Мектеп төлқұжаты – мектептің атауы, директорының аты-жөні, мекен-жайы, мектептің түрі, мектептің салынған жылы, жобалық қуаты, ғимараттың түрі, соңғы күрделі жөндеу жүргізілген жылы, оқушылар құрамы, компьютерлер, кабинеттер саны, мектептегі мұғалімдер туралы, олардың орден, медальдармен марапатталғандар саны, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуы туралы мәлімет, оқушылар қозғалысы, оқушылар контингентінің сыныптар бойынша орналасуы жайында мәлімет, білім сапасының мониторингісі, ҰБТ қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері, ыстық тамақпен қамтылған және тасымалданатын оқушылар туралы мәлімет, бекітілу күні, басшы қолымен расталған ақпараттық анықтамалар, т.б. жазылады.
Мектеп тарихы – мектептің құрылуы мен атауларындағы өзгерістер болса жылдарымен көрсетілген мәлімет, миссиясы, моделі, ұраны, оқушылар, мұғалімдер мен ата-наларға арналған жаңалықтар, сайттық картасы, т.б. тіркеледі.
Мектептің санитарлық құжаты – ҚР Әділет министрлігі ұсынған «ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде», көрсетілген бұйрықтардың орындалуы туралы мәліметтер тіркеледі.
Мекеменің санитарлық-гигиеналық ахуалы - мекеме асханасының жұмысы туралы ереже, асханадағы тамақтану нормасы, ақылы және тегін тамақтанатын оқушылар саны, ас мәзірі (таңертеңгілік, түскі, тағы басқа кезеңдегі), сыныптар мен уақыт бойынша тамақтану, кезекшілік графиктері туралы мәліметтер жинақталады.
Мектеп кітапханасының төлқұжаты – кітапхананың құрылған жылы, пошталық мекен-жайы, телефоны, е-mail, кітапхананың материалдық-техникалық базасы, кітапхана мамандары туралы мәлімет, штаты, білімі, еңбек өтілі, біліктілігін жетілдіру курстары, кітапхананың жұмыс кестесі, нормативті құжаттары, ережесі, кітапхана кеңесі, лауазымдық нұсқаулық, кітапханалық құжаттары, анықтамалық-библиографиялық аппараты, т.б. мәліметтер тіркеледі.
Мектеп жарғысы – жалпы қағида, ұйымдастырушы-мемлекеттік құқықтық үлгісі, мекеменің мақсаты, мекеменің қабылдау тәртібі, мекемеде білім беруді ұйымдастыру барысы, ақылы білім берудің тізбегі мен тәртібі, мемлекеттік жеке меншікті мекемені пайдалану тәртібі, мекеменің заңдық мәртебесі, мекемені қаржыландыру дерегі, мекемені басқару, мекеменің құрылымы мен басқару ұйымының қалыптасуы және оны басқару қызметінің мәні мен мақсаттары, тәртібі, білімнің ағымды бақылау жүйесі, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу түрлері мен тәртібі, мекеменің білім алушылары және олардың ата-аналарымен және (немесе) заңды өкілдерімен қарым-қатынасты рәсімдеу тәртібі, мекеме қызметкерлерінің штатын толықтыру тәртібі, еңбегіне ақы төлеу жүйесі, олардың құқықтарымен міндеттері, алқалы органдары, оның қалыптасу тәртібі мен құзыры, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, мекемені қайта ұйымдастыру және тарату, өндірістік ісі, мұрағат, мекеменің қайта құрылуы және тарату тәртібі, мекеме жарлығының өзгеру тәртібі, т.б. туралы ақпараттар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |