақ 


архитектурасында 

айшықты 


қолтаңбасы  бар  азамат  –  бүгінгі 

кейіпкеріміз  Мұхит  Мамуовқа  арнайы 

жолығып сұхбаттасқан едік. Ол өз кәсібінің 

қыр-сырын түсіндіріп қана қоймай, көңілде 

жүрген  түйткілді  проблемаларды  қалың 

елдің назарына ұсынуды жөн көрді.

Аңдап  қарағанға,  табиғаттың  өзі  ұлы 

суреткер,  Аспаннан  қалықтап  ұшып  кеп 

қалың  ұлпаға  айналған  аппақ  қар  жылт-

жылт етіп көз қарықтырады. Сана иелерінің 

тұрмыс-тіршілігі осы жүйемен үндесе білуі 

үшін  үлкен  жауапкершілік  қажет.  Бірақ 

адамдардың  осынау  сұлулықты  аяқасты 

етіп, қадіріне жете бермейтіні өкінішті.

Еліміз  өтпелі  кезеңді  артқа  тастап, 

кем-кетігін  түгендей  бастаған  елең-алаң 

тұста атамекен халқы да етек-жеңін жиып, 

жаңаруға бағыт түзеді. Кент келбетінің де 

архитектуралық  ансамблі  айшықталып, 

заманауи  стильмен  сән  түзеген  тұрғын 

үйлер  мен  халыққа  қызмет  көрсететін 

әлеуметтік және мәдени нысандар бірінен 

соң  бірі  қанат  жайып,  бой  түзей  баста-

ды.  Осы  жерде  айта  кетейік,  мейлі  жеке 

иеліктер  болсын,  мейлі  заңды  тұлғаға 

қарасты  объектілер  болсын  сәулетінің 

салмақты, сапасының жоғары болуы оның 

алғашқы  кескіндемесінің  нақтылығына, 

дәлдігіне,  көркемдігіне  тығыз  байланы-

сты. Бұл бағытта көп жылдар еңбектеніп, 

елге  жан-жақты  танымал  болып  қалған 

тұлғалар  –  Мұхит  Мамуов  жетекшілік 

ететін  ұжым  қызметкерлерінің  бүгінге 

дейін  қонысымызда  жаңадан  соғылып 

жатқан 

құрылыстарда 



қолтаңбасы 

айрықша  деуімізге  болады.  Жеке  тұрғын 

жайлардан  бастап  түрлі  сауда  нүктелері, 

көшелердің  қос  қабатын  көркейту,  абат-

тандыру бағытында зор ізденіспен жұмыс 

жасап, жарқын жобаларды жүзеге асырып 

келеді.

– Кент әкімінің өтінішімен таяу күндері 



қоныс  келбетін  айшықтауға  бағытталған 

10  түрлі  жобаның  сметасын  әзірлеп 

бердік.  Қолға  алғанын  тиянақты  орында-

май  тынбайтын  әкімнің  талабы  іс  жүзіне 

асса «Алтынсарин» мөлтек ауданынан ба-

стап абаттандырылады, – дейді Мұхит Ма-

муов.

– Қазір Қорасан-Ата көшесінен бастап 



суағар  тоспаларың  құрылысы  жүріп  жа-

тыр. Бұл дегеніміз қарғын судың қалыпты 

түрде көлге құйылуына жағдай туғызады. 

Көше  мәдениетінің  бүгінге  дейін  дұрыс 

жүйеленбей  келе  жатуының  себебіне 

келсек,  қонысты  суландыру  жүйесі  ащы 

ішектей  созылып  келді  де  көп  жұмысқа 

қолбайлау жасады. Көшелерді толығымен 

ретке келтіру, сонымен қатар газдандыру 

да  мәресіне  жетті.  Енді  жол  бойларының 

саялы  баққа  көмкерілер  күні  алыс  емес, 

тек оларды қоршап қою көшені тарылтып 

жіберерін ескерген жөн. Сондықтан әр от-

басы өз үйінің сыртындағы жасыл желекті 

өздері  күтімге  алуы  тиіс.  Алдағы  кезеңде 

жаяу  жүргіншілерге  айналған  тротуар 

мәселесі де шешілетін болады.

– 

Тұрғындарымыздың 

мәдениетіне  деген  көзқарасыңыз 

қандай?

– 

Әр 



тұрғын 

өз 


ауласының, 

көшесінің  тазалығына  сергек  қарауы 

тиіс.  Жасыл  желек  –  жан  саясы.  Оның 

экологияның  саулығы  үшін  пайдасы  өз 

алдына.  Бір  қынжылтатын  мәселе,  біздің 

қонысымыздағы демалыс саябағы талапқа 

сай  емес.  Оны  тұрғындардың  қол  бо-

ста  сейіл  құрып,  тартымды  табиғат  ая-

сында  көңілдегідей  тынығатын  жағдайға 

келтіруіміз керек. Мұның есесіне орталық 

алаңымыз  кеңіп,  «Ерлікке  тағзым» 

тақтасы тұғырланып, ажары айшықталып 

келеді. Енді алдағы уақытта «МАИ» бекеті 

маңындағы  Құлан  ақын  ескерткіші  алды-

нан  сквер  жасаймыз  деген  жоспар  бар. 

Сол  сияқты  спорт  кешені  алдында  да 

халық  демалатын  алаңқай  ашылды.  Мал 

базары да жұмыс істейтін болады.

Келешектің жоспары жөнінде ол осы-

лай ой тербеді.

Адал  еңбек  ешуақытта  ескерусіз 

қалмаған.  Саланың  мақтау,  марапаттау-

ларын бірнеше мәрте иеленген білікті ма-

ман жақында «Тәуелсіздіктің 25 жылдық» 

мерекелік медалімен марапатталыпты. От-

басында жары екеуі 3 перзент тәрбиелеп 

келеді екен.

Аманкелді 

көшесі 

бойындағы 



«Нұрасыл» сауда дүкені маңынан соғылған 

екі  қабатты  еңселі  қызыл  түсті  ғимарат 

білікті  маманның  жаңа  үлгідегі  соңғы 

жобасының бірі екен. Күн сайын жанынан 

өтіп бара жатып, көз қиығын салмай кете 

алмайды. Жүректен туған еңбек те іштен 

шыққан балаң сынды жанға жақын, көзге 

жылыұшырап тұрады. Тіпті кейін бір мінін 

байқап қалсаң да, кемшілігі білінбейді.

Мұрны  келте,  құлағы  қалқиған  болса 

да әр бала өзінше ыстық, өзінше қымбат 

қой.  Бұл  да  сол  сияқты.  Ой-қиялыңның 

жемісі  саналар  жасампаз  жаңалығың 

көптің  игілігіне  жарап  жатса  одан  артық 

қандай  қуаныш  бар?  Сондықтан  бол-

са керек, біздің кейіпкеріміз де өзінің көз 

майын  тауысып,  төл  талғамынан  туып, 

туған  жерде  туырлығын  түрген  әрбір 

жаңа  нысанның  жүрегіне  жақын  болып 

тұратынын жасырмайды. Тіпті содан жаны 

ләззат  алып,    жасара  түскендей  болады. 

Айтқандай, шығармашылық интеллект бұл 

кісінің қанында бар, өнерден де құралақан 

емес  екенін  білгенде  құрметіміз  одан  әрі 

тереңдей түсті. Бірнеше әндері бар екен. 

«Өмір  заңы»,  «Аңсағаным»  деген  әндері 

жиі орындалып жүргенін айтты. Жақында 

бәйгеге  ат  қосқан  «Жаңақорғаным»  әні 

де бояуы қанық, жүректі қозғар қуатымен 

көңілімізді  тербеді.  Жайылманың  70 

жылдығына  арнап  жазған  әнін  де  терең 

толқыныстан  туған  сазды  әуен  деуге  бо-

лады.

ТҮЙІН.  Өнерге  жақын  адамның 

жүрегі нәзік болатыны бесенеден белгілі. 

Замандастарының бел ортасында берекелі 

ғұмыр  кешіп,  әр  күнін  жақсылыққа 

жалғаған жайсаң жүректі азаматтың бүкіл 

еңбегінің  мағынасы  елге  болса  екен  де-

ген  тілектен  арна  тауып,  жаңа  күнге 

жалғасып  келеді  екен.  Әңгімеге  сараң 

болса да мінезге бай, өз бейнетінен бақыт 

тапқан  парасатты  тұлғаның  ақеділ  қадір-

қасиетінен біз осыны аңғардық.

Перзент 

    парызы



 ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ 

ЖЕҢІЛДІКТЕР МАУСЫМЫ !!!

Кенттегі  «Ақ  жол»  сауда  орталығы  тұрғындарға  тама-

ша  жеңілдіктер  маусымы  басталғанын  хабарлайды.  Алғашқы 

төлем жарналарын төлемей-ақ, 3 айдан 3 жыл аралығына дейін 

қалаған тауарды несиеге алуға мүмкіндік бар. Яғни,  тұрмыстық 

техникалар;  кір  жуғыш  машина,  мұздатқыш,  мултиварка,  газ 

пештері,  теледидар,  компьютер,  ноутбук,  ұялы  телефон  т.б. 

және  сан  түрлі  тұрмыстық  техниканы  жеңілдетілген  несиеге 

рәсімдеуге  мүмкіндігіңіз  бар.  Таңдаған  тауарыңызды  алысқа 

ұзамай-ақ,  сауда  орталығы  ішіндегі  «Хоум  Кредит»,  «Ка-

спий  банк»,  «Еуразиялық  банк»  бөлімшесі 

арқылы  несиеге  рәсімдеуге  болады.  Әрі 

әрбір  алынған  тауарға  қосымша 

сыйлықтар беріледі. 

 Байланыс телефоны: 

22-2-59. 8775-959-89-69, 

8707-124-29-92.

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

СЕНБІЛІК СҰХБАТ

Кезекші редактор Ерубай ҚАЛДЫБЕК.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет