Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет3/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Құрметті студент-практикант!
Кәсіби педагогикалық практика - педагог қызметіне деген дайындықтың ең маңызды бөлігі. Өзіңнің теориялық білімің мен кәсібилігіңді, ішкі тілегің мен қабілетіңді сынға салатын кез. Егер осы кезге дейін өз мамандығыңа деген сүйіспеншілігің болмаған болса, онда оны оятатын, ал болған болса, оны арттыратын үлкен мүмкіндік.
Іске сәт!


Әлем елдерінің тәжірибелері



ІІІ курс - Қалыптастырушы практика

5 апталық практикада студент сынып жетекшісі және пән мұғалімімен оқу-әдістемелік жоспарларды құрады, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, өткізеді, талдау жұмыстарын атқарады, оқушылармен қарым-қатынас технологиясын меңгере отырып, жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарға байланысты іс-шараларды атқарады, мәліметтерді сараптайды.


Кәсіби педагогикалық практиканың курстық мақсаты:
3-курс бойынша: теориялық білімді тәжірибеде қолдану, кәсіби икемділігін қалыптастыру;
Кәсіби педагогикалық практиканың курстық міндеттері:
3 - курс бойынша:студент мектепте күніне 6 сағат болуы тиіс. Барлығы 10-нан кем емес 4 сынама, 2 ашық сабағының және 4 өз бетімен қатысқан пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің сабақтарының жоспары мен анализі жинақталады. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне сараптама жасау, есеп құжаттарын дайындау жүзеге асады.
Кәсіби педагогикалық практиканың курстық қызметтері:
3 курс бойынша: қолдану, қалыптастыру.


ПРАКТИКАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

5 апта

Сабақтарға қатысу, бақылау жұмыстары

Білімділік бағыттағы жұмыстар

Тәрбиелік бағыттағы жұмыстар

Ғылыми
бағыттағы жұмыстар

Сараптау жұмыс
Тары

  • Мектеп режимі мен құрамымен, сынып жетекшісі, пән мұғалімі жоспары және сынып оқушыларының құрамымен туралы мәліметтермен танысу, меңгеру;

  • Пән мұғалімінің сабақ жоспарын құру және ұйымдастыру, өткізу технологиясын меңгеру;

  • Оқушылар іс-әрекетін бақылау, мәліметтерді тіркеу жұмыстарын атқару.

Пән мұғалімдерімен бірлесе:

  • оқу-әдістемелік жоспарларды жасау, іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  • сабақтан тыс оқушылармен жеке оқу жұмыстарын жүргізуді меңгеру.

Сынып жетекшісімен бірлесе:

Өз бетінше:

  • сабақтың жүргізілу процесін бақылау, салыстырмалы талдау жасау;

  • кәсіби портфолио тапсырмасын орындау

Өз бетінше:

  • пән сабағын жүргізу;

  • сынып жетекшілік іс-шараларды атқару;

  • презентация дайындау;

  • рефлексивті есеп дайындау, беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет