Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет8/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Сынып жетекшісі:Анартаева Камила

Оқушылар күнделігі: Күнделік – мектеп және ата-ана арасындағы күнделікті байланыс мүмкіндігін беретін құжаттардың бірі. Ол ата-анаға өз баласының жетістіктері мен кемшіліктерін күнделікті, апта сайын, тоқсан сайын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оқырмандар назарына күнделіктерді тексерудегі төмендегі мәселелерді ұсынамыз:
  • сабақ кестесінің және үй жұмыстарының жазылуы;


  • сабаққа қатыспауды есепке алу;


  • оқушыларға және ата-аналарға арналған ескертпелер және олардың мазмұнының этикаға сәйкестігі;


  • оқушылар білімінің ағымдағы есебі;


  • оқушылар білімінің қорытынды есебі;


  • сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру сапасы және жиылығы;


  • оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;


  • күнделікті жүргізу мәдениеті.



Тәрбиелік іс-шаралардың жоспарлары, сыныптық педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің нәтижелері жинақталған папка: Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәжіліс тақырыбы мұғалімдер ұжымы іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет, педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәселелерге талдау жасау, ұжымдық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің жалпы мақсатына жетуге жағдай жасауы қажет. Педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбында мектептегі оқу–тәрбие процесін, ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетін жақсарту мәселелері, мектептің педагогикалық ғылыммен байланысы туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін жүзеге асыру мәселелері көрініс табады. Педагогикалық кеңестің әрбір мәжілісінде өткен мәжілістерде қабылдаған шешімдердің барысы туралы ақпараттар тыңдалады.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі мектеп жұмысының жылдық жоспарының ерекше тарауын құрайды. Мұнда мектептегі тәрбие жұмысының жай-күйі мен нәтижелілігін бақылауға бағытталған шаралар көрсетіледі: оқушылардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы тәртіп, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, патриоттық тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелілік деңгейін көтеру; дайындық сабақтарының, үйірмелер мен секциялардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысын бақылау; өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне қызмет жасауы мен олардың шамасына сай еңбегін ұйымдастыруды бақылау; мұғалімдердің, тәрбиешілердің, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, оның мазмұны мен нәтижелілігін бақылау; жанұямен бірлескен жұмысты бақылау (оқушылардың тіршілік жағдайлары мен жанұялық тәрбиесін зерттеудің жай-күйі, ата-аналармен өткізілетін шаралар сапасы).
Оқу пәндерін оқытудың бақылауы қарастырылады: оқыту ғылымилығын, оқу бағдарламаларының орындалуын, оқу материалының өмірмен, практикамен байланысын қамтамасыз етуді, сабақтар жүйесі мен оқу пәндері жиынтығының өзара байланысын, оқудың жеке даралық болуы мен оқыту процесіне қойылған психологиялық-педагогикалық талаптардың орындалуын, оқушылардың танымдық ықыластарының дамуын, олардың оқудыға өз бетінше жұмыс істей алу мен өз бетінше білім алуға ұмтылуын бақылау. Оқушылардың білімі, білік пен дағдаыларының сапасын бақылау жоспарланады, онда оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы, олардың оқу материалын меңгеруі, оқушылардың оқу еңбегінің дағдыларының қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндетті жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау жоспарланады: мектеп жасындағы балаларды тіркеудің жай-күйі, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл тарауда мектеп ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты талаптарға сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.
Тараудың мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және мұғалімдер мен тәрбиешілердің мамандығы мен әдістемесін өсіруді бақылауға арналған бөлімінде теориялық семинарлар, озат тәжірибе мектептерінің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, озат педагогикалық тәжірибені қалыптастыру мен тарату мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерді оқыту мәселелері қарастырылады.
Бұл тарауда мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет, мектеп кітапханасы, дәрігерлік көмек, тамақтануды ұйымдастыру) іс-әрекетін бақылау қарастырылады.
Мектептің жылдық жоспарының бір тарауы ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмысқа арналған. Мұнда педагогикалық кадрларды орналастыру, мектеп әкімшілігі мен тұтас педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі, мектеп қызметкерлері арасында қызмет міндеттерінің бөлінуі көрсетілген. Әдістемелік қызметтің шапшаң іс-әрекетін ұйымдастыру да қарастырылады. Бұл тарауда жалпы мектептік кештер, мерекелер, салтанатты шаралар, шапшаң және басқа да кеңестер (мектеп директоры немесе меңгерушісі қатысуымен өткізілетін кеңестер, өндірістік кеңестер, жиналыстар) өткізудің графиктері беріледі.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі мен технологиясы туралы оқулық, оқу әдістемелік құралдармен танысу және жинақтау



Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар атауы

Авторы (лары)

Жылы, баспасы

‘Толковый словарь живого великорусского языка’

В.И Даль

1991

‘Любимый мои ученики’’

Караквский.В.А

1987





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет