Бүгінгі ауызша сабақ



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі19,16 Kb.
#115012
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Документ (2)

Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100жаңа оқулық жобасы

2018 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл болды. Осыған орай Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтырдан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген алғашқы он сегіз оқулықтың тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен шараға танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, гуманитарлық ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, жас ғалымдар мен студенттер және жобаға атсалысқан аудармашы редакторлар мен баспагерлер қатысты. Өткен бір жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыс атқарылды. Жалпыхалықтық талқылаудан кейін латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты қабылданды. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап мен оқу құралы жарыққа шықты.
Энтони Кенни антика философиясы
Философ Энтони Кеннидің қаламынан туған «Антика философиясы» кітабы туралы тарқата айтпақпыз. Тарихи-философиялық еңбекке ежелгі грек философтарынан бастап, бертіндегі күллі философтардың сөздері еніп, автор оларды шама-шарқынша тарқатып, түсіндіріп береді. Қоғам қашанда даму үстінде болады. Бірақ дамыған қоғам, даму үдерісі данышпандыққа ұмтылыс жасауға кедергі болады деп айтуға мүлде болмайды. Адамның ой-санасы, ақыл-есі дамыған сайын данышпандыққа ұмтылып, өзінің білімін, ойлау деңгейін, қарым-қатынас дәрежесін арттыруды мақсат ете береді.Бүгінде философияға қызығушылық танытатындар немесе арнайы ғылыми көзқараста зерттеу жасап жүргендер данышпандыққа жетелейтін ғылымды екі бағытта қарастырады. Алғашқы бағыты философияның көне тарихын, жалпы тарихының барлық кезеңін зерттеуге, сол кезде жарыққа шықпай қалған құнды жәдігерлер болса, соларды тереңінен зерттеуге, дәуірінде ойшыл атанған тұлғалардың жазбалары арқылы сол қоғамның тыныс-тіршілігін байқауға басымдық береді. Ал екінші бағытын ұстанатындар аталған ғылымның бүгіні туралы, даму қарқыны мен жаңалықтары туралы, жетістіктері мен кемшіліктері туралы ақпараттарға басымдық береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет