Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Балада оқу мотивациясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет118/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Балада оқу мотивациясының қалыптасуы
Мектептің оқушыға қоятын талаптары мен оқу бағдарламаларын
талдау мектепке дайындықтың мотивациялық, еріктік, зияттылық 
және тілдік сфералардан көрінетінін растайды. Мектепке аяқ басқан 
шағында баланың аффективті қажеттілік сферасына оқудың танымдық 
та, әлеуметтік те мотивтері дамыған болуы қажет. Бұл екеуінің 
жиынтығы баланың оқу субъектісіне айналып, өзінің алдындағы 
міндеттерді саналы қабылдауына және орындауына мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда, мектепке оқуға дайын 1-сынып оқушысында оқудың 
танымдық және әлеуметтік мотивтерінен тұратын оқу мотивациясы 
болу керек. Сонымен қатар табысқа жету мотивінің маңызы да аз 
емес (Божович Л. И., 1968; Маркова А. К., 1983; Матюхина М. В., 1984; 
Хекхаузен Х., 1986). Оқу мотивациясын жеті жастағы дағдарыстың
нәтижесінде пайда болған жаңа құрылым ретінде қарастыруға болады.
Баланың жаңа жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетін анықтайтын оқу
мотивациясы оның психикасы едәуір қалыптасқан ойын іс-әрекеті
екінші жоспарға ауысқанда пайда болады. Мектепке дейінгі шақтың 
соңында ойын «таяудағы даму аймағын» құрудағы өзінің мүмкіндігін 
(психикалық даму механизмі болып табылатын) жояды. Алайда бұл 


253
бала ойынының барлық сатыларынан айлалы әрекет ету ойындарынан 
ережелі ойындарға дейінгі сатыларынан өткенде көрініс береді.
С. С. Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі
ондағы қиялдан туған жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып, 
ережелердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі 
ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындар неғұрлым қалаулы 
ойындарға, ал әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұнына 
айналады. Осылай мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға 
ауысуы үшін негіз дайындалып, ол баланы үнемі түрлі ережелер
бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады.
Егер бала ойынның дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке 
аяқ басар алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс
байқалмайтынын толық айтуға болады. Ал бұл дағдарыс мектепке
психологиялық дайындықты білдіретін оқу мотивациясының пайда 
болуынан туындайды.
Сондықтан да диагностикалау бағдарламалары негізінен ережелі 
ойындар мен ойын тапсырмаларынан тұрады. Оларда жақсы нәтижеге 
жету үшін бала мұндай ойындарға жаттыққан болуы керек. Ал бұл 
зерттеліп отырған психикалық үдерістердің ойын іс-әрекеті жеткілікті
қалыптасқандығын дәлелдеп, оқу мотивациясының пайда болғанын 
болжауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет