Пән мұғалімінің (тәлімгер) қызметі және құжаттары – студент-практикант пән мұғалімінің сабақ жоспарымен, пәннің әдістемелік нұсқау хатымен, пәннің оқу-жұмыс бағдарламасымен, күнтізбелік-тақырыптық жоспармен, пән бойынша жылдық және апталық сағат санымен, пән сабағының дидактикалық материалдары (контент) туралы мәліметтер жинақтауы тиіс.
Пән мұғалімінің функционалдық міндеттері: кәсіби, коммуникативтік, құқықтық құзіреттілігі, құқығы, жауапкершілігі, қарым-қатынасы туралы мәліметтер жинақталады.
Пән мұғалімі жұмысының диагностикасы – пән мұғалімінің бітірген оқу орны, базалық білімі, еңбек өтілі, қоғамдық міндеттемелері, ұйымдар мен бірлестікке мүшелігі, оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстар ғылыми бағытымен, тәжірибесімен танысу, меңгеру.
Мониторинг – белгілі бір жүйе, оның мәселелері, элементтері жайлы жүйелі және үздіксіз сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі, нақтылау және түзету, енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторингтiң түрлерi: педагогикалық; әлеуметтанымдық; психологиялық;медициналық;экономикалық; демографиялық.
Мониторингтiң атқаратын қызметi - ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс, яғни әрекет барысына түзетулер енгiзу, елеулi проблемалардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету, аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау, сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.Онда мақсат қою, ұйымдастыру, ақпаратты өңдеу, шешiм қабылдау, болжам жасау жүзеге асады
Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар:
ақпараттың толықтылығы;
нақтылығы;
объективтiлiгi;
үздiксiздiгi;
уақытында орындалуы;
құрылымдылығы, үздiксiздiгi;
мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |