Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет20/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Психолог әдіскер:
- студенттерге оқушылар тобымен жұмыс атқаруға психологиялық дайындық жасайды;
- оқушы тұлғасын зерттеуге бағытталған жұмыстарға басшылық жасайды және талдайды;
- кәсіби педагогикалық практика бойынша бағыттаушы және қорытынды
конференцияларға қатысып, психологиялық кеңестер береді;
- кәсіби педагогикалық практика нәтижесіне баға қоюға
қатысады.
Білім мекемесінің басшысы (орынбасары):

  • педагогикалық практиканың өтілуіне тиімді жағдайларды жасайды, студент-практиканттардың практикасын ұйымдастыру, өту және нәтижесін шығаруға жауап береді;

  • студент-практиканттарға әдістемелік нұсқауға сай пән әдіскерлері мен сынып жетекшілерін бекіту, бақылау, құжаттарды толтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Пән мұғалімі:

  • бекітілген студент-практикантпен жоспар бойынша педагогикалық іс-әрекеттерді (сыныпта, сыныптан тыс) атқаруда кеңес береді, жетекшілік етеді;

  • әр студентке, сабаққа сараптама жасап, талдап, баға береді;

  • университет әдіскерімен тығыз байланыс орнатады.

Сынып жетекшісі:

  • студент-практикантты сынып оқушылары туралы мәліметтермен, оқушылар мен ата-аналармен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарымен таныстырады;

  • студент-практикантқа әдістемелік көмек көрсетеді;

  • студентке, тәрбие жұмысына баға береді.

Кәсіби педагогикалық практика нәтижесі, бағалау - кәсіби-педагогикалық біліктер қалыптасады: оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау мақсатында сынып пен оқушыны зерттеу; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие міндеттерін анықтау; педагогикалық іс-әрекеттің ағымдық және болашақтағы міндеттерін жүзеге асыру; оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттеріне басшылық жасау үшін әр түрлі оқыту, әдістері, формалары, құралдарын қолдану; оқушылар ұжымын қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыру; оқушылармен тілдесу; практикантардың пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен ынтымақтастықта жұмыс істеу; оқу-тәрбие процесін бақылау, сараптау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет