Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет33/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Педагогикалық мониторинг - бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға, таратуға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi және педагогикалық объектінің, құбылыстың күй-жайын зерттеу.
Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау, яғни диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау болып табылады.
Педагогикалық мониторингтіңерекшеліктері: оқушының белгілі бір тақырыпты төмен меңгерген жағдайда олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады; оқушы өз кемшілігін байқауға, мүмкіндігін, сараптауға, жүйелі және тізбекті іс-әрекет жасауға ұмтылады.
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторинг кезеңдері:
1) дайындық кезеңінде мақсат қойылады, бақылау объектісі таңдап алынады, бақылау жоспарланады;
2) практикалық кезеңде ақпараттар жинақталады;
3) талдау кезеңінде алынған мәліметтер талданады, жинақталады, өңделеді, қорытынды шығарылады.
Оқушы іс-әрекетін бағалау мониторингі (1-курс студенті үшін) – оқушының тәртібі, оқу үлгерімі, белсенділігі, 3,4,5 бағалық жүйемен (жұлдызша белгісі) анықталады.
Оқушы іс-әрекетінің бағалау мониторингі(2-курс студенті үшін) - бұл бір оқушыға берілетін бағалау мониторингі.
Тәртібіне баға мынадай жағдайларда қойылады, егер:
«5» - барлық талаптарға сай, үлгілі болғанда;
«4» - ұжымдық мәдени қарым-қатынас түзе алғанда;
«3» - ортаға бейімделуі баяу немесе мектептің ішкі тәртібін ішінара бұзған жағдайда қойылады.
Оқу үлгеріміне баға мынадай жағдайларда қойылады, егер:
«5» - оқу материалы қисынды баяндалғанда, сұрақтарға толық жауап берілгенде;
«4» - оқу материалын баяндау барысында жеке ұғымдар толық аша алылмай, мұғалімнің көмегіне сүйенгенде;
«3» - оқу материалының негізгі мазмұны түсінікті, бірақ жеткізу деңгейі өте төмен болған жағдайда қойылады.
Әлеуметтік белсенділігіне баға мынадай жағдайларда қойылады, егер:
«5» - әлеуметтік жоба, спартакиада, форум т.б. белсенді қатысқанда;
«4» - мектептегі және мектептен тыс іс-шараларға қатысқанда;
«3» - барлық іс-шараларға анда-санда қатысқан жағдайда қойылады.
Шығармашылық (ғылыми) белсенділігіне баға мынадай жағдайларда қойылады, егер:
«5» - халықаралық, республикалық, облыстық сайыстар мен байқауларда жүлделі орындар иеленсе;
«4» - қалалық, мектептік сайыстар мен байқауларға қатысса;
«3» - мектептік және сыныптық сайыстар мен байқауларға қатысқан жағдайда қойылады.
Сыныптан тыс өзін-өзі жетілдіруне баға мынадай жағдайларда қойылады, егер:
«5» - оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне және қосымша курстар, мектепішілік үйірмелер мен орталықтар жұмыстарына белсене қатысқанда;
«4» - қосымша курстар, мектепішілік үйірмелер мен орталықтар жұмыстарына қатысқанда;
«3» - сыныптан тыс жұмыстарға құлықсыздық танытқанда қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет