Байланысты: Тоқташева Н. Әлеуметтік зерттеу 3 (копия) (копия)
Әлеуметтік зерттеу Тақырып: «Студент өміріндегі әлеуметтік желілер»
Мәселе: «Әлеуметтік желі» ұғымы 1954 жылы пайда болғанын көпшілік білебермейді, оны әлеуметтанушы Джеймс Барнс енгізді. Бұл құбылыс Интернетке ешқандай қатысы жоқ және былай түсіндірілді: «Әлеуметтік желі-бұл әлеуметтік нысандар (адамдар немесе ұйымдар) және олардың арасындағы байланыстар (әлеуметтік қатынастар) болып табылатын түйіндер тобынан тұратын әлеуметтік құрылым». Қарапайым тілмен айтқанда, әлеуметтік желі дегеніміз-белгілі бір қатынастар, екі жақты немесе бір жақты байланыстары бар адамдар тобы. Интернеттің пайда болуымен (1969ж) Джеймс Барнстың ғылыми тұжырымдамасы танымал бола бастады. Бұл бүкіл әлемдік ғаламторда әлеуметтік медианың дамуына әкелді. Осы орайда сіздермен қызықты мәліметпен бөліскім келіп отыр. Қазіргі блогтардың, әлеуметтік желілердің және интернеттің пайда болуын орыс жазушысы және философы Владимир Федорович Одоевский 1835 жылы болжаған, ол сол кездегі қиял ғажайып болжамын өзінің «4338 жыл» атты утопиялық романында жазды. Автордың романнан үзінді «таныс үйлер арасында магниттік телеграфтар орналастырылған, солар арқылы алыс қашықтықта тұратындар бір-бірімен сөйлеседі» делінген. Одоевский сонымен қатар «көптеген үйлерде, әсіресе көп таныстары бар үйлерде» жаңадан жарық көрген «үй газеттері» туралы айтады. Бұл газеттерде әдетте иелерінің денсаулығы немесе ауруы туралы хабарлама мен басқа да үй жаңалықтары бар» екендігі айтылған. Айта кету керек Владимир Федорович болашақты болжағандай, алайда, ол әлеуметтік медиа, блогтар және интернет туралы біле алмады.
Қазір газет оқитын, жаңалықтар көретін жастарды сирек көреміз. Көптеген адамдар кез-келген қажетті ақпаратты Интернеттен табуға болатынына үйренген және бұл үшін көп күш салудың қажеті жоқ. Мысалы, кітапханаға барып, әдебиеттерді сұрыптап отырудың қажеті жоқ. Үйде компьютерде отырып, бір шыны шай ішіп, іздеу жолағына қажет нәрсені жазу арқылы интернеттен мың нәтиже таба аламыз. Жастар үшін интернеттің негізгі қызметі – қарым-қатынас, қызықты видео, суреттер, тіпті ойындар болып табылады. Әлеуметтік желілердің ең жиі пайдаланушылары – қазіргі жастар. Виртуалды әлем өскелең ұрпақты көбірек қызықтыруда. Бұл бізге өз тәжірибемізбен бөлісуге, сезімдеріміз туралы айтуға, жүрегімізде не бар екенін жеткізуге мүмкіндік береді. Кейбір адамдарға бұл туралы шынайы өмірде бетпе-бет, басқалармен жалғыз немесе компанияда сөйлесу қиынға соғады, сондықтан әлеуметтік желілер көбірек адамдарды тартады. Ерік-жігері әлсіз, өз-өзіне сенімсіздігі бар, шынайы қарым-қатынаста қиындықтарға тап болған жасөспірімдер тұлғааралық қарым-қатынастың жетіспеушілігін әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас арқылы толтырады. Дәл осы жерде олар өзін-өзі растау үлесін алады және басқалардың қарым-қатынасы мен назарының болмауының орнын толтырады.
Қазіргі таңда әлемдегі екінің бірі әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланады.Әсіресе оқушылар мен студенттер де. Оқу құралы ретінде және көңіл көтеру үшін. Әрине олардың жақсы жақтары да , әрі зиян жағыда бар. Жақсы жақтары керек мағұлмат көзін көп ізденбей тез арада табуға болады. Зияны әлеуметтік тәуелдік, экран алдында көп отығаннан көз ауыруы , ж/е т. б зияндар келтіріледі. Қазір газет оқитын, жаңалықтар көретін жастарды сирек көреміз. Көптеген адамдар кез-келген қажетті ақпаратты Интернеттен табуға болатынына үйренген және бұл үшін көп күш салудың қажеті жоқ. Мысалы, кітапханаға барып, әдебиеттерді сұрыптап отырудың қажеті жоқ. Үйде компьютерде отырып, бір шыны шай ішіп, іздеу жолағына қажет нәрсені жазу арқылы интернеттен мың нәтиже таба аламыз. Жастар үшін интернеттің негізгі қызметі – қарым-қатынас, қызықты видео, суреттер, тіпті ойындар болып табылады. Әлеуметтік желілердің ең жиі пайдаланушылары – қазіргі жастар. Виртуалды әлем өскелең ұрпақты көбірек қызықтыруда. Бұл бізге өз тәжірибемізбен бөлісуге, сезімдеріміз туралы айтуға, жүрегімізде не бар екенін жеткізуге мүмкіндік береді. Кейбір адамдарға бұл туралы шынайы өмірде бетпе-бет, басқалармен жалғыз немесе компанияда сөйлесу қиынға соғады, сондықтан әлеуметтік желілер көбірек адамдарды тартады. Ерік-жігері әлсіз, өз-өзіне сенімсіздігі бар, шынайы қарым-қатынаста қиындықтарға тап болған жасөспірімдер тұлғааралық қарым-қатынастың жетіспеушілігін әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас арқылы толтырады. Дәл осы жерде олар өзін-өзі растау үлесін алады және басқалардың қарым-қатынасы мен назарының болмауының орнын толтырады. Көптеген зерттеулердің нәтижелері интернет-коммуникацияны барынша қарқынды пайдаланатын жастардың «өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі дамытуға» аз қызығушылық танытатынын дәлелдеуге негіз береді. Адам өз проблемаларынан қашып, тікелей әлеуметтік желілерге енеді, онда ол оны ұмытып, жаңа өмір, жаңа есім ойлап таба алады, кез келген кешеннен «құтыла алады». Адам өзінің «идеалды әлемін» шындықтың бір бөлігі ретінде қабылдай бастайды және олардың арасындағы шекараларды көрмейді.Бұл дегеніміз қазіргі жастар шынайы әлемнен алшақтап бара жаттыр деген сөз. Қазір жастар есте қаларлық альбом үшін емес, өмірдің маңызды сәттерін өзіңіз үшін сақтап қалу үшін емес, барлығын әлеуметтік желіге салу, содан кейін сіздің фотоларыңыз кімге ұнағанын көру және достарыңыз бен таныстарыңыздың пікірлерін оқу үшін суретке түсе бастады. Бұл адамның шынайы сана-сезімі вертуалды болып бара жаттыр деген сөз. Гаджеттің ата-ананың балаға көңіл бөлуге уақыты жоқ кезде құтқаратын көмекшісіне айналғаны ақиқат. Оның үстіне, ата-анасының қолынан түспейтін ұялы телефонға бала да ұмтылып тұрады. Осылайша балалар 4-5 жастан бастап гаджеттің қыр-сырын ата-анасынан да жақсы меңгеріп алады. Баланың ата–анасынан бірнәрсені көбірек білуі адамзат тарихында алғашқы рет орын алуда. Қазіргі уақытта гаджеттің пайдасымен қатар зиянды тұстары көп көтерілуде. Өкініштісі, кейбір ата-аналар гаджеттің балаға зиянды жақтарына назар аудара бермейді. Сондықтан, алдымен гаджеттің зиянына тоқталып өтейік, соңғы 10 жылдықта смартфон моделдерінің жаңа нұсқалары қарқынды шығарыла бастады. Кез келген ақпаратты оңай және жылдам көрсететін ақылды гаджеттер баланы өзіне магнит тәрізді тартады. Экранда болып жатқанның барлығы (суреттердің, жарықтың, дыбыстың ауысуы) баланы өзгеше күйге түсіреді. Бұл күйде адамның миы стресс деңгейін төмендететін дофамин түзе бастайды. Экранның алдында ол уақыттың өткенін байқамайды, дофаминнің әсерінен рахат күйде отырады. Егер гаджет кенеттен өшіп қалса, дофамин деңгейі күрт төмендейді де, баланың эмоциясына ғана емес, физиологиялық күйіне де кері әсер етеді. Осындай сәтте балада истерика басталады. Гаджеттердің бұдан басқа тигізетін зиянды әсерлерін тізбелесек: балалар мен жасөспірімдердің жалғыздықты көбірек сезініп, өздеріне деген сенімдері азайып, тұйық мінезді болып өсуі; артық салмақ, көздің дұрыс көрмеуі, остеохондроз, т.б. ауру түрлерінің пайда болуы; лайктардың саны аздығынан пайда болған өзін кем санау комплексі, лентаны қарап отырған бала басқалардың «жақсырақ» өмірін көріп өзінің мүмкіндігіне сенбеуі сияқты психологиялық проблемалардың туындауы; кибербуллинг, онлайн-алаяқтық, «Суицид топтары». «Цифрлық әлемнің кері әсерін азайтудың қандай жолдары бар?» - деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Гаджетке тәуелділік мәселесін жеңу үшін ата-ана дер уақытында шара қолдау арқылы, есірткі тәуелділігінен де күрделі тәуелділіктің бұл түрінен оңай құтыла алады. Ол үшін миындағы дофаминнің әсерімен қызыққа батып отырған баланы гаджеттен ажырату мақсатында баланың жанына отырып, ойын қалай болып жатыр, қандай деңгей, қандай кейіпкер, ол не істей алады деген сұрақтарды қойып көңілін бөлу керек
2023 жылдың басында әлеуметтік желілерде 4,76 миллиард қолданушы бар, бұл бүкіл әлем халқының 60 пайызынан аз ғана. Дегенмен, соңғы айларда әлеуметтік желілер аудиториясының өсу қарқыны бәсеңдеді – бір жыл ішінде жаңа пайдаланушылардың өсімі 137 миллионды құрады, яғни небәрі 3%. Әлеуметтік желі тұлғаға қалай әсері етеді? Қарым-қатынасқа, өзін-өзі жетілдіруге, бизнесті дамытуға шексіз мүмкіндіктер береді, бірақ сонымен бірге жеке адамға да, қоғамға да зиян тигізуі мүмкін. Жалпы қазір ең танымал желіліер ол Facebook(69%), YouTube (57%), Instagram (45%), TikTok (33%) және Twitter (30%), сонымен қатар BeReal (313%), Twitch (29%), LinkedIn (20%) және TikTok (16%) өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда ең жылдам өскен. Сонғы кезде Америка елі TikTok-таң қауіптеніп отыр деген ақпарат естіліп жатыр. TikTok шынымен қауіпті ме?! Әлемде осы әлеуметтік желіні пайдаланудың барлық шектеулері қауіпсіздік мәселелерімен түсіндіріледі: ол пайдаланушылардың құрылғыларынан деректерді жинап, оны Қытай басшылығына жібереді. Қосымшаның АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні туралы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби айтты. Мұны АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс те растады. Оның пікірінше, қытай билігі американдық TikTok пайдаланушыларының жеке деректерін алуға және әлеуметтік желіде қандай материалдар орналастырылғанын бақылауға мүмкіндік алады. АҚШ-тағы TikTok жұмысын шектеу туралы мәселе соңғы уақытта ең белсенді түрде қарастырылуда. Тыйымдар басқа мемлекеттерге таралды, сонымен қатар, TikTok жұмысының шектеулерін әлемнің көптеген елдері белсенді түрде қабылдауда. Шенеуніктерге қызметтік мобильді құрылғыларда әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салу туралы шешімді Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Канада, Чехия қабылдады. Қарапайым тілмен айтқанда әлеуметтік желі бұл өзіңіз туралы ақпаратты жариялауға және басқа пайдаланушылармен ақпарат, фотосуреттер, хабарламалар және әртүрлі файлдармен алмасуға болатын Интернет платформасы. Әлеуметтік желініңқолдануында өзінің мәдениетілігі бар. Бұл туралы Қостанай таңы газетінің тілшісі Жандос Балғынбекұлы былай дейді:TikTok-та жастар тек ыржың-тыржың, көңіл көтеругебейімделіп жатқан сияқты. Ия, рас ақша табу керек шығар, бірақ сауатты жүргізу жағында ұмытпаған жөн. Әлеуметтік желі эмоциямен бөлісу, достарынмен қарым қатынас жасау немесе жеңіл пайда табу ғана емес. Сол секілді ол қазір бірте-бірте тәрбие бұлақ құралынада айналып келе жатыр. Өйткені біз сияқты елдің алдында жүрген журналистер осы жағына жауапты болуымыз керек. Жалпы әлеуметтің ең басты артықшылығы достарымен, жақындарымен қашықтықта сөйлесу мүмкіндігі. Тіпті желілерде сізді қызықтыратынақпаратты таба алатын, қызығушылық топтары да бар мысалы, фитнес сабақтарының немесе күй аспаптарында ойнау сабақтарының бейнелері. Сонымен қатар білім алушыларға оқу процесінде әлеуметтік желілер көмектесе алады. Бірақ осының бәрі жалпы адам психологиясына, эмоциясына, денсаулығына қалай әсер етеді? Интернетке тәуелділік нәтижесінде гормоналды фон да өзгеруі мүмкін. Адам шынайы қарым-қатынас жасау дағдысын жоғалтады. Жасөспірімдерге келсек қазіргі таңда олардың бірқатар проблемалары бар: зейіннің шоғырлануының төмендеуі, ақпаратқа тәуелділік, стресс, шамадан тыс жұмыс, интеллекттің төмендеуі. Сондықтан ата-аналар балаларының мінез-құлқына көбірек көңіл бөліп, жасөспірімнің әлеуметтік желілерге шамадан тыс тартылуының алдын алуға тырысып жатыр. Осыған орай өмірден алынған оқиғада бар 2015 жылы Белградтық Снежана Павлович психиатриялық ауруханаға түскен, оның себебі Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы достарының қызығушылығын тудырмағаннан болды. Дәрігерлер бұл жағдайды «Снежана синдромы»деп атады.
Дегенмен, гаджеттің пайдалы жақтары да аз емес. Бала қолындағы гаджетті тек ойын-сауық үшін қолданылуы мүмкін. Бірақ гаджетті баланы жан-жақты дамытатын құралға айналдыру ата-ананың қолында. Гаджет несімен пайдалы екенін атап өтсек: білім алу үшін (балаға қоршаған орта және оның ережелерімен таныстырады, математика және басқа пәндерді үйретеді); сөздік қорды ұлғайтуға; шет тілін үйренуге; ұсақ моториканы дамытуға (сенсорлық экрандағы ойын ермексаз немесе мойыншақ тізумен салыстырғанда зейінді көбірек талап етеді); оқу мен есеп шығаруды үйренуге талпынысты арттыруға (гаджеттегі ойын шарттарын оқиды және жеңіске жету үшін қадамдарын есептеп отырады); себеп-салдар байланыстарын қалыптастыруға (экранға басып, белгілі бір әрекеттерді жасау арқылы нәтижеге қол жеткізеді); жаңа кәсіп үйренуге (аспаздық, қолөнер, музыкалық аспапта ойнау, видео монтаждау, бағдарлама, қосымша жасау); жасөспірімдердің өз бизнестерін жүргізуге. Осы мақалада айтылған гаджеттің зиянын азайтып және пайдасын көбейту туралы мәселелерді қорытындылай келе, жақсы ата-ана болу дегеніміз - балаға гаджеттің соңғы моделін, ең қымбат ойыншықтарды, алып беру, қаладағы барлық ойын-сауық орындарына апарып, қымбат үйірме, секцияларды төлеу және әлеуметтік желіге баламен түскен мыңдаған суреттерді салу емес, керісінше балаға күнде уақыт бөліп, көңіл аударып, оған үлгі болу.