Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет19/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Тәрбие әдіскері:

  • студенттердіңпедагогикалық практикасы басталар алдындаәдістемелік жетекшілік жүргізеді, кеңес береді, тапсырмаларды орындауларына жағдай жасайды;

  • студент-практиканттардың сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарына
    қатысады, дайындалуы мен өткізулеріне көмек береді;

  • педагогикалык практика бойынша бағыттаушы және қорытынды
    конференциялар, қорытынды баға қоюға қатысады;

  • 1 оқытушыға 25-тен 30-ға дейін студенттер бекітіледі.

Университет бойынша педагогикалық практика жетекшісі:
- педагогикалық практика басталғанға дейін дайындау жұмыстарын
жүргізеді, қалалық білім беру басқармасымен және базалық білім беру мекемелерімен ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

  • студенттердің педагогикалық практикасының өтілуі оқу жоспары, кестесі және бағдарламаларға сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

  • студенттердің педагогикалық практикасының мазмұнының сақталуына және уақтылы ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жалпы бақылау жасайды, педагогикалык практикалар бойынша бағыттаушы және қорытынды конференциялардың жұмыстарына қатысады, барлық практикалар бойынша жылдық есептерін құрастырады;

  • студенттердің практикасына жетекшілік еткен білім беру мекемелерінің педагогтарының төлемақысының құжаттарының уақтылы дайындалуын ұйымдастырады.

Факультет жетекшісі:

  • педагогикалық практиканы өткізуге дайындық жұмыстарына, бағдарлама дайындауға, бағыттаушы және қорытынды конференцияларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;

  • практикаға жауапты арнайы және педагогика кафедраларының әдіскерлерінің қызметін реттейді және қадағалайды;

  • барлық курстар бойынша педагогикалық практикалардың нәтижелері туралы жалпы факультеттік қорытынды есеп дайындап, институттың оқу басқармасының кәсіби практикалар секторына тапсырады.

Диплом жетекшісі:

  • практикант бекітілген мекеменің практика жетекшісімен байланыс орнатып, диплом жұмысын орындаудың жұмыс бағдарламасын, кестесін жасайды;

  • оқу жоспарына сай диплом жұмысының тақырыбын құрастырады, практикантқа ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;

  • практикант жұмысының нәтижесін бағалайды, жаңалықты ендіру актісінің болуына жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет