Бүгінгі таңда АҚТҚ бұл адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі274,87 Kb.
#5920

Бүгінгі  таңда  АҚТҚ  –  бұл  адамның 

қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 

және  оны  жұқтырған  жағдайда,  уақыт 

өткен  сайын  аурудың  өлімге  әкелетін 

асқынған  түрі  ЖҚТБ  (жұқтырылған 

қорғаныш тапшылығының белгісі) дамуы 

мүмкін екендігі баршаға мәлім. Көпшілік 

АҚТҚ-ның маған қатысы жоқ деп ойлай-

ды, ол дұрыс емес, АҚТҚ-инфекциясы – 

бұл  жастар  ауруы,  себебі  барлық  АҚТҚ 

жұқтырғандардың 80%  –  бұл 15-тен 30-ға 

дейінгі жастағы жас адамдар.

Дәл  осы  жас  шамасында  біз  жауап-

ты  шешім  қабылдаймыз  –  мамандық 

таңдаймыз,  бірге өмір 

сүретін  серігімізді  та-

бамыз,  еңбек  жолын 

таңдап,  жеке  өмірімізді 

құрамыз.  Алайда  дәл  осы  шақта 

өз  денсаулығыңа  жауапкершілікпен 

қарамасаң,  бұл  өмірлік  жоспарыңның 

тас-талқаны шығуы мүмкін.

Өз  денсаулығыңа  жауапкершілікпен 

қарау  дегеніміз  не?  Ол  үшін  толып 

жатқан  нұсқаулықтарды  оқу  немесе  ар-

найы  білім  алу  міндет  емес,  мынадай 

қарапайым ғана қағиданы білгенің абзал: 

жастық  шақтан  бастап  салауатты  өмір 

сүріп,  өз  денсаулығыңның  қамын  ойлау 

керек.  АҚТҚ-инфециясынан  сақтану    - 

тұмаудан сақтанудан да оңай!

Қауіпсіз өмір сүруді, қауіпсіз 

еңбек етуді өзіңнен баста!


АҚТҚ-инфекциясын жұқтыру жолдары:

■ қорғанбай  (презервативсіз) жыныстық қатынас жасау;

■  шприцтерді,  инелерді  және  басқа  да  инъекция  егу  құралдарын  ортақтасып 

пайдалану;

■ АҚТҚ-ға қорытындысы оң болған анадан баласына берілу — жүктілігі кезінде 

және баласын емізгенде жұғады, 

АЛАЙДА:

 тиісті қорғау шараларын қолданғанда 

баланың жұқтыру қаупі азаяды.

Жыныстық қатынастар жолымен берілетін жұқпалы аурулармен (ЖҚЖЖА) ауырғанда 

АҚТҚ-ның жыныстық қатынас арқылы берілу қаупі 2–5 есе артады. Әсіресе, ЖҚЖЖА-

мен  ауырғанда  ашық  жараның  (мысалы,  герпестің)  пайда  болуы  АҚТҚ-ның  берілу 

қаупі артады.

АҚТҚ МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА

 

ЖҰҚПАЙДЫ

: АҚТҚ-ны жұқтырған адаммен

бір үй-жайда жұмыс істегенде, қол алысқанда, ортақ ыдысты, дәретхананы, сүлгіні 

пайдаланғанда,  ортақтасып  тамақ  ішкенде,  жәндіктер  шаққанда,  сүйіскенде  және 

құшақтасқанда, АҚТҚ-ны жұқтырған адамның артынан жүргенде.



ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: АҚТҚ-ны жұқтырған әріптесіңіз болса, онымен бірге жұмыс 

істеу мүлде қауіпсіз!

Тестіден өту

АҚТҚ-ға  шалдыққан  адамдардың  көбісі 

АҚТҚ  жұқтырғандарын  білмеуі  мүмкін. 

Аурудың ешқандай белгілері байқалмайды, 

вирус  болғанымен,  ол  сырттай  білінбейді. 

Алайда,  АҚТҚ-ның  салдары  ЖҚТБ-ға 

әкеледі.

Тестіден  өтудің  екі  үлкен  артықшылығы 

бар  –  сіз  өз  жағдайыңызды,  яғни  АҚТҚ 

мәртебеңізді 

нақты 

 

анықтайсыз 



және  тиісті  шараларды  қабылдауға 

мүмкіндігіңіз болады:

•  егер АҚТҚ-ға тестінің қорытындысы 

теріс  болса,  сіз  өзіңізді  және  өз 

жақындарыңызды  бұдан  былай 

қауіпті  жұқпалы  аурудан  қорғай 

аласыз;

•  егер 


АҚТҚ-ға 

тестінің 

қорытындысы  оң  болса,  сіз  өз 

денсаулығыңыз 

бен 

еңбекке 


қабілеттілігіңізді  қалай  қолдай 

алатындығыңыз жайлы білесіз.



Тестіден өту қағидаттары:

■ Еріктілік

«Жұмысқа қабылдауға өтініш білдіргендер немесе жұмыс істеп жатқандар АҚТҚ/

ЖҚТБ-ға скрининг – тексеруден өтуге міндетті емес». 

(«АҚТҚ/ЖҚТБ  және  еңбек  саласының»  мәселесі  жөніндегі  Халықаралық  еңбек 

ұйымының (ХЕҰ) тәжірибелік ережелерінің жиынтығы)

■ Құпиялылық

«Қызметкерде АҚТҚ-инфекциясының болуы немесе болмауы жайлы оның жағдайы 

туралы  жеке  ақпаратқа  қолжетімділік  құпиялылық  тәртібімен  қамтамасыз  етілуі 

тиіс».  («АҚТҚ/ЖҚТБ  және  еңбек  саласының»  мәселесі  жөніндегі  Халықаралық 

еңбек ұйымының (ХЕҰ) тәжірибелік ережелерінің жиынтығы)

■ Тестіден өтумен қатар консультациялар берілуі тиіс

Консультация беру АҚТҚ-ға талдау жасағанға дейін және одан кейін  жүргізіледі. 

Сізге тестіден өту қандай кезеңдерден тұратыны, АҚТҚ-ға оң немесе АҚТҚ-ға 

теріс қорытынды дегеніміз не, сондай-ақ – ең бастысы – қандай қызметтер сізге 

көмек көрсете алатыны жайлы нақты ақпарат беріледі.оказать помощь.

Тестіден өту — бұл тек бастапқы қадам ғана.  

Тестіден  өту  сізге  бұдан  былай  АҚТҚ-

мен  өмір  сүрген  қалай  болатындығын 

немесе 

АҚТҚ-сыз 

позитивті 

және 

жауапкершілікпен  өмір сүру үшін ненің 

қажеттігін білуге мүмкіндік береді. 

Салауатты  өмір  сүру  салтының  және 

АҚТҚ  мен  жыныстық  қатынастар  жо-

лымен  берілетін  жұқпалы  аурулардың 

(ЖҚЖЖА) алдын алу мәселелері жөнінде 

ЖҚТБ-ға  қарсы  күрес  орталықтарда  кон-

сультация  алуға  болады.  Сондай-ақ  осы 

орталықтарда туберкулез сияқты, олардың 

алдында  АҚТҚ-ға  оң  қорытындысы  бар 

адамдар  неғұрлым  әлжуаз  болып  келетін 

жұқпалы  аурулардан  сақтану  әдістері  және 

дұрыс тамақтану, демалу жайлы біле аласыз.



АҚТҚ және ЖҚТБ

АҚТҚ — бұл иммундық жүйені жоятын вирус, ал ЖҚТБ — бұл әлсізденген иммунитеттің 

аясында АҚТҚ-ға оң қорытындысы болған адамда пайда болатын аурулар кешені.

АҚТҚ  оны  емдемеген  жағдайда,  адамда  бір  немесе  бірнеше  өте  қауіпті  ауруларды 

өршітіп, ЖҚТБ-ға әкелуі мүмкін.

Сенің болашағың – сенің қолыңда.

Қауіпсіз өмір сүруді, қауіпсіз еңбек етуді өзіңнен баста!

Буклет Финляндия Сыртқы істер министрлігі мен ХЕҰ-ның арасындағы келісімнің 

аясында жүзеге асырылатын “Дағдарысты еңсеру және лайықты, қауіпсіз еңбекті 

қамтамасыз ету” жобасын қаржылық қолдауға орай шығарылды.

ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары

Орталықтың мекенжайы

Телефон / Факс

ЖҚТБ-ның алдын алу және 

оған қарсы күрес жөніндегі 

республикалық орталық

050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әуезов 

көшесі 84, info@rcaids.kz

+7 (727) 269-94-81 



Ақмола ЖҚТБ ОО 

020000, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 6

hiv_kokshe@kokshetau.online.kz

+7 (7162) 253-312



Ақтөбе ЖҚТБ ОО

030006, г. Актобе, ул. Джамбула, 4. aktobespid@host.kz

+7 (7132) 210-178

Алматы ЖҚТБ ОО

050005, Алматы қаласы, Айвазовский көшесі, 63. arc@nets.kz +7 (727) 240 34 38



Атырау ЖҚТБ ОО

060009, Атырау қаласы,  Владимирский көшесі, 2. 

rcaids_atr@asdc.kz

+7 (7122) 280 332



Шығыс Қазақстан ЖҚТБ ОО

070019, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 21/1. vkoaids@ukg.kz

+7 (7232) 265 999

Жамбыл ЖҚТБ ОО

080007, Тараз қаласы, Салтанат шағын ауданы 4, 37

№2 ҚКК ғимараты. aidstaraz@mail.ru

+7 (7262) 275 455



Батыс Қазақстан ЖҚТБ ОО

090000, Орал қаласы, Бебель көшесі, 42. 

spid_url@mail.online.kz

+7 (7112) 505 408, 512 693



Қарағанды ЖҚТБ ОО

100003, Қарағанды қаласы,  Анжерская көшесі, 37. 

aidcenterkar@mail.ru

+7 (7212) 441 580



Қостанай ЖҚТБ ОО

Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 107. 

kst_oc_aids@mail.ru

+7 (7142) 26 62 77



Қызылорда ЖҚТБ ОО

120008, Қызылорда қаласы,  Шүкіров көшесі, 7. 

korda_aids@mail.ru

+7 (7242) 239 454



Маңғыстау ЖҚТБ ОО

130000, Актау қаласы, 3-ші шағын аудан, 170. 

aids_aktau@nursat.kz

+7 (7292) 507 362



Павлодар ЖҚТБ ОО

140000, Павлодар қаласы, Ақ. Бектұров (Совет) көшесі, 50

pavl_aids@mail.ru

+7 (7182) 329 876, 329 893



Солтүстік Қазақстан ЖҚТБ ОО

150000, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 130. 

petraids@mail.online.kz

+7 (7152) 493 779, 494 206



Оңтүстік Қазақстан ЖҚТБ ОО

160005, Шымкент қаласы,  Кремлёвская көшесі, 1. 

aidis-shm@chimkent.kz

+7 (7252) 562 770, 560 760



Алматы қаласының ЖҚТБ ҚО

050060, Алматы қаласы, Басенов көшесі, №2 корпус, 

gsaids@mail.ru

+7 (727) 293 3797



Астана қаласының ЖҚТБ ҚО

010000, Астана қаласы, Ғабдуллин көшесі, 8а, а/я 144. 

aids@astanatelecom.kz

+7 (7172) 204 916



Арқалық  қаласының ЖҚТБ ҚО

Арқалық қаласы,.Қозыбаев көшесі, 23. arkgc_spid@mail.ru

+7 (71430) 733 10 

Балқаш қаласының ЖҚТБ ҚО

Балқаш қаласы, Ауруханалар қалашығы. 

balkhash_aids@mail.ru

+7 (7103) 64 13 32



Бөрілі ЖҚТБ ҚО

Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 

166. aids_aksai@mail.ru

+7 (7113) 33 44 33



Жезқазған қаласының ЖҚТБ ҚО

Жезқазған қаласы, Пирогов көшесі,9. spidjez@mail.kz

+7 (7102) 722 555

Семей қаласының ЖҚТБ ҚО

Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 24. 

rc_spid@rambler.ru

+7 (7222) 524 737



Теміртау қаласының ЖҚТБ ҚО

Теміртау қаласы, Байсейітова көшесі, 21. temirtac@mail.ru

+7 (7213) 98 34 98, 98 39 60

Емдеу

АҚТҚ-мен  өмір  сүретін  адамдар  үшін  арнайы 

вирусқа қарсы ем алудың маңызы зор.

Вирусқа қарсы препараттар оны толық өлтірмейді, 

алайда олар вирустың қанда болу деңгейін азайта-

ды,  сондықтан  да  вирусқа  қарсы  препараттарды 

қабылдағаннан кейін адамның одан әрі толыққанды 

әрі  белсенді  өмір  сүруіне  –  мамандығы  бойынша 

жұмыс  істеуге,  отбасында,  дені  сау  балаларын 

өсіруге мүмкіндігі болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет