Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектепке оқуға психологиялық дайындығын



Pdf көрінісі
бет119/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектепке оқуға психологиялық дайындығын 
диогностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына 
қойылатын талаптар
Мектепке психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты 
– мектепке бейімделе алмаудың алдын алу болып табылады. Осы 
мақсатқа сәйкес, соңғы уақытта түрлі сыныптар құрылуда. Олардың 
міндеті – оқытуда қайта мектепке дайын және дайын емес балалармен 
жеке қатынас жасауды іске асыру.
Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең 
алғаш рет шет елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол 
мектептік жетілу диагностикасы ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде 
мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді: 
- зияттылық
- эмоциялық 
- әлеуметтік
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін 
бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, 
аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды 


254
түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта 
жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдары мен сенсорлық 
координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы 
құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады. 
Эмоциялық жетілу деп негізінен импульстық реакциялардың
азаюы мен ұзақ уақыт тартымсыздау тапсырмаларды орындау
мүмкіндігін айтады. 
Әлеуметтік жетілуге баланың құрадстарымен қарым-қатынасқа
түсуге қажетсінуі мен өзінің іс-әрекетін балалар тобының заңдарына
бағындыра алуы, мектептегі оқу жағдаятының оқушы рөлін орындауға
қабілеті жатады.
Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын 
тесттер жасалады. 
Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, 
балалар практикалық психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық 
білуі керек.
Баланың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда 
мынандай мақсаттар болады:
1. оқу-тәрбие үдерісінде балаға дара қатынас жасаудың жолын 
анықтау үшін олардың психикалық дамуының ерекшеліктерін түсіну;
2. мектептегі оқуға дайын емес балаларды анықтау; бұл баланың 
мектепке бейімделе алмаушылығы мен үлгермеушілігінің алдын алуға 
бағытталған дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатын көздейді;
3. болашақ 1-сынып оқушыларын олардың «таяудағы даму 
аймағына» сәйкес сыныптарға бөлу; бұл әрбір балаға өзіне тиімді
режимде дамуға мүмкіндік беру мақсатын көздейді;
4. мектепте оқуға дайын емес балаларды бір жылға кейін оқуға 
шегеру; бұл тек алты жастағы балаларға қатысты.
Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауға арналған
әдістердің көптігіне қарамастан, психологтар бірқатар талаптарға 
жауап беретіндей.
1. тексеру өте ұзақ болуы керек; ол балаларды мектепке жазу
уақытының шеңберіне (сәуір-мамыр) енуі керек.
2. әдістемелер балалардың мектепке мотивациялық дайындығы 
туралы мәліметтер беру керек;
3. тексеру бағдарламасында баланың мектепке дайындығы туралы 
қажетті және жеткілікті компоненттер болуы керек.


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет