Бүгінгі таңда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы мен оған қарасты елді мекендер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі11,83 Mb.
#6055
1   2   3

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Келелі кеңес

Ұстаз  –  құрметті сөз. Себебі, ол – адамдардың өмірге көз-

қарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, 

білім  мен  тәрбие  ұрығын  шашатын,  адамгершіліктің  нұрын 

төгетін жан. Одан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, 

ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп көркейтеді. 

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тәмсіл де орынды 

айтылған.  Баланың  бойындағы  білім  мен  біліктілік  дағдылары 

және  мінез-құлқы  оқытушыдан  қалған  әдет  болса  керек.  Осы 

орайда  №249  мектеп-лицейдің  1  «г»  сынып  жетекшісі  Ақгүл 

Мінсізбаева  шәкірттің  білімге  құштарлығын  оятуда  еңбегі  зор. 

Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 

Білім  көшін  жылжытып  келе  жатқан  ұстаздар  қауымына  әркез 

құрмет арта береді деген сенімдемін. 

Нұргүл ҚОСПАНОВА.

Ұлағат – ұстаздан

Көнекөздердің  айтуынша,  Кеңестік  дәуір  тұсында  дінді 

мемлекеттен  ажырату  саясаты  енгізіліп,  мешіттер  бұзылып, 

діндарлар қудаланған. Молдалыққа тыйым салынып, дүниеден 

озған адамның намазы, неке қию рәсімдері түнемелік жасырын 

түрде жүргізілген кездері болған көрінеді.

Бүгінде еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері дініміз 

бен  салт-дәстүріміз  қайта  оралып,  халқымыз  қайтадан  иман-

дылыққа бет бұра бастады.

Біздің ауданда да бұл бағытта соңғы кездері оң өзгерістер 

барын  халық  көріп,  байқап  отыр.  Соның  бір  айғағы,  жуырда 

Әйтеке  би  кентіндегі  Қ.Сәтбаев  және  Ә.Тыныбаев  атындағы 

көшелердің  қиылысындағы  ескі  қорымның  жан-жағы  тазала-

нып, заманауи материалдармен қоршалды. Осылайша көшеге 

әжептәуір  жаңа  рең  берілді.  Кент  әкімдігі  биылғы  жылға 

осындай  мақсатқа  12  млн  теңгеден  астам  қаражат  бөліп,  бұл 

бағыттағы жұмыстарын жалғастыруда.

Жүректеріне иман ұялап, осыншама сауапты істер атқарып 

жатқан  азаматтарға  Алғысымыз  шексіз.  Алланың  нұры  жау-

сын!  «Иманды ел – берекелі ел» демекші елімізде имандылық, 

бірлік, береке жойылмасын демекпіз.

Тұрғындардың атынан

Кемал КӨПЖАСАР,

зейнеткер.



Қорымдар қоршалуда

Сәрсенбі  күні  Р.Бағланова  атындағы 

мәдениет 

орталығында 

«Мәдениеті 

өскен  ел  –  өркениетке  көшкен  ел»  деген 

тақырыпта  ауыл  клубтары  мен  мәдениет 

үйлері 


қызметкерлерінің 

облыстық 

семинар-кеңесі өтті. Семинарға облыстық 

мәдениет,  мұрағаттар  және  құжаттама 

басқармасы  басшысының  орынбаса-

ры    Жанат  Құрамыс ова,  Қазалы  ауданы 

әкімінің  орынбасары  Арман  Қаржаубаев, 

сондай-ақ  кент,  қала,  ауылдық  округ 

әкімдері,  Қазалы,  Арал,  Қармақшы, 

Жалағаш  аудандарындағы  клубтар  мен 

мәдениет үйлерінің басшылары қатысты.

Ең  әуелі  келген  қонақтар  Қазалы 

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің жұмысымен танысып, жетістік-

терін тамашалады.

Жиынның  басында  сөз  алған  аудан 

әкімінің  орынбасары  Арман  Қаржаубаев 

семинардың жұмысына сәттілік тіледі. 

–  Қасиетті  Қазалы  топырағында  та-

лай  айтулы  өнер  тұлғалары  өсіп-өнгені 

баршаға  аян.  Осы  жерде  туылып, 

қазағының атын шығарған Роза Бағланова, 

Мәдина  Ерәлиевалардың  сара  жолын 

жалғастырып,  өңіріміздің  өнері  мен 

мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген аза-

маттар аз емес. Олардың қатарын көбейту 

үшін  жас  дарындарды  түрлі  облыстық, 

республикалық  байқауларға  қатыстыруға 

барынша  қолдау  жасауларыңыз  қажет. 

Өйткені,  халықтың  патриоттық  сезiмiн 

оятып,  рух  беру  –  мәдениет  саласы 

қызметкерлерiнiң тiкелей мiндетi. Қандай 

жағдай  орын  алса  да,  халық  рухани 

тапшылыққа ұшырамауы тиiс, – деді ол. 

Бұдан  соң  «Ауыл  мәдениеті  –  ұлттық 

идея  тынысы  –  әдістемелік  жұмысты 

тиімді  ұйымдастырудың  кепілі»  жай-

лы  облыстық  халық  шығармашылығын 

дамыту  және  мәдени  продюсерлік 

орталығының директоры Сәбит Аманкел-

диев,  «Әдіскерлердің  кәсіби  біліктілігін 

арттыру-әдістемелік  жұмысты  тиімді 

ұйымдастырудың  кепілі»  жөнінде  орта-

лықтың  әдістемелік-ұйым дастыру  бөлі-

мінің  маманы  Райкүл  Сәрсем баева, 

«Мамандығым – табысты өмірімнің кілті» 

туралы Бекарыстан би ауылдық мәдениет 

үйінің  әдіскері  Бауыржан  Ізмағам бетов 

баяндама жасады. 

Ал  облыстық  халық  шығармашы-

лығын дамыту және мәдени продюсерлік 

орталы ғының  бас  режиссері  Орынкүл 

Бұрханова 

кез 


келген 

жағдайдан 

ұтымды  шыға  білу  мен  бұқаралық 

мәдени-көпшілік  шараларға  жасалатын 

режиссерлық  жұмыстардың  қыры  мен 

сырын  әдіскерлерге  ұсынып,  шеберлік 

сабағын  өткізді.  Ол  мәдени  шараларды 

ұлттық  нақышта,  қазақы  салт-дәстүрмен 

ұштастыра 

отырып 


ұйымдастыруға 

кеңес  берді.  Халықтың  санасын  жаңы-

лыстыратын  өзге  елдің  әдет-ғұрпын  ара-

ластырмау керектігін қадап айтты. 

Сонымен  қатар,  семинар  кезінде  «Ой 

жүйрік»  атты  клуб  қызметкерлерінің 

білім-біліктілігін  сарапқа  салатын  топ-

тық  сайыс  ұйымдастырылды.  Онда 

қатысушылар  ел  тәуелсіздігінің  25  жыл-

дығы, ЭКСПО – 2017, ақ күріш, мәдениет 

саласына  қатысты  шараларға  сцена-

рийларды  қысқа  мерзімде  дайындауға 

машықтанды.  Нәтижесінде,  Қазалы  ауда-

ны бірінші орын алса, Қармақшы – екінші, 

Жалағаш  үшінші  орынды  еншіледі.  Ал 

Арал  ауданының  мамандары  төртінші 

орынды қанағат тұтты. 

Тағылымды  жиын  барысында  Арал, 

Қармақшы, Жалағаш аудандарының үздік 

әдіскерлері  марапатқа  ие  болды.  Қазалы 

ауданының  «Үздік  әдіскерлері»  атанған 

Бауыржан  Ізмағамбетов  пен  Айбек 

Мәмбетовке ерекше қошемет көрсетілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

БАСТЫ МАҚСАТ 



АУЫЛ МӘДЕНИЕТІН КӨТЕРУ

Аудан  кітапханаларының  ұйымдастыру мен,  Жалаңтөс  ба-

тыр ауылында «Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің ұлы 

перзенті» атты тарихи-танымдық конференция өтті. Шара ба-

рысында «Рухы асқақ ұлы тұлға» деген атаумен кітап көрмесі 

ұйымдастырылды.

Конференцияны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов ашты.

Тарихи-танымдық  жиында  Қазақстан  Журналистер 

одағының  мүшесі,  №70  Жанқожа  батыр  атындағы  мектептің 

тарих  пәнінің  мұғалімі  Бақытжан  Түменбаев,  ардагер-ұстаз 

Қадірбек  Бекетов,  №103  мектептің  директоры  Сейілхан 

Бердібекұлы сөз сөйледі. Жалаңтөс батыр ауылының тұрғыны 

Садық Жылқыбаев, Мейрамкүл Сансызбай баба жайлы баянда-

маларын оқыды. Сонымен қатар, Қашақбай Пірімов атындағы 

№103  мектептің  11-сынып  оқушысы  Гүлдерай  Қадырбекова 

баба ерлігі өскелең ұрпаққа зор мақтаныш екендігін жеткізді.

Бұдан  бөлек,  №266  мектеп-лицейдің  мұғалімі  Айгүл 

Қаржаубай,  «Жалаңтөс  батыр»  мешітінің  имамы  Ғалым  Ал-

маниязов,  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Сайын 

Дәуітов,  ардагер  Әбілхан  Нұржаубаев,  аудандық  тарихи-

өлкетану  мұражайының  ғылыми  жетекші  көмекшісі  Нұршат 

Алдашов пайымдарын айтып, баба есімін ұлықтауға қатысты 

өз пікір-ұсыныстарын білдірді. 

Танымдық  конференцияны  ауыл  әкімі    Алмат  Әбілхан 

қорытындылап,  батыр  бабамыздың  ерен  ерлігі  өшпес  өнеге, 

өлмес мұра болып, кейінгі ұрпақтың жадында қалатындығын 

айтты. 

З.МҰСТАФАЕВА,

аудандық орталық 

кітапхана қызметкері.

ШПЕС ӨНЕГЕ,

ЛМЕС МҰРА

Ө

Жобаның    өзі  екі  кезең  бойынша  жүзеге 



асырылмақ.  Бірінші  кезеңде  Қызылорда  су 

торабының  сол  жақ  жағалау  шлюз-реттегішін 

қалпына  келтіру,  Қазалы  және  Қармақшы 

аудандарындағы  тасқын  суға  қарсы  қорғаушы 

бөгеттер  салу  сияқты  бірқатар  маңызды  жоба-

лар  ішінде  Қазалы  ауданындағы  Бірлік  ауылы-

на  жақын  маңда  Қарлан  автожол  көпірін  салу  да 

қарастырылған.

САРАТС жобасының жоғарыда аталған бірінші 

кезеңінде  6  компонент  жүзеге  асырылуы  тиіс  бол-

са,  «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей»  аудандық 

маңыздағы  автомобиль  жолының  Бірлік  ауылына 

жақын орналасқан Қарлан учаскесіндегі қалқымалы 

көпір  де  осы  жоба  аясында  атқарылатын  жұмыс 

қатарында.

2014 жылғы 27 наурызда Қызылорда қаласында 

өткен мәжілісте ҚР Қоршаған орта және су ресурста-

ры  министрлігіне,  ҚР  Экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау  министрлігіне,  Қаржы  министрлігіне 

Қызылорда  облысының  әкімдігімен  бірлесіп             

САРАТС-2  жобасының  техникалық  экономикалық 

негіздемесін  экономикалық  сараптамадан  өткізуді 

аяқтап  бекіту,  жобаның  қаржыландыру  көздерін 

анықтау  жөнінде  түпкілікті  шешім  қабылдау  үшін 

республикалық  бюджеттік  комиссияның  қарауына 

енгізу қаралған болатын.

«Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің 

солтүстік  бөлігін  сақтау»  бойынша  іске  асыры-

луы  тиіс  Қарлан  бөлімшесіне  көпір  салу  мәселесін 

жеделдетуге  байланысты  үкіметке,  министрлікке, 

депутаттарға  хат  жолданған.  Аймақтан  сайланған 

мәжіліс  депутаттары  да,  жергілікті  мәслихат  депу-

таттары да құзырлы органдарға өтінішпен шыққан.

Өмірлік өзекті мәселе автожол көпірін салудың 

айтылып  келе  жатқанына  талай  жылдың  жүзі  бол-

ды. Ел тұрғындары тарапынан да, құзырлы орындар 

арқылы да қайта-қайта қозғау салынып жүргені үміт 

отына арқау бола бастағандай. Өйткені, тамшының 

тас жаратыны ақиқат.

«Сабыр түбі – сары алтын» деген 

халық  нақылы  арманның  ақиқатқа 

айналатынының дәлелі.



Әлімжан ҚИЯС.

КӨПТІҢ 

КӨКЕЙІНДЕГІ 

МӘСЕЛЕ

«Нұр  Отан»  партиясының  кадрлық 

резервін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар 

қолға  алынуда.  Бұл  туралы  аудандық  пар-

тия  филиалы  төрағасының  бірінші  орынба-

сары  Қасқырбек  Мамбетжан  жергілікті  БАҚ 

өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында ха-

барлады.  «Нұр  Отан»  партиясының  кадрлық 

резерв  қалыптастырудағы  негізгі  мақсаты  – 

өкілдік  және  партиялық  органдарға,  партия 

филиалдарының аппараттарына білімді, білікті 

кадрларды ұсыну үшін сапалы құрам жасақтау.

«Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві 

негізінен  тәжірибелі  партиялықтардан,  бас-

тауыш  партия  ұйымдарының  мүшелері 

мен  белсенді  жастардан,  сондай-ақ  партия 

жақтастары  қатарынан  жасақталатын  болады. 

Яғни,  «Партиялық  кадрлық  резерв  туралы» 

ережеге сәйкес партия мүшесі емес, бірақ оны 

белсенді  қолдаушыларды  да  резервке  іріктеу 

мүмкіндігі  қарастырылған.  Партия  мүшелігі 

жоқ партия жақтастарының кадрлық резервтегі 

саны резервистердің жалпы санының 10 пайы-

зынан аспауы тиіс.

«Партияның  аймақтық  кадрлық  резервіне 

жалпы  республика  бойынша  шамамен  3  мың 

адам  ендіру  жоспарланған.  Қазіргі  уақытта 

аймақтық  резерв  қалыптастыру  жұмыстары 

барлық  аумақтық  филиалдарда  қолға  алын-

ды.  Енді  мәслихат  депутаттығына,  аумақтық 

сая си кеңестер, партиялық бақылау комиссия-

лары,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

жөніндегі қоғамдық кеңестер және партияның 

басқа  да  органдарының  мүшелігіне  кандидат-

тар іріктеледі.

«Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві 

республикалық  және  аймақтық  деңгейлерде 

бекітіледі.  Республикалық  резервтің  негізі 

–  аймақтық  резервистерден  2017  жылдың 

соңында қалыптастырылатын болады. Оған әр 

аймақтан үш адамнан қамтылады деп жоспар-

ланып отыр.

Аумақта  партиялық  кадрлық  резерв-

ке  ену  үшін  кандидаттар  3  сатылы  іріктеу 

жүйесінен  өтуі  қажет.  Жүйе  конкурстық  про-

цедуралар мен құзіреттерін бағалаудан тұрады. 

Кандидаттардың әрқайсысы кәсіби, партиялық 

және  жеке  сипаттары  бойынша  кешенді  тек-

серуден  өтеді.  Оларға  партия  мүшелігі  бо-

йынша  өтілі,  жұмыс  өтілі,  білімі,  партиялық 

қызметтегі  сіңірген  еңбегі  бойынша  талаптар 

қойылады. Сонымен қатар үміткер қылмыстық 

және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 

сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  жасайтын 

теріс  әрекетті,  сондай-ақ  партиялық  жазаға 

тартылмаған болуы тиіс.

Партиялық кадрлық резервті қалыптастыру 

үш  ай  бойы  кезең-кезеңмен  өтеді.  Алдымен 

кадрлық резервті қалыптастыру туралы хабар-

ланады,  партияның  аймақтық  және  аумақтық 

филиалдарында  құжаттарды  қабылданып 

қаралады,  резервке  енгізілетін  кандидаттар 

келісіледі.  Сонан  соң  кандидаттар  тізімі  бас-

тауыш  партия  ұйымдарының  жиналыстарын-

да  ұсынылып,  тестілеуге  өтеді.  Тестілеуден 

өткен  кандидаттар  сұхбаттасуға  жіберіледі. 

Сұхбаттасуды партияның аймақтық филиалын-

да комиссия өткізеді.

Резервистердің  тізімдері  тиісті  ауданның, 

қала және облыстың  Саяси кеңесінің Бюрола-

рында  бекіту.Резервистерді  бекіткеннен  кейін 

партиялық  кадрлық  резервті  дамыту  жұмысы 

жүргізілетін  болады.  Кандидаттың  резервте 

болу мерзімі 5 жылды құрайды, тиісті деңгейде 

кандидаттардың  50  пайызы  ілгерлетілген 

жағдайда жаңарту жүзеге асырылатын болады.

Журналистермен  болған  кездесуде  аудан-

дық  партия  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Қасқырбек  Мамбетжан  «Нұр 

Отан» партиясының барлық  деңгейдегі аппа-

ратына  (басшылықтан  басқа)  бос  лауазымдық 

орындарға үміткерлер байқау негізінде қабыл-

данатынын  атап  өтіп,  партиялық  кадрлық  ре-

зервке алу, байқау өткізу туралы хабарланды-

рулар олардың мерзімі және бос лауазымдарға 

қойылатын  біліктілік  талаптары  «Айқын», 

«Литер»  республикалық  газеттерінде,  сондай-

ақ  партияның  www.nurotan.kz  ресми  веб-сай-

ты нда жарияланатынын жеткізді.

Ж.КАДИРОВА,

есепке алу және статистика 

секторының меңгерушісі.

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР


Біздің  біріміз  Қалапбергенмен  көрші,  дос 

болсақ, біріміз Әйтеке би кентіндегі Ы.Алтынсарин 

атындағы  №421  мектепте  бір  сыныпта  оқыдық. 

«Қалапберген  жаны  жайсаң,  достыққа  қастық 

қылмайтын, қазіргі кейбір жігітағаларында байқала 

бермейтін ағайындықтың жоралғысын, достықтың 

қадірін білетін, жақсы жігіт, азамат еді», – деп ауыз 

толтырып айтатын досымыз еді. Ол біздің өзімізбен 

ғана араласып қойған жоқ, жанұяларымызға сыйлы, 

жұбайларымызбен  сөзі  жарасқан,  әзілі  араласқан 

дос болды. 

Амал  не,  Алланың  жазуы  солай  болған  шығар...  Балаларын 

жетілдіріп, ұрпағының қызығына енді тояттар кезінде ақиреттік сапарға 

аттанып кетті. Алла алдынан жарылқасын! Жер анаңның құшағы мамық 

болғай дейміз. 

Жұбайы  Бақытжан,  қарындасы  Жақсыбике,  інісі  Ахмет,  балалары 

мен келіндері, басқа да жақын-жуықтарына  қайғыларына ортақтасқан 

достық көңілімізді білдіреміз. 



Досы: Әбдірахман, Әдірахманның зайыбы Мамыр, 

сыныптас достары: Гүлбаршын, Бағдәулет,

Бағдәулеттің зайыбы Жаңылған,

Құдайберген, Құдайбергеннің зайыбы Айшагүл. 

№80 (868) Сенбі, 8 қазан 2016 жыл.

«Аудандық  жер  қатынастары  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінде  «Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  2015  жылғы  18  қарашадағы  №410-V  ҚРЗ 

Қазақстан  Республикасының  Заңының  орындалуы  ай  сайын  талқыланып  отыры-

лады.  Сонымен  бірге,  баспасөз  беттерінде  сыбайлас  жемқорлыққа  байланысты 

жарияланған  материалдарды  талқылау  жолға  қойылған.  «Сенім  телефоны»,  жеке 

және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі көпшілікке 

көрінетін  жерге  ілінген.  Ұжым  қызметкерлері  арасында  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы күрес шараларын одан әрі жандандыру мақсатында ай са йын құқықтық оқу 

іс-шара  жоспары  бекітіліп,  жоспарға  сәйкес  құқықтық  оқулар  түрлі  тақырыптарда 

ұйымдастырылады. 

Бөлімде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру және жерге орнала-

стыру жұмыстарын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 

жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жер қаты настарын мемлекеттік реттеу-

ге және жер заңдылықтарының сақталуына бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

Жер қатынастарына байланысты проблемалық мәселелерді шешу, жер заңнамасы 

бұзушы лықтарының алдын алу мен жою бағытында ауданда семинар-кеңестер және 

жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту жөніндегі қоры тынды 

әзірлейтін аудандық комиссиясының 2015 жылы 37, үстіміздегі жылы 17 отырысы 

өткізілді.

ҚР Жер кодексінің 44 бабының 8 тармағына сәйкес, өтінімдер Әйтеке би кенті 

мен  Қазалы  қаласы  әкімшіліктерінде  арнаулы  есепке  алынып,  кезекке  қойылған. 

Әйтеке  би  кентінде  жер  учаскелеріне  кезекте  5410  өтініш,  Қазалы  қаласында  284 

өтініш есепке алынса, ауылдық округтерде өтініштер кезектілігі болмауына сәйкес 

жерге  орналастыру  жұмыстары  жүргізіліп,  жер  құжаттары  уақытылы  дайында-

лып  берілуде.  2015  жылдың  ақпан  айында  Әйтеке  би  кенті  мен  Қазалы  қаласы 

аралығынан (тас жол, электр желісі) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жерден 

арнаулы есепте тұрған кезектілікке сәйкес, 85 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысы 

үшін жер берілді. 

Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдіктерінің ғима ратында жеке тұрғын 

үй құрылысы үшін кезекте тұрған өтініштер арнайы стендтерге ілінген және Қазалы 

ауданы әкімдігінің ресми веб-сайтында, жергілікті баспасөз беттеріне тізімдер ашық 

жарияланған. Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері 

көрнекі жерге ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үстіміздегі жылдың 6 

айында 96 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, шешімін тапса, 14 

тұрғынға жеке қабылдаулар жүргізіліп, жер заңнамаларына түсіндірмелер берілді. 

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 6 айда 105 азаматқа қызмет көрсетіліп, 

мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес өтініштері қанағаттандырылса, 

өтініштердің  мерзімдері  ұдайы  бақылауға  алынып,  уақытылы  жауаптары  беріліп 

отыр.


Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген жер қатынастары са-

ласы бойынша 2015 жылы ауылшаруашылық жерлерін пайдаланбаған 31 жеке және 

заңды тұлғалардан көлемі 57686 гектар жер мемлекеттік жер қорына қайтарылды. 2016 

жылдың 6 айында ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жер учас келерін пайдаланбаған 

4 жеке (А.Байтақ, Қ.Керім, С.Утеев, С.Утеев,) тұлғадан көлемі 1267 гектар жерлері 

мемлекеттік  жер  қорына  қайта  берілді.  2015  жылға  ауыл  шаруашылығы  жерлерін 

айналымға қосуға 10050 гектар бекітіліп, 62 жеке және заңды тұл ғаларға көлемі 12 

413 гектар жер учаскесі рәсімделіп беріліп, 47,0 млн теңге бюджетке түсірілді. Ал, 

2016 жылы ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қосуға                12 000 гектар 

бекітіліп, 29 жеке және заңды тұлғаларға көлемі 6789 гектар жер учаскесі рәсімделіп, 

бюджетке 12,0 млн теңге түсірілді.

Жер  пайдаланушылардың  құ қы ғын  қорғау  жағдайына  байланыс ты  Қазалы 

аудандық  прокуратурасы  мен  Қызылорда  облысының  жердің  пайдаланылуы 

мен  қор ғалуын  бақылау  басқармасы  және  Қызылорда  облысының  кәсіп керлік 

палатасының  Қазалы  аудан дық  филиалының  ұдайы  бақы лауында.  Қызылорда  об-

лысы әкімінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №691-Ө өкімімен облыс көлемінде заңсыз 

карьерлерді анықтау және олар бойынша шаралар қабылдау үшін арнайы жұмысшы 

тобы құрылған. Осыған сәйкес, 2015 жылы заңсыз карьерлерді қазу фактісі бойынша 

3 жеке тұлғаға ҚР қылмыстық кодексінің 334 бабына сәйкес Қазалы ауданының ішкі 

істер бөліміне жолданып, тиісті шаралар қабылданған.

2016  жылы  Ғани  Мұратбаев  ауылының  оңтүстік  беткейінен  өз  бетінше  жерді 

иеленіп,  заңсыз  жерлерді  (карьер)  қазу  фактісі  бойынша  «АСАР»  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігіне  облыстық  жердің  пайдалануы  мен  қорғалуын  бақылау 

басқармасы арқылы ҚР ӘҚБтК-ге сәйкес, 212 100 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік 

жаза  қолданылды.  Құқық  бұзушылыққа  мүлдем  төзбеушілік  қағидасы  бойынша 

нысаналы  мақсатын  бұза  отырып,  пайдаланып  жатқан  және  мемлекеттік  жерлерді 

өз  бетінше  иеленген  46  жеке  және  заңды  тұлғаларға  шара  көру  үшін  Қызылорда 

облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тиісті хат-

тар жолданып, басқарма тарапынан тұлғаларға 693,0 мың теңге айыппұл түріндегі 

әкімшілік жаза қолданылды.

Бөлімде  жүргізіліп  отырған  жер  учаскелерін  бекіту  кезінде  сыбайлас 

жемқорлықтың  алдын  алу  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Жер  кодексі 

талаптарының орындалуын, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол 

бермеу бағытында жұмыстар ұдайы бақылауда ұсталып келеді. 



Мейірбек ДОСТЫБАЕВ, 

аудандық жер қатынастары

бөлімінің инспекторы.

Заң талаптарының 

сақталуы – ұдайы назарда 

Уақыт және заң



Мүлікті  және  ақшаны  жария  ету  науқанының 

аяқталуына 2 ай қалды

Қызылорда  облысында  мүлікті  жария  ету  жұмыстары 

жалғасуда. Науқанның аяқталуына бар болғаны 2 ай уақыт 

қалды.


Жария етуге мынадай мүліктер жатады:

– ақша;


–  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  тұрған 

үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

–  Қазақстан  Республикасы  аумағынан  тыс  жерлерде 

тұрған жылжымайтын мүліктер:

– бағалы қағаздар;

– заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

Құқығы  ресімделмеген  Қазақстан  Республикасы 

аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін қажетті 

құжаттар тізімі:

–  өтініш  беру  кезінде  жеке  басын  куәландыратын 

құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

–  объектінің  құрылыс  нормалары  мен  қағидаларына 

сәй кестігі  тұрғысынан  ғимараттар  мен  құрылыстарды 

тех никалық  тексеруді  жүзеге  асыратын  аттестатталған 

сарапшының қорытындысы;

–  жылжымайтын  мүлік  объектісінің  техникалық  па-

спорты.

Құқығы  ресімделмеген  Қазақстан  Республикасы 



аумағындағы  жылжымайтын  мүлікті  жария  етуге  байла-

нысты  қосымша  ақпараттарды  аудан  және  Қызылорда 

қаласының  әкімдіктер  жанындағы  құрылған  комиссияла-

рынан төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша алуға 

болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет