Сабақтың қысқа мерзімді жоспары – орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі, яғни жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.
Сабақтың орта мерзімді жоспары – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы.
Сабақтың ұзақ мерзімді жоспары – барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды.
Оқу түрткісі – ниеттену, түрткі, кірісу, жігерлену, ынталану, яғни әр оқушының білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері, оқушының білімді үйрену әрекеттерімен айқындалады.
Технологиялық карта – іс-әрекеттердің орындалу орнын, қолданылатын құралдар, уақытын, технологиялық нұсқаулар тізімі.
Тренинг – білімді, дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға, жетілдіруге бағытталған белсенді, қабілетті арттыруды үйретудің оқыту әдісі, шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Тренинг әдістері:
1. Кейс - шешімін қажет ететін проблемалық ситуация, ақпаратқа сараптама жасап, басты проблемаларды шешудің жолын тауып, іс-әрекет жоспарын құру;
2. Іскерлік ойын – кәсіби қызметтің көрінісі;
3. Рөлдік ойын - қатысушылардың белгілі бір ситуацияларда шешім қабылдауда түрлі рөлдерді сомдауы;
4. Топтық дискуссия - топтың проблемалық ситуацияға сараптама жасап, өзара талқылауы.
Тренингтің мақсаты мен міндеттері: әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы белгілі бір мөлшерде әлеуметтік-психологиялық білім алу; қатысушының әлеуметтік-психологиялық корекция мен қалыптастыра алушылық қабілетін арттыру; адамдарда әлеуметтік-психологиялық бірлігін түсіну; өзін-өзі түсіну және барабар өзгелерді де; өзгелерден және топтардан келетін психологиялық ақпараттарды қабылдай білу; индивидуалдық жеке қарым-қатынас жасауды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |