Портфолио толтыру тәртібі – мұнда жеке жетістіктерді растайтын сертификат, диплом, мақтау қағазы, алғыс хат қағаз және электронды нұсқада жинақталып, куратор, топ старостасына, одан кейін декан орынбасарына тапсырылады.
Оқушы портфолиосы – оқушылар туралы жеке-жеке жинақталғандықтан, оқушының аты-жөні, сыныптағы атқаратын міндеті, әлеуметтік жағдайы, үлгерімі, тәртібі, әуесқойлығы және оқушыны таңдаудағы ой-пікірін негіздеу үшін құрылады.
Сынып жетекшісі -сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.
Сынып жетекшісінің (куратор) қызметі және құжаттары – сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы іс-шаралар саны, оның ішінде сынып көлемінде, мектеп көлемінде және өзгеде аймақтарда ұйымдастырылатын айтулы (мереке) күндерге байланысты және мәселелік іс-шаралар саны жазылады, бұл іс-шаралардың бағыттары (айлықтары), мерзімі, айлық атауы іс-шаралар формасы нақты көрсетіледі. Сынып жетекшісінің портфолиосында жинақталған сынып оқушыларының 5 баллдық жүйе бойынша тәрбиелік деңгейі, сыныптың сабаққа қатысуы, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, үлгерімі мен тәртібі, жалпы деңгейі туралы мәліметтермен танысады. Сыныптың ғылыми-зерттеу, шығармашылық (өнер), спорт түрлерінен жетістіктері жөнінде ақпарат болады.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау, ұйымдастыру-басқару, сараптау-диагностикалау, жоспарлау-болжамдау, бақылау-түзету.
1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы: әлеуметтендіру үрдісінің тұлға дамуына лайықты бағыттала әрекет етуі.
2. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғау функциясы: психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешенінің негізінде әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.
3. Ұйымдастыру-басқару функциясы: танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс – әрекеттерді атқаруға, оқушылардың бос уақытын саналы өткізуіне, сыныптағы қарым – қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуіне ынталандырып, жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналысу қатынасын қалыптастыруға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |