Бүгінгі «Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 2-Жүргізуші



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,7 Kb.
#12745
1   2   3
Байланысты:
Ханшайым мен ханзада

2-Жүргізуші

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,
1-Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өз өнері» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Әділ-қазылар 2 сайыс «Өз өнері»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 
2-Жүргізуші:

Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын

1-Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Күзгі сән» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады. Ал ортаға Ханшайымдарымыз бен Ханзадаларымызды шақырамыз

Әділ-қазылар 3 сайыс «Күзгі сән»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 


2 – жүргізуші:
Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.
1 – жүргізуші:
Біздің келесі бөліміміз Бояулар сыры деп аталады. Біздің жұптарымыз табиғат көрінісін қаншалықты әдемі бейнелейтіндігіне көз жеткізейік. (Қатысушы жұптар ортаға шақырылады) Бұл бөлімде сиамдық егіздер әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне күзгі бейнекөріністерді суретін салады. Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Осылайша жұптаса сурет салады.

Әділ-қазылар 4 сайыс «Бояулар сыры»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 


1-Жүргізуші:



Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз - өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.

2-Жүргізуші:

5-ші бөліміміз Күзгі икебана. Бұл кезенде қатысушыларымыз  гүлдер мен басқа да өсiмдiктерден әсемдеп гүл шоғырын жасап алып келулері тиіс.

1-Жүргізуші:

Әділ-қазылар 5 сайыс «Күзгі икебана»бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 

2-Жүргізуші:

Молшылық күз - Береке күз

Береке күз - мерекеміз - дей келе күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден 

дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

1-Жүргізуші:

Жұптарымызды Күзгі мәзірімен ортаға шақырамыз

Әділ-қазылар 6 сайыс соңғы сайыс «Күзгі мәзір »бойынша әділ бағалаларын көрсетсе. 



1-Жүргізуші:

Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!
2-Жүргізуші:
Міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Күз ханзадасы мен ханшайымын» анықтайтын уақыт жетті.
1 жүргізуші:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
1-Жүргізуші:
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.

Бекітемін:

Мектеп директоры

Ж.А.Кулбекова


Күз ханшасы мен ханзадасы

(Мерекелік іс шара)

Педагог ұйымдастырушы: Ж.Ж.Макулбек

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет