№
Аудан, қала
Мекен-жайы
Телефон
1
Арал
Арал ауданы, Школьная көшесі, 33
8 (724 33) 21950, 21307, 23649
2
Қазалы
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 60
8 (724 38) 21509, 79250 (ішкі 3229), 51260
3
Қармақшы
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 2 а
8 (724 37) 21236, 21135
4
Жалағаш
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
8 (724 31) 31644, 32668
5
Сырдария
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі, 31
8 (724 36) 21244, 21297
6
Шиелі
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 6
8 (724 32) 42354, 42750, 43579
7
Жаңақорған
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі, 37
8 (724 35) 22097, 22442
8
Қызылорда қаласы
Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, 16
8 (7242) 261544, 261777
Қазақстан Республикасы аумағындағы басқа тұлғаға
ресімделген және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс
орналасқан мүліктерді жария етуге, сонымен бірге ақшаны
жария етуге байланысты сұрақтар бойынша қосымша
ақпараттарды мемлекеттік кірістер органдарында төмендегі
мекен-жайлар бойынша білуге болады.
№
Аудан, қала
Мекен-жайы
Телефон
1
Арал
Арал ауданы, Қ.Ерімбет көшесі, 68
8 (724 33) 22584
2
Қазалы
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, 3
8 (724 38) 21328
3
Қармақшы
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Абай көшесі, 30
8 (724 37) 21523
4
Жалағаш
Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 28
8 (724 31) 31340, 31671
5
Сырдария
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қазантаев көшесі, 20
8 (724 36) 21384
6
Шиелі
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 12
8 (724 32) 41074
7
Жаңақорған
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі, 110
8 (724 35) 22024
8
Қызылорда қаласы
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64 г
8 (7242) 236488
Қызылорда облысының қаржы басқармасы.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Адам баласы нәпсіге жеңіліп, иманының күш-
қуатын жоғалтқан кезде күнә жасауға бейім келеді.
Сондай-ақ, өзін қолдап-қолпаштап тұратын көркем
мінездер азайған сайын рухани кемелділіктен алыс-
тай бастайды. Истиқамат, яғни әрқашан туралықта бо-
луда әлсіздік танытады. Осының нәтижесінде күнәлі
істер сиқырлы әуен секілді нәпсіні өзіне баурап алып,
ақиреттегі жауапкершілікті ұмыттырады. Исламның
білімді ғұламалары әрбір жасалған күнәға тәубе келтіру
керектігін айтқан. Ата-бабаларымыз бұл туралы «Шын
ниетпен қылған тәубе таудай күнәні жояды» деген.
Құранда Алла Тағала былай дейді: «Әй, мүміндер, түгел
Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыласыңдар» («Нұр»
сүресі, 31-аят); «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Со-
нан соң оған тәубе етіңдер» («Һұд» сүресі, 3-аят); «Әй,
мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар» («Тахрим»
сүресі, 8-аят).
Шынында да адам баласы аяқ аттап басқан сайы н
түрлі күнәләрға кездесуі мүмкін. Тіпті, күніне бір
күнәдән жасаған күннің өзінде бір жылда 365 күнә
жасауы ғажап емес. Ал бұл күнәлар қайдан пайда бо-
луы мүмкін? Ол адамның шариғаттан тыс істерді жа-
сап, сөздерді айтуында жатыр. Жалпы, Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) адам баласының күнәсіз, қатесіз болмайтындығын
айтқан. Кейбір адамдар біліп тұрып күнә істеуі мүмкін,
ал кейбірі қателікке ұрынып, білместікпен күнә істеуі
ықтимал. Күнәнің өзі үлкен және кіші болып екіге
бөлінетінін білеміз. Өзінің күнә істегенін білген адам
Үміт етіп, тәубеге келіп, Алла Тағаладан шын ниетімен
кешірім сұрауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Күнәсіне
тәубе қылған кісі күнәсіз адам сияқты» деген. Тәубе
сөзінің негізгі мағынасы оралу дегенді білдіреді. Шариғи
тілде істеген күнәсіне өкініп, екінші рет қайталамауға
Алла Тағалаға уәде ету, кешірім сұрау деген ұғымды
білдіреді. Бірақ, егер біз Алла Тағала біздің күнәмізді
кешіреді екен деп күнде үлкенді-кішілі күнәларды
істеуден тыйылмасақ, оның азабы да ауыр болады.
Алла Тағала мұндай пендесінің тәубесін қабыл етпейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) миғражда Алла Тағаламен
тілдескенде Жаратушы Иеміз:
– Иә, Мұхаммед, маған лайықты не сый-сияпат
әкелдің? – дейді. Сонда Алланың елшісі:
– Иә, Алла, саған ненің лайықты екенін біле алма-
дым, – деді. – Бүкіл жаратылыс пен қазынаның иесі бір
өзіңсің. Мен саған тек үмбетімнің күнәсін алып келдім.
Олардың күнәларының кешірілуін сенен сұраймын, –
деп жылап дұға етті. Сонда Алла Тағала:
– Ей, Мұхаммед, үмбетіңнің күнәларын кешірдім,
үмбетіңе шапағат етуіңді нәсіп еттім, – деді. Құран
Кәрімде «Алланың қабылдаймын деп уәде еткен тәубесі –
жамандықты білместікпен істеп алып, одан соң көп ұзамай
(өлмей тұрып) түзелген адамның тәубесі. Алла олардың
тәубесін қабыл етеді. Ол барлығын біліп тұрады, әрі хик-
метпен іс істейді. Тірлігінде жамандық жасаудан тыйыл-
май, өлер шаққа келгенде енді тәубе етемін деушілердің
тәубесі және кәпір қалпында өлгендердің тәубелері қабыл
болмайды. Оларға ауыр азап дайындалған» делінген
(«Ниса» сүресі, 17-18-аяттар).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ей, адамдар, Алла Тағалаға
тәубе етіңіздер және одан кешірім тілеңіздер. Мен күніне
жүз рет тәубе етемін», – деген. Иә, әрбір пенде қарны
тойса, «тәубе, тәубе» деп ернін жыбырлатып қояды,
бірақ осы сөздер шынайы жүректен шығып жатса ғой
шіркін. Сол Алланың құлдары осы шақта тұрып, өткен
шағына ойша есеп берсе, өткен күнәларына тәубе қылып,
дұға етсе, ақыреті үшін оның пайдасы зор болар еді.
Жаратушы Иеміздің әрдайым қаһарынан бұрын
рақымы бірінші жүретіні белгілі. Бұл дүниеде Алла
Тағаланың рақымы болмаса, адамзатта мейір-шапағат
қайдан болсын?!
Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне
берілген төрт сый
Адам (ғ.с.) былай деп айтты: «Алла Тағала Мұхаммед
(с.ғ.с.) үмбетіне төрт түрлі сыйлық жасады, оларды маған
бермеген еді:
1. Менің тәубемнің қабыл етілуі Мекке Мукаррамада
болды. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбеті қай бір жерде тәубе
етсе де Ұлы Алла олардың тәубелерін қабыл етеді.
2. Мен киінген едім, күнә істеген соң, Ұлы Алла мені
жалаңаш қылды. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті болса, тыр
жалаңаш күнә істейді. Ұлы Алла оларды киіндіреді.
3. Мен күнә істеген кезде Ұлы Алла әйелімнен мені
ажырастырды. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті де күнә істейді,
бірақ әйелдерімен аралары бұзылмайды.
4. Мен жәннаттың ішінде күнә істедім. Ұлы Алла
мені ол жерден шығарды. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті бол-
са, жәннаттың тысында күнә істейді, тәубе еткен соң,
жәннатқа кіргізеді» – деген.
Алла Тағала өзінің шексіз мейірімімен қиямет-
қайымға дейін құлына осы дүниеде жасаған күнәларынан
арылуы үшін тәубе жасауға мүмкіншілік береді.
Тәубенің ең жақсысы, білместікпен немесе байқаусызда
күнә жасап қойған кезде кешіктірмей артынша тәубе ету.
Себебі, адамға өлім қай сәтте келетінін ешкім білмейді.
Сондықтан тәубе етуге әрдайым асығу керек.
Рүстем ЕШМАХАН,
аудандық «Жанқожа батыр»
мешітінің наиб имамы.
Тәубенің қасиеті
Жарыс ережесіне сәйкес,
«Радиомен басқарылатын кө-
лік модельдері», «Кеме мо-
дельдері» бағыты бойынша
көлік және кеме модельдері
көпшілік назарына ұсынылды.
Өнертапқыш жас тар өз қол-
дарынан жасаған түрлі тех-
никалық модельдерін (қоз-
ғалмалы техникалар) көрмеге
қойып, олардың жасалу жолда-
рын жіті таныстырды.
Нәтижесінде, үйірме мүше-
лері Кемал Серік, Қаразым
Нұрмағанбет ҚР Білім және
ғылым министрлігі, Респу-
бликалық қосымша білім беру
оқу әдістемелік орталығының
сертификатына
ие
бол-
ды. Ал оқушыларды техни-
ка тіліне машықтандырып,
оларға жетекшілік жасап
жүрген Қайрат Оразовқа
ҚР Білім және ғылым
министрлігі, республикалық
қосымша білім беру оқу
әдістемелік
орталығының
«Алғыс хаты» және сертифи-
каты табысталды. Осы кез-
ге дейін де техника тілін
жетік меңгерген Қ.Оразовтың
жетекшілігімен бірнеше ма-
кет, модель аудандық, облыс-
тық, республикалық көр-
мелерде жүлделі орындар-
ды иемденіп келеді. Келешек-
те де өнертапқыш жастардың
жетер жетістіктері биік болғай
демекпіз.
Бақыт ЗАРИПОВА,
аудандық оқушылар үйінің
бұқаралық бөлім меңгерушісі.
Өнертапқыш
өрендер жетістігі
Елімізде «ЭКСПО – 2017» шеңберінде түрлі шаралар көптеп
өткізілуде. Солардың бірі – қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткен
республикалық техникалық шығармашылық өнертапқыштардың жары-
сы. Сайысқа жас ерекшеліктері 11-17 жас аралығындағы техникалық
өнерге машықтанған оқушылар қатысты. Осы жарыста Қазалы
аудандық оқушылар үйінің «Электротехника» үйірмесінің жетекшісі
Қайрат Оразовтың жетекшілігімен үйірме мүшелері Кемал Серік пен
Қаразым Нұрмағанбет бағын сынады.
ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАРНАМА
Аудандық ономастикалық жұмыс-
шы тобының хаттамасымен ұсы-
нылған бірқатар азаматтар аты-
на көше атын беру мақсатында, 2016
жылдың 30 қыркүйегі күні Әйтеке би
кентінде төмендегі аталған көшелерде
тұрғындармен қоғамдастық жиыны
өткізілді.
Атап айтқанда:
1. «Жилдом райбольница» көше-
сіне Махамбет Әуезовтың атын беру
туралы. Жиынға қатысқан тұрғындар
саны – 7. Көше атын беруді қолдап дау-
ыс бергендер саны – 7. Қалыс қалған,
қарсы болғандар жоқ.
2. «ПМС-244» көшесіне Серікбай
Сармағамбетұлы
Сұлтамұратовтың
атын беру туралы. Жиынға қатысқан
тұрғындар саны – 36. Көше атын беруді
қолдап дауыс бергендер саны – 36.
Қалыс қалған, қарсы болғандар жоқ.
3. Қазалы мөлтек ауданына қа-
расты («Жұмыспен қамту – 2020»
бағдарламасы аясында ипотекалық
тұрғын үйлер салынған) шеткі көшеге
Ерниязов Қанағат Ерниязұлының
атын беру туралы. Жиынға қатысқан
тұрғындар саны – 8. Көше атын беруді
қолдап дауыс бергендер саны – 8.
Қалыс қалған, қарсы болғандар жоқ.
4. Қазалы мөлтек ауданына қарасты
жаңадан ашылған (Жанқожа батыр
көшесінен оң жақ бұрылысқа түскеннен
кейінгі екі қабатты тұрғын үйлер
салынған) бірінші көшеге «Ағайынды
Талқанбаевтардың» атын беру тура-
лы. Жиынға қатысқан тұрғындар саны
– 21. Көше атын беруді қолдап дауыс
бергендер саны – 21. Қалыс қалғандар
саны – 4, қарсы болғандар жоқ.
Әйтеке би кенті
әкімінің аппараты.
ОНОМАСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯҒА ЖОЛДАНАДЫ
Құрметті Ақсуат ауылының
тұрғындары!
2016 жылы 7 қараша күні сағат
10:00-де Ақсуат ауылындағы Ле-
нин, Сырдария көшесі тұрғын дарына
«Ақсуат» ауылдық клубында жергілікті
қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Күн тәртібіне бір мәселе қойылады.
Ақсуат ауылынан Ленин көше сіне
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Сырда-
рия көшесіне Айтжан Өмірзақов есімін
беру туралы.
«Майлыбас ауылдық округі
әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі.
Қауымдастық жиналысы өткізіледі
Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, Бейбітшілік көшесі
№18 үйдің Беркімбай Саралтын Жұбандыққызы және Махам-
бетов Берик Абдихадировичке тиесілі екенін растайтын құқық
белгілеуші құжаты – 14.10.2015 жылғы №1865 Заң бойынша
мұраға құқығы туралы куәлік түпнұсқасы және техникалық
паспорттың жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
***
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жұбан Молдағалиев
көшесі №6 үй, 2 пәтердің Жубаниязов Жолдыбайға тиесілі
екенін растайтын құқық белгілеуші құжаты – 01.11.1993 жылғы
№1237 тұрғын үйді жекешелендіру шарты түпнұсқасының
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
Жарамсыз деп танылсын
ЕСКЕ АЛУ
Бұл сөздерімді өзіңнің тәніңнен әлі ажырап үлгермеген рухың есітер
деп айтып тұрмын.
Біз тай-құлындай тебісіп бірге өстік. Бір ананың төсін бірге ембе-
генмен, аналық мейірімін тең бөлістік. Қалау анамыз сені «Шөже», мені
«Ақаш» деп еркелетуші еді. Анамыздың сол бір «Шөже» деген дауысын,
шашыңа ақ кірсе де аңсадың ба екен... Ол жаққа неге асықтың.
Мектепті бітірген жылы сен Жамбыл қаласына оқуға түстің де, мен
елде қалдым. Каникулға келген сайын сағынып отырған анаңнан бұрын
бірінші маған соғатынсың. Не айтатынымызды қайдам, 5-6 сағаттан соң
екеуміз қол ұстасып анамызға баратынбыз. Жұмахмет әкеміз жұмыста
болатын. Қалау анамыз кеюдің орнына екеумізге мейірлене қарап,
маңдайымыздан сүйіп, сақтаған жылы-жұмсағын аузымызға тосатын. Сол
анамыздың мейірімі біздің достығымызды туысқандыққа жалғады. Біз
екеуміз туып туысқан емес, бірге жүріп, бір-біріміздің кім екенімізді біліп,
туысқан болдық.
Есейдік. Ер жеттік. Екеуміз екі рудың азаматы болдық. Шашымызды
ақ қырау шалды. Сонда да кездескен сайын бозбала шағымызды еске алып
бір жасап қалушы едік.
Бұрынғыдай таңды-таңға ұрып сырласпағанмен, қуаныш-қайғымызды
бірге бөлістік.
Жүрегіміздің түкпіріне ұялаған, сол анамыздың мейірімінен дарыған
қимастық сезім бірімізді-бірімізге іздеттіріп тұратын. Осындай өзіңдегі
сезімді жер ананың құшағына өзіңмен бірге алып бара жатырсың.
Өкінішті-ақ, Алланың ісіне не шара?!
Кеше Алматыда ота жасатарда жаныңда болып, өзіңе барып тұрған
Бағдәулет досың, әлсін-әлсін телефон шалып сенің жағдайыңды біліп
тұрған Астанадағы Әбдірахман досың уақыттың тығыздығы мен жер
шалғайлығынан сені ақтық сапарға шығарып салып, топырақ сала
алмағандарына өкініш білдіруде.
Біз сенің ақ көңіліңмен дос, бауырға деген бауырмалдық қасиетіңді,
бірқағар ақжарқын зілсіз әзілдеріңді ұмыта алар ма екенбіз...
...Адам жылап туады, жатады оны жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап, жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлерде, жақсылар бар қимайтын, – деп абыз ақынымыз
Қадыр Мырзалиев айтқандай, сен жаныңа жалау болған жақсы жандарды
қимай жылап кетсең, біз бүгін сені қимай жылап тұрмыз.
Қош бол, аяулы дос, бақұл бол, бауырым! Жер анаңның құшағы өзіңе
мамық болғай.
Қаралы жиындағы досы
Құдайберген Есекейдің сөзі.
Аяулы досым Қалапберген!
ЖЕР АНАҢНЫҢ ҚҰШАҒЫ
МАМЫҚ БОЛҒАЙ
Аудандық «Қазалы» газетінің 2016 жылғы 1 қазандағы №78 (866)
санында жарияланған «Қалдырған ізің мәңгілік...» мақаласындағы
«Ақтан батыр ауылындағы №90 мектеп» деген жолдар «Абай
ауылындағы №90 мектеп» болып түзетіліп оқылсын.
Түзетіліп оқылсын
Қазақ
екі адамнан
ештеңе аямайды. Бірі
– қонақ, бірі – жас босанған келін.
Біздің қазақ баяғыда Құдайы
қонақтың өзіне жалғыз қойын
сойып береді екен. Жалғыз атын
түсіп беру мақтанышқа айналған.
“Біреудің бақыты үшін өмір
сүр” деген дін талабын қазақтан
асырып ұстанған халық жоқ!
“Құдайы қонақ” деген сөздің
өзі “Құдай қонақты сынақ үшін
жібереді” деген сөз. Ештеңе ая-
майтын екінші адамы – бала
тапқан келін. Толғақ басталғанда
есіткен әйелдің бәрі Бибәтимә
(Мұхаммед (с.ғ.с.) қызы Фати-
ма анамыз) пірлеріне жалба-
рынып, Құдайдан келіншектің
аман-есен босануын сұрайды.
Сол кездегі қазақ әйелдері біреу
үшін қиналатын, өзіндей біреу
үшін шын жүрекпен жалбары-
натын. Сөйтіп, дүниеге келгелі
тұрған бір мұсылманның игілігі
мен келіннің тез босануы үшін
әйелдер жер-жерден қазан асады.
Ірку, аяу, мөлшерлеу болмайды.
“Жарыс қазан” – осы. «Қазан
қайнаса, бала түсе қала ма?»
деп күлмеңіз. Бұл – біреу үшін
тілектестікті тірлікте көрсетудің
жолы, бірер сағаттан кейін бас-
талатын тойдың дастарханына,
яғни
б і р е у д і ң
несібесіне үлес қосу ниеті,
әйелдер Құдайға ниетінің түзу
екенін, қолының ашық екенін
осылай көрсетеді. Тіпті, толғақты
естіген алыстағы әжелер де
Бибәтимә піріне жалынып, келіні
үшін Алладан медет тілейді.
Қызды-қыздымен алыстағы жа-
рыс қазанға қосылып та кетеді,
қазан асып жібереді. Сүйінші ха-
бар жеткен бетте жүрегімен шын
қуанған әже бұл қуанышты айту
үшін, сол күні кісі шақырады.
Келін босанғанда абысынның
біреуі енесіне жүгіреді. Қуанған
ата-әже сүйіншіге не сұраса да
береді. Бірақ, қазақта кім ибалы
– келін ибалы. Енесінен ешкім
көп сұрай қоймайды. Қалжаға
кемінде ісек (үлкен) қой сойыла-
ды. Осы күні бір әйел нәрестенің
кіндігін кесіп, кіндік шеше бола-
ды. Ол да қалжа әкеледі. Неме-
се босанған келіннің күтімі соған
жүктеледі. Бұл салттар адам-
дарды жақындатып, бір-біріне
тілекші, қамқор қылады. Әсілі,
дәстүр деген дінді күнделікті
тұрмысқа сіңіріп жіберу
үшін жасалған. Қал-
жаға күйі жоқ үйге
жегжат-
жамағаты
жиылып кей-
де қалжа әпереді.
Қалжаны босанған әйел
түгел жеп тауысуға тиіс. Қазақ
қуырдақ пен жас сорпаны
қашан белі бекігенше келіннің
ауызынан үзбейді. Босанған
әйел терлеп-тепшіп, омырауы-
на сүтін жиып болғанша көп
қозғалмайды.
Қайын
сіңлі,
қайын апалары асты-үстіне
түсіп, жан-жақтан күтімге ала-
ды. Мұсылмангершілік деп осы-
ны айтады.
Енді, құрметті қыз-келін-
шектер! Сіз қазір жарыс қазан
неге керек деп ойламаңыз. “Жа-
рыс қазанды” жасауға болады.
Бір жақыныңыздың жұбайы бо-
санып жатса, баяғыдай қазан
қайнатып қажеті жоқ. Оның ор-
нына елмен ақылдасып, босан-
ған келін аяқ-қолын бауыры-
на тез жинауы үшін құнарлы
тағамдарды шама келгенше
алып, кезектесіп пұшпағы қанап
перзент тапқан келіншектің
үйіне барып тұруға болады. “Жа-
рыс қазанды” осылай көркем
жолдармен жалғастырып кете бе-
руге болады. Бұл иманыңыздың
бекіп, жүрегіңіздің жұмсаруына
әсер ететін бір ғана көркем салт.
№776
7346
Мекен-жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E-mail: kazaly@bk.ru
Кезекші редактор А.ҚОРБАРМАҚОВА.
сейсенбі,
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС
баспаханасында басылды.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: 8 (7242) 40-06-68
Газет таралымы бойынша 21-6-94 немесе
8 (7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.
Таралымы 7398
Тапсырыс №1197
№80 (868) Сенбі, 8 қазан 2016 жыл.
Бас редактор
Дәурен ОМАРОВ
ҚАЗАЛЫ: КЕШЕ
және
БҮГІН
Тарихқа көз жүгіртсек, жоғалтқанымыз жетерлік. Алайда, еліміз егемендік алып, оң-солымызды танығалы бері бүгінгі
күнді баян ды етудің қамында жүрміз. Ұлттық санамыз оянды, мәдени һәм рухани жауһарларымыз қайта жаңғырды.
Әлеумет әл-ауқатын арттырды. Мемлекетіміз әлемнің саяси сахнасынан ойып орын алды. Осылайша, жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан өз шежіресін жазып жатыр. Сондықтан, біз газетімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында оқырман наза-
рына кешегі мен бүгінгі күніміздің айғағындай болған фотобаяндарды ұсынып отырмақпыз.
Өзгергенді көз көрген
Әйтеке би кентiнде орналасқан су қыспақты мұнара
ХХ ғасырдың басында, Орынбор-Ташкент теміржол құрылысы
кезеңінде салынған. Әйтеке би кентін сумен қамсыздандыруға
арналған нысан вокзал ғимаратының батысына қарай орналасқан.
Мұнара екі қабаттан тұрады. Төменгі қабатта кіреберіс
ойық бар. Әсем шығыңғы өрнектелген қас беті солтүстік-
батысқа қараған. Дәл осы жерде, бүйір бет жағында бір тере-
зеден орналастырылған. Терезе ойықтары жартылай дөңгелек
қақпалармен жабылған, әсемделіп қапталған. Кіреберіс
қақпалардың ойықтары сәуле кіретіндей қорған тасымен
айшықталған. Төменгі қабаты екі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы
бөлігіне кіреберісте кішкене ғана терезе ойығы орнатылған. Бұл
ойықтың үстінде жоғарғы қабатты төменгісінен бөліп тұратын
аралық ернеу өтеді.
Мұнараның айтарлықтай биік болуы, үлкен көлемдегі судың
және оның қатты ағысының теміржол бекетіне қажет болуынан
болса керек. Осыған байланысты ішінде суы бар екі резервуар
орнатылған.
Патшалық Ресей мемлекетінен бастау алған мұнара тари-
хы әлі күнге теміржол саласы үшін өзінің аса қажетті қызметін
тоқтатқан жоқ.
Дайындаған:
Ғалымжан АЛДАМЖАРОВ.
Көзқарас
Су қыспақты мұнара
Елу жылда – ел жаңа. Кей-
кейде өзімнен өзім отырып, қазіргі
ақпараттандыру
ғасырында
өмір
сүріп жатқан балаларымыз бен неме-
релерімізге қатты қызығамын. Бір
кездері көк түтіні қолқаны қапқан
шалғайдағы ауылдарға бүгінде жоғары
кернеулі электр желісі тартылған.
Әрбір үйдің төрінен көгілдір экран
орын алған. Енді бұрынғыдай екі арнаға
бетіңді басып, ұзақты күн телміріп
отырмайсың. Шатырға орналасқан
«Отау ТВ» желісінің көмегімен қалаған
бағдарламаңызды емін-еркін көре ала-
сыз. Ал ақырын-ақырын шегініп, алыс-
тап бара жатқан кешегі 70-80 жылда-
ры ше? Сол кездері көбінесе қаңырап
бос тұратын ауыл клубының бейшара
халін көз алдыма елестетсем, санам сан-
сырап, жүрегім сыздап ауырады. Неге
дейсіз ғой? Мен де 1976-1985 жылда-
ры Арал теңізінің ұлтанындағы «Бек-
тау», «Қызылқұм» елді мекендерінде
киномеханик болып халыққа мәдени
қызмет жасағанмын. Ол кезде киноның
ап-ауыр темір жәшіктерін «Кәукей» ауы-
лынан шөп тиеп шыққан көліктермен та-
сып алатынмын. Сосын алыстан арқалап
алып келген бес-алты киноны екі апта-
дай көрсетемін. Жасыратын несі бар, ол
кездері үнді фильмдерінің қасқалдақтың
қанындай боп, түкірігінің жерге түспей
тұрған шағы еді ғой. Бір үнді фильмін
екі-үш рет айналдырып, бір айлық жос-
парымды алдын ала орындап тастайтын-
мын.
Қазір, Құдайға шүкір, тәуелсіздік
алғалы кино дейсіз бе, жоқ әлде кон-
церт дейсіз бе, әйтеуір бәрін де үйде
отырып-ақ көретін болдық. Ай-
тайын дегенім, соңғы жылдары қазақ
киногерлерінде бұрын-соңды болып
көрмеген шығармашылық ізденістердің
жемісін танып көріп, соған бөркімізді
аспанға лақтырып қуанып қалдық.
Толғауы тоқсан тіршіліктің әр қырынан
сыр шертіп, әп-сәтте өзіне баурап ала-
тын жүз сериялы «Қарашаңырақ»,
«Ағайындылар» және «Ауыл сақшысы»
фильмін қанша көрсеңіз де жалықпайсыз.
Талантты
сценаристеріміз
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы
аясында «Болашақ» бағдарламасы бо-
йынша шетелдерге барып, білімдерін
жетілдіріп қайтқан жас ғалымдар жай-
лы «Болашақ», «Арман асуы», «Таңдау»
фильмдерін түсіріп, айды аспанға бір-ақ
шығарды.
2010 жылғы қарашаның 23-де
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»
ұлттық киностудиясына ат басын бұрған
Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ киносы
отансүйгіштікті дәріптеп, елшіл, жершіл
ұрпақты тәрбиелеуге атсалысуы ке-
рек. Яғни, ұлттық кинодан ұлттық идея,
ұлт мұраты сезіліп тұруы тиіс», – деп
киногерлерімізге үлкен міндет жүктеген
болатын. Міне, сол күннен бастап тың
жігер, соны серпін танытқан қазақ кино
өнері енді детективті оқиғаларға толы
экшн жанрына батыл бетбұрыс жасады.
Демек, экшн жанры не үшін қажет бол-
ды деген көкейкесті сауалымызға белгілі
жазушы Смағұл Елубаев былай дейді:
«Кинода бұл жанрды коммерциялық
жанр деп оған тұмсық шүйіре
қарайтындар аз емес. Экшн жанрына
қырын қарайтындар коммерциялық кино
өнер үшін емес, касса үшін жасалады
деп күстаналайды. Оның шындығы да
бар. Қалың көрермен осындай оқиғалы
фильм дерге көп барады. Халық көп
барған фильмнің кассалық табысы да
көп. Ал экшнге табиғаты қарама-қарсы
авторлық киноның өкінішке қарай,
көрермені аз».
Сонымен әлемдік киноиндустрия-
ның қара қазанында қайнап, әбден
пісіп-жетілген экшн, триллер жанрында
түсірілген «Шал» мен
«Аңшы бала» фильм-
дерін әлі күнге дейін
ұмыта қойға нымыз жоқ. Оған
қоса «Қазақфильмде» алғаш тұсауы
кесілген «Жаужүрек мың бала» фильмін
қазақ киногерлерінің экшн жанрындағы
алғашқы жетістігі деп толыққанды
бағалауымызға болады. Енді экшн жан-
рында түсірілген бір-екі отандық киноға
тоқталып өтейік.
«Қазына» топтамасына бүгінде
белең алған есірткі тасымалы арқау
болған. Аталмыш фильмнің тартыс-
ты тұсы ХХ ғасырдың 30-шы жылдары
қазақ елінде орын алған оқиғадан бас-
талады. Сюжетте Ауғанстанда туып, ер
жеткен Әли есімді қазақ жігіті ұшақпен
Ақтау қаласына келе жатып, 1987 жылы
атасының өлер шағында айтқан ама-
натын есіне түсіреді. Атасы сол бір
қарғыс атқыр 30-шы жылдары қуғын-
сүргінге ұшыратып, тағдыр тәлкегіне
түскесін, мол қазынасын тау-тастың ара-
сына тығып, шетелге қашып кеткен еді.
Енді тәуекелдің жел қайығына мініп,
атасының аманатын орындауға кіріскен
Әли Ақтаудағы «Жұмбақтауға» барып,
көмулі жатқан қымбат қазынаны іздейді.
Міне, фильм оқиғасы осы жерден бастап
бірте-бірте шиеленісе береді. Бұл рет-
те киногерлер патриотизмді насихаттап,
құқық қорғау саласы қызметкерлерінің
еңбектерін, олардың отанына, отбасына
деген махаббатын дәріптеп, есірткінің
адам өміріне қауіп-қатер төндіретін дерт
екенін ашып көрсетуді мақсат еткен.
«Қазына» тележобасы белгілі жазу-
шы-драматург Рахымжан Отарбаевтың
«Жұмбақтау қазынасы» кітабының
желісі негізінде түсірілген. Осы фильм-
нің сценарийін жазуға Әнуар Райба-
ев, Жәмит Көшербаев, Асқар Дүйсенбі
атсалысқан. Ал басты рөлдерде талант-
ты актерлер: Жандос Айбасов, Ерік
Жолжақсынов, Мақпал Исабекова,
Ержан Түсіпов, тағы басқалар өте сәтті
әрі нанымды сомдаған. Бұл туынды он
алты бөлімнен тұрады.
Өткен жылы республикалық «Қазақ-
стан» ұлттық телеарнасынан ұлттық
қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің
қалыптасуы мен олардың кәсіби өсуі
туралы түсірілген «Арнайы өкілдер»
атты фильмді көргенбіз. Бұл жаңа
телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық
қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы
тен денцияларының биігінен көрінген
қазақстандық барлау және қарсы барлау
қызметкерлерінің образдары іс-әрекет
үстінде жан-жақты ашылған. Көрермен
қауым ХХІ ғасырдың 90-шы жылдары-
нан бастау алып, бүгінгі күнге ұласқан
түрлі оқиғалардың куәсі болады. Фильм
ҚР ҰҚК запастағы полковнигі Сапар
Саматов жайлы сыр шертеді. Оның бала-
сы Алаң да әкесінің жолын қуып, қауіп-
қатерге толы жаңа қызметті таңдайды.
Телехикая авторлары ұлт тағдыры
отандық арнайы қызметтің ақылды,
сенімді және батыл өкілдерінің қолында
болғанда ғана халықаралық терроризмге
жол жоқ екенін алға тартады. Сондықтан
мұндай сәтті шыққан фильмдердің
жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік,
адалдық және айтқан сөзінде тұра білу
сияқты асыл қасиеттердің қалыптасуына
қозғау салатыны сөзсіз.
Қазір теледидарда не көп, кино
көп. Оның бер жағында танымдық-
тағылымдық мәні зор бағдарламалар
да жетіп-артылады. Тіпті шетелдердің
атыс-шабысқа, кек қайтаруға, кісі өл-
тіруге толы киноларына да көзіміз
үйренген сыңайлы. Сол саңырауқұлақтай
қаптаған шетелдік фильмдердің арасы-
нан жыл құсындай сағындырып барып,
көріне бастаған отандық фильмдеріміз
мемлекет басшысының сенімін ақтауға
ұмтылған
«Қазақфильмнің»
бола-
шағының зор екенін аңғартқандай. Бір
ғана мысал: әлем экранын жаулап алып,
Американың атын шығарған Голли-
вуд фильмдерімен иық тірестіре алатын
бірқатар отандық киноларымыз экранға
жол тартты. Бұл орайда триллер, экшн
жанрларында түсіріліп, көзіқарақты
көрерменнен жоғары бағасын алған
«Шал», «Аңшы бала» фильмдерінің 2012
жылы әлемдік кино Меккесі Голливуд
өткізген халықаралық кинофестивалі
(«Шетелдік ең үздік драма») мен Ресей-
де болған «Киношок» кинофестивалінде
бас жүлделерді қанжығаларына байла-
ғанын мақтан етуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, әлемдік кино-
прокатта Голливудпен бәсекеге түсе
алатын экшн жанрындағы төл туын-
дыларымызға тілекші болып отырсақ
нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, мен ки-
нотанушы емеспін. Десек те өзіміздің
жылт еткен жетістіктерімізді жатсынбай,
оның қадір-қасиетін дер кезінде бағалап,
ауызбіршілікпен қолдап отырайық дегім
келеді.
Құттыбай БАЙМАХАНҰЛЫ,
журналист.
Лақалы ауылы.
Қазақ киносындағы экшн жанры
Құдайға жағам десең, азаның болсын,
Халқыңа жағам десең, қазаның болсын.
Қазақ мақалы
ЖАРЫС ҚАЗАН
Жақында аудандық бі-
лім бөлімінің ұйым дас-
тыруымен №249 мектеп-
лицейде Қазақстан Республика-
сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған «Сергектік» эстафеталық жа-
рысы өткізілді. Білім қызметкер лерінің
арасында спорттың бұқа ралығын арт-
тыру, дене шынықтыру саламатты өмір
салтын қалыптас тыру мақсатында өткізілген
жарысқа 33 мектеп командасы қатысты.
Аймақтық іріктеу кезеңінен іркілмей өткен
№94, №25, №104, №92, №165, №249 мектеп
командалары ақтық кезеңде өзара бәсекеге
түсті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық
бес турдан сүрінбей өтіп, өзгелерден оқ бойы
озып келген №249 мектеп-лицей командасы
бірінші орынға қол жеткізді. Сәкен Сейфул-
лин атындағы №165 мектеп командасы екінші
орынға ие болса, үшінші орынды Қожабақы
ауылындағы №25 мектеп пен Өркендеу
ауылындағы №104 мектеп командалары өзара
бөлісті.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлде-
герлерін білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы
Әбілқасым Раман диплом және арнайы кубок-
тармен марапаттады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ.
Жыл санап аудандық «Қазалы» газетінің
оқырмандар саны артып келеді. Бұл біз үшін
қуанышты жағдай. Қай басылымның болмасын
сапасы мен өтімділігі оның оқырмандарының
көптігінен көрінеді. «Қазалыны» қолдап, үнемі
назардан тыс қалдырмай жүретін тұрақты
оқырмандарымызға алғысымыз шексіз. Алда-
ғы уақытта да Сіздердің сенімдеріңізден шы-
ғып, халық пен билік арасында дәнекерлік қыз-
метімізді ойдағыдай атқара беретін боламыз.
Өздеріңіз білетіндей 2016 жылдың екінші
жарты жылдығынан бастап, аудандық «Қазалы»
газетінің редакциясы газет тарату жұмысын өздері
атқарып келеді. Осы орайда Әйтеке би кенті және
Қазалы қаласы мен ауданға қарасты 19 ауылдық
округте 32 таратушы жұмыс жасайды.
«Сыр медиа» серіктестігіне қарасты облыс-
тық «Сыр бойы», «Кызылординские вести»,
«Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы» және
аудандық «Қазалы» газеті Сіздің қолыңызға
уақытылы жетуі үшін таратушылар тынымсыз
еңбек етуде. Алайда, әлі де болса, редакциямызға
қоңырау шалып, жазылған газеті жетпей жатқан
оқырмандарымыздың өтініш-тілегін тыңдап, та-
ратушылардан мәселенің мән-жайын анықтағанда
олардың да айтар уәжі болды.
Қадірлі оқырмандар! Әрқайсыңыз қақ-
паларыңыздың сыртына көше атауы мен
нөмірін және пошта жәшігін орнатсаңыздар
екен. Көп жағдайда көше атауы мен нөмірдің
жоқтығынан таратушылар көп уақыт жоғал-
тып алады. Ал енді көшенің аты мен нөмірі
көрсетілген үйлердің сыртында арнайы
пош та жәшігінің болмауы себепті қақпаға
қыстырылған газеттер үй иесінің қолына
бірде тисе, енді бірде желмен ұшып кетеді.
Міне, осындайдан «Газет неге уақытылы
келмейді?» немесе «Осы күнге дейін мүлдем
газет көрмедім» деген реніштер туындайды.
Арадағы байланысты ажыратпай, біздің
сіздермен бірге болуға деген талпынысымызға
қолдау көрсетсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді.
«Қазалы» газетінің ұжымы.
«Сергектік»
саулық
сыйлайды
Оқырмандар
қолдау
көрсетсе...
Салтың – санаң,
дәстүрің – дәулетің,
ғұрпың – ғұмырың