Оқушыларменжұмыс істеу: аптасына 2 сағат, 90 % жүктемеден.
Сыныпта аптасына 2, айына 8, мектеп көлемінде айына 4, жылына 30, ата-аналармен тоқсанда 12, жылына 30 рет тәрбиелік іс-шаралар өткізеді.
Сынып жетекшісінің құқығы Сынып жетекшісі жасауға құқылы: Сынып жетекшісі көбіне ата-аналардан өзге пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге қатысты сыни пікірлер естиді. Сынып жетекшісінің құқығы – мұндай құбылыстарды ретімен қарастырып, мұғалімдерге өз әрекетін мұқият ой елегінен өткізіп, ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда, олардың әрекетімен келіспей, өз пікірін әкімшіліктегілерге жеткізу.
Сынып жетекшісі жасауға құқылы емес: Оқушыларға қатысты физикалық, моральдық және психикалық зорлық көрсетуге жол берілмейді.
Сынып жетекшісі білуі және жасай алуы тиіс:
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын
Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін