Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектепке психологиялық дайындықты диогностикалауды



Pdf көрінісі
бет120/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Мектепке психологиялық дайындықты диогностикалауды 
ұйымдастыру
Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындауды
ұйымдастыру әртүрлі болады. Оның неғұрлым сәтті жағдайы балаларды
сәуір-мамыр айларында балабақшада тексеру. Өйткені бұл уақытта
болашақ 1-сынып оқушыларына 5 жас 6 ай болады және ұсынылған 
тексеру бағдарламасын осы жастан ерте жүргізуге болмайды. 
Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын
психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі
туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей 
формада болу мүмкін:
Бала білуі керек:
1) үлгіні елестете алу;
2) ереже бойынша жұмыс істеу;
3) желілі суреттерді бірізді орналастырып, олар бойынша әңгіме
құрастыру;
4) сөздердегі жекелеген буындарды ажырату.
Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан іске асырылады 
немесе бала өте баяу жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан 
аяқталады. Мектепте де осылай жасауға болады.
Әңгімелесудің бірінші кезеңінде 1) «Үйшік» әдістемесінен 
жүргізеді. Оны 5 баладан топтармен жүргізіледі. 2) Әр баламен жеке 
жүргізілетін әдістемелер: «Оқушының ішкі позициясын» айқындауға
арналған эксперименттік әңгіме, «Ия және жоқ», «Дыбыстық 
жасырынбақ», «Танымдық немесе ойын мотивтерінің басылымдығын 
анықтау».
Бұл әдістемелерді мектеп психологымен қатар, арнайы 
дайындалған бастауыш сынып мұғалімдері де жүргізе алады. Бұл 
тексеру процедурасын айтарлықтай жылдамдатады. Айталық, 
мектепке 150-дей бала келуі керек. 1-сәуірден бастап балаларды 
тексеру аптасына 3 рет жүргізіледі. Мектепке хабарландыру ілініп, 
онда ата-аналар көрсетілген мерзімде (наурыздың ортасынан сәуірдің 
басына дейін) келіп, балаларын әңгімелесуге жаздырып кетуі керектігі
айтылады. Бір күнге 25 баланы жазуға болады. Оларды әр жарты сағат 
сайын 5 баладан қабылдап, 3 сағатта жұмысты аяқтауға болады. 
Әрбір балаға алдын ала әдістемелер бланкісі мен таза парақтар 
дайындалады. Бұлар зерттеушілерге сурет салу және оның жауаптарын 
тіркеу үшін керек.
Бірінші тексеру процедурасында 5 бала түрлі сыныптарға тарайды. 
Әр сыныпта психолог немесе бастауыш сынып мұғалімі «Үйшік» 


256
әдістемесінен басқа әдістемелерді жеке-жеке жүргізеді. Бір кабинет 
қана баланың аффективті-қажеттілік аясындағы танымдық немесе 
ойын мотивінің басымдылығын анықтауға бөлінеді. Бұл кабинет 
әдістемеде көрсетілгендей, арнайы ойыншықтармен жабдықталады. 5 
баланың бәрі жеке әңгімелесуден өткен соң, бір бөлмеге кіріп, топпен 
«Үйшік» әдістемесін орындайды. 
Осы тексерудің бірінші кезеңі біткеннен соң, балаларын тексерудің 
екінші кезеңіне, ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытқа жаздырып 
қояды. Бірінші және екінші рет тексеруде ата-аналар қатысып отырады. 
Тек екі әдістемеге: «Үйшік» пен «Танымдық және ойын мотивінің 
басымдылығын анықтауға» қатыспайды. Өйткені олар үйшіктің суретін 
салуда балаларды алаңдатуы мүмкін, ал мотивтердің басымдылығын 
зерттеуде кездейсоқ немесе әдейі сыбырлап айтып жіберуі арқылы 
баланың тыңдауына әсер етуі мүмкін. Ал қалған әдістемелерді 
жүргізуде ата-ананың қатысуы қажет те. Әсіресе бұл мектеп таңдауда 
өте керек (гимназия немесе тіл мектептерін).
Екінші әңгімелесудің алдында психолог ата-аналарға балаларының 
суретін (үйшіктің) және үлгіні салыстыра отырып жіберілген қатесін 
көрсетеді. Содан соң бірінші кезеңдегі өзге тапсырмаларды орындау 
нәтижесін естеріне салады. Тек осыдан кейін балаға «Етіктер» және 
«Оқиғалардың жүйесі» әдістемелері беріледі. 
Барлық тапсырмаларды орындап біткен соң, қажет болған жағдайда 
ата-аналарға қалған уақытта баланы мектепке қалай дайындау керектігі 
туралы ұсыныстар беріледі. 
Күрделі бағдарлама мен оқытатын сыныптағы дамуы жоғары 
балаларды айқындаған жағдайда, тексерудің екінші кезеңінде, 
мұғалімдердің шағын комиссиясы қатысуы керек (мүмкін болса 
логопед).
Ал тексеру балаларды іріктеу мақсатында болмай, оның психикалық 
даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында болса, комиссияның қатысуы 
міндетті емес. Онда тексеруді психолог қана жүргізеді. Баламен 
әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. 
Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төменделуіне 
көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет